46. Кәріжілік буыны, құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемі.
Кәрі жілік (radius) — шынтақ сүйекпен бірге білек қаңқасын құрайды. Кәрі жілік — ұзынша келген денеден (диафиз), жоғарғы және төменгі жілік бастарынан (эпифиз) тұрады.Кәрі жіліктің жоғарғы эпифизі шынтақ сүйек және тоқпан жілік бастарымен бірігіп, шынтақ буынын, ал төменгі эпифизі тізе (адамда — білезік) сүйектері және алдыңғы жіліншік (адамда - алақан) бастарымен бірігіп, тізе (адамда — білезік) буынын құрайды. Проксималды кәрі-шынтақ жілік буыны өзара буындасатын circumferentia articularis radii және incisura radialis ulnae деген буындардан тұрады, цилиндр тәрізді.Тоқпан жіліктегі буын қапшығы арт жағынан шынтақ шұңқырының үштен екі бөлігін, алдыңғы жағынан тәждік және кәрі жілік шұңқырларын қаусырап, айдаршық ұстілерін бос қалдырады. Ол ulnae де incisura trochlearis-тің жиегіне бекиді. Содан соң алдыңғы жағынан синовиалды қабықтың томпағын -recessus sacciformis тұзеді.Қапшықтың алдыңғы және артқы жақтары бос ол бүйір жақтарында көмекші байламдар болады.Сақинатәрізді байламның горизонталды жазықтықта вертикалды айналу білігіне перпендикуляр орналасуына байланысты байлам кәрі жіліктің қозғалысын осы білікті айнала бағыттап, айналу үшін кедергі келтірмей оны ұстап тұрады.Шынтақ буынындағы қозғалыстар 2 түрлі.Біріншіден, онда білек фронталды білік айналасында бүгіліп әрі жазылады. Бұл қозғалыстар шынтақ жіліктің тоқпан жілік шығыршығымен буындасқан жерінде іске асады, бұл кезде кәрі жіліктің де бойымен сырғанай қозғалады. Фронталды білік айналасында қозғалыс көлемі 140 градусқа тең. Екінші қозғалыс кәрі жіліктің вертикалді білікті айналуы түрінде тоқпан-кәрі жілік буынында, сондай-ақ проксималды және дисталды кәрі-шынтақ жілік буындарында жасалады, сөйтіп, бұлар үйлесімді айналмалы буындар болып табылады.Кәрі жіліктің төменгі шеті қол ұшымен байланыста болғандықтан олардың қимылы бір-біріне тәуелді. Кәрі жілік бұрыш жасай шынтақ жілігі қиып, ал қол ұшы сырт жағымен алға қараған қозғалысты пронация' деп атайды.Білектің 2 сүйегі де бір -біріне параллель онналасып, ал қол ұшы алақан жағымен алға қарай бұрылатын қозғалыс супинация деп аталады. Білек пронация мен супинациясы кезіндегі қозғалыс көлемі шамамен 140 градус.
Достарыңызбен бөлісу: |