179.Несеп-жыныс үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.
Несеп – жыныс диафрагмасы (diaphragma urogenitalis) – несеп-жыныс аймағында;
Бұлшықеттері:
А) Беткей:
1. Шатаралықтың беткей көлденең бұлшықеті (m. transversus perinei
superficialis);
2. Буылтық-кеуек бұлшықеті (m. bulbospongiosus);
3. Шонданай-үңгір бұлшықеті (m. ischiocavernosus);
Б) Терең:
1. Шатаралықтың терең көлденең бұлшықеті (m. transversus perinei
profundus);
2. Несеп шығаратын өзектің сыртқы қысқышы (m. sphincter urethrae
externus);
Фасциялары (сырттан, яғни тері жақтан жамбас қуысына қарай есептегенде):
1. Шатаралықтың беткей фасциясы (fascia perinei superficialis) – тері
астында орналасқан, дененің жалпы беткей фасциясының бір бөлігі;
2. Жамбас диафрагмасының төменгі фасциясының беткей пластинкасы
(lamina superficialis fasciae diaphragmatis pelvis inferior) – бұл фасция m.
bulbospongiosus, m. ischiocavernosus et transversus perinei superficialis-тардың
сыртқы (төменгі) беттерін жауып жатады;
3.Несеп-жыныс диафрагмасының төменгі фасциясы (fascia
diaphragmatis urogenitalis inferior) немесе жамбас диафрагмасының төменгі
шандырының ортаңғы пластинкасы (lamina medii fasciae diaphragmatis pelvis
inferior) – несеп-жыныс диафрагмасының (diaphragma urogenitalis) беткей
және терең бұлшықеттерінің арасында орналасқан;
4.Несеп-жыныс диафрагмасының жоғарғы фасциясы (fascia
diaphradmatis urogenitalis superior) немесе жамбас диафрагмасының төменгі
шандырының терең пластинкасы (lamina profundа fasciae diaphragmatis pelvis
inferior) – бұл фасция m. transversus perinei profundus et m. sphincter uretrae
externus-тарды үстіңгі (жоғарғы) жағынан жауып орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |