Анатомия – 120 ом



бет39/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   211
18.Төбе сүйегі, құрылысы.

Төбе сүйек, os parietale, ол бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын құраушы жұп қабыршақтық сүйек. Бұл сүйектің сыртқы пішіні жалпақ, төрт бұрышты келгендіктен: екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің тісшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.

1 .Алдыңғы немесе маңдайлық қыры, margo frontalis, тісшеленіп, тәждік жік, sutura coronalis, арқылы маңдай сүйекпен жалғасқан.

2.Артқы шүйделік қыры, margo occipitalis, да тісшеленіп, ламбда атты жік арқылы, sutura lambdoidea, шүйде сүйегі мен шектелген.

3. Сагитальды қыры, margo sagitalis, ол сагитальды жік арқылы, sutura sagitalis, екі жақтық бөлігі бір-бірі мен өзара шектелген.

4.Төртінші самайлық немесе қабыршақтық

қыры, margosguamosa, басқа қырларына қарағанда тегістеу келіп, қабыршақтық жік арқылы

самай сүйектің қабыршақтық бөлігі мен байланысқан.

Бұрыштары:

1.Маңдайлық бұрышы, angulus frontalis, ол төбе сүйектің мандайлық қыр мен сагитальды қырдың түйіскен жерінде орналасқан.

2.Сына сүйектің бұрыштары angulus sphenoidalis, олтөбе сүйектің мақдайлық қыры мен қабыршақтық қыры мен түйіскен жерінде орналасқан. Төбе сүйектің үлкен қанаты мен шектелген. Бұл бұрыштың ішкі бетінде қантамырлардың жүлгелері айқын байқалады.

3. Шүйделік бұрыш, angulus occipitalis, ол сагитальды қыр мен шүйделік қырдың түйіскен жерінде орналасқан.

4.Еміздіктікбұрышы, angulus mastoideus, ол төбе сүйектің қабыршақтық қыры мен шүйделік қырыныңтүйіскен жерінде орналасқан. Сонымен қатар төбе сүйектің дөңестеу келген сыртқы жэне ойыстау келіп, мимен беттесіп орналасқан ішкі беті ажыратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет