Анатомия – 120 ом


Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функционалді маңызы



бет91/143
Дата25.09.2024
өлшемі0,91 Mb.
#145656
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143
Байланысты:
Анатомия – 120 ом-emirsaba.org

111. Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функционалді маңызы

Ми-жұлын сұйықтығы, liquor cerebrospinalis – жұлын мен мидың торлы қабығының астындағы spatium subarachnoideum және қатты қабық астындағы кеңістіктерді, spatium subdurale сонымен қатар, мидың барлық қарыншаларын және жұлынның орталық каналын соңғы цистернаға, cisterna terminalis-ке дейін толтырып жататын сұйықтық.

Ағып кету жолы:

-ми-жұлын сұықтығы торлы қабық түйіршіктері, granulationes arachnoidales немесе Пахионов түйіршіктері, granulationes Pachioni арқылы мидың қатты қабығының веналық қойнауларына сүзілу – фильтрация жолымен өтіп отырады және ішінара ми қабықтары жалғасатын нервтер қынабы арқылы лимфа жүйесіне өтеді.

Ми-жұлын сұйықтығын түзетін құрылымның сұйықтыққа кейбір заттектерді өткізбей қалатын қасиетінің болатындығы; оның бұл қасиетін гемато-энцефалық барьер деп атайды, яғни миды зиянды әсерлерден қорғауда үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, ми-жұлын сұйықтығы мидың бірқалыпты пішінде болуын, ми мен жұлынды механикалық ісерлерден қорғайтын, ми мен қан арсындағы трофикалық және заттек алмасуды, бас ішілік қысым мен су-электролиттік гомеостаздың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ми мен жұлынның бірқалыпты жұмыс атқаруына жағдай жасайтын арнайы ішкі орта болып табылады.

112. Аралық ми, бөлімдері, таламус аймағы: бөлімдері, қызметі.
Аралык ми, diencephalon, алдыңғы ми көпірінің, prosen­ cephalon, артқы бөлімінен дамиды.

Аралык мида екі аймақты: көз төмпесі аймағын, thalamus s. region thalamica, немесе көз төмпесі миын, thalamencephalon, және таламусасты, hypothalamus s. region subthalamica, ажыратады. Аралык мидың куысы үшінші карынша, ventriculus tertius cerebri.

Әрбір көрсетілген аймақтарда келесі бөлімдерді ажыратады.

Көз төмпесі аймағының, thalamus s thalamencephalon: а) меншікті көз төмпесі, thalamus б) төмпеүсті аймак немесе таламусүсті аймағы, epithalamus, және в) төмпеарты немесе таламусарты аймағы, metathalamus, кіреді.

Көз төмпесі, thalamus, аралык мидың бүйір, латералді қабырғаларынан дамитын ақ және сұр заттардан түзілген күрделі жиынтық. Оның медиалді беті үшінші карынша қуысына қарап, оның бүйір қабырғасын кұрайды; осы бетте regio thalamica-пы regio hypothalamica-дан бөлетін төмпеасты жүлге, sulcus hypotha­lamicus, кейін өтеді. Көз алдыңғы бетінде көз төмпесінің алдыңғы төмпешігі, tubercuІит төмпесінің anterius, бар; төмпешік пен сәйкес күмбез бағанасының, columna forni­cis, арасында карынша аралык тесік, fora­men interventricuIare, орналасады.

Арткы бетінде көз төмпесінің жастығы, pulvinar, бар, одан латералділеу және кішкене артында екі кішкене томпақ, иінді денелер, corpora geniculata, жатады; олар дамуына байланысты таламусарты, metath­alamus, аймағына жатады.

Көз төмпесінің сыртында сәл алға таман алдында жолакты дене, corpus striatum, жатады, ол ішкі капсуланың, capsula interna, ак затының жолағымен шектелген.

Көз төмпесінің жоғарғы беті бос жатып, бүйір карыншаның орталық бөлігінің төменгі қабырғасының учаскесін кұрайды.

Көз төмпесінің құрамына кіретін сұр зат көз төмпесінің ядроларын, nuclei thalamісі, кұрайды. Олардың ішінде: а) алдыңғы ядро, nucleus anterior thalamici (s. dorsalis), ол көз төмпесінің алдыңғы төмпешігінде орналасады;

б) ішкі немесе медиалді ядро, nucleus medialis thalami, таламустың медиалді бетінде жатады; в) сыртқы немесе латералді ядро, nucleus lateralis thalami, үш ядроның ішінде ең ірісі, алдыңғы және ішкіге қарағанда вентролатералді жатады. Сонымен қатар, коз төмпесінің жастығы калыңдығында жастык ядросы орналасады.

Корсетілген барлык ядролар, оздері бір-бірінен шектелген, сонымен бірге таламустың милык табақшаларының, lami­nae medullares, комегімен көлемі жағынан кіші бірнеше катар ядроларға болінеді. Осы табакшалардын ішінде көз төмпесінің сырткы және ішкі милық табакшаларын, laminae medullares interna et externa thalami, және де сырткы милык табакшасымен бірігіп, көз төмпесінің латералді жиегін шектейтін торлы кабатты ажыратады.

Жастық ядросы коз томпесінің үш аталмыш ядроларынан, nuclei thalami, шектелмейді.

Таламусүсті аймағы, epithalamus, кұрамына: а) томпақ дене, corpus pinealе, аралык мидың жоғарғы қабырғасының артқы учаскесінен дамиды; б) жүген, habenula, ол жүген үшбүрышынан, trigonum habenu­lae, және жүгендер дәнекеріне, commissura habenularum, кейін түрады; в) эпиталамустың арткы дәнекері, commissura epithalamica pos­ erior, кіреді. Аталған кұрылымдар үшінші қарынша қабырғаларының қүрамына кіреді.

Таламусарты аймағы, metathalamus, қүрамына иінді денелер, corpora geniculata, кіреді, медиалді иінді денелер, cor­pora geniculatum mediate, және латералді иінді денелерді, corpora geniculatum laterale, ажырататын жүп кұрылым. Олар үзынша сопақ төмпешік түрінде таламус жастығынан төмен және латералді жатады; олардың әрбіреуінде медиалді иінді дене ядросын, nucleus corporis geniculate medialis, және латералді иінді дене ядросын, nucleus corporis geniculati lateralis, түзетін сұр зат жиынтығы жатады.

Таламусасты аймағы, hypothalamus s. region subthalamica, аралык мидың алдыңғы төменгі учаскесіне сәйкес келеді, көз төмпесінен төмен төмпеасты жүлге, sul­cus hypothalamicus, астында жатады. Осы аймактың кұрамына кіретін бірнеше катар қүрылымдар мидың негізгі жағынан, оның аяктары арасында, көпірдің алдынан көрінеді. Оның кұрамына Емізіктәрізді денелер, corporae mamillaria, кіреді. Олардың әрбіреуінің қалыңдығында сүр заттың екі жиынтығы жатады, олардың біреуі ішке орналасып, емізік тәрізді дененің ішкі немесе медиалді ядросы, nucleus теdialis corporis mamillaris, екіншісі көлемі жағынан кіші, емізік тәрізді дененің сырткы немесе латералді ядросы, nucleus later­alis corporis mamillaris. Оларда ми күмбезі талшыктарының көп бөлігі аяқталады. Осы аймаққа таламусасты ядросын, nu­cleus hypothalamicus, жатқызады, ол артқы төменгі бөлімдерінде орналасып, сұр заттың өтіп кететін талшықтарының жиынтығын көрсетеді.

Сонымен қатар, таламусасты аймағында 32 жұп мөлшерінде ядролардың жиынтығы бар, олардың ішінде алдыңғы, ортаңғы, артқы топтарды ажыратады; олардың бір бөлігі мидың төменгі косалқысымен байланысқан; аталмыш топтар ядролары парасимпатикалык (алдыңғы ядролар) және симпатикалык (артқы ядролар) кызметтерді өзара қосады.

Таламусасты аймақтың көру бөлігі кұрамына: а) сұр төмпе, tuber сіпегеит; б) құйғыш, infundibulum, сұр төмпенің қабырғаларынан түзілген қуыстың ең тар бөлігі; в) мидың төменгі қосалқысы, hypoph­ysis cerebri, кіреді. Таламусасты аймактың осы бөлігіне кору киылысы, chiasma optiсит, кору жолы, tractus optici кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет