Анатомия – 120 ом



бет124/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Томпақ дене (ми эпифизі), corpus ріпеаіе,(epyphysis cerebri) аралық мидың эпиталамусына жатады және ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктерін бір-бірінен бөлетін жүлгеде орналасады. Томпақтың алдыңғы ұшынан оң және сол таламустың (кору төмпешіктері) медиалді беткейіне жүгеншелер, habenulae, тартылған. Томпақ дененің пішіні көбінесежұмыртқатәрізді, ересек адамда салмағы 0,2г, ұзындығы 8-15 мм, ені 6-10 мм, калындығы 4-6 мм. III қарыншаның қуысына караған томпақ дененің негізінде ойыс орналасқан. Сыртынан томпақ дене кұрамында көптеген қантамырлардың анастамоздары бар дәнекер тінді капсуламен капталған. Капсуладан мүшенің ішіне карай дәнекер тінді шарбакшалар (трабекулалар) енеді де, томпак дененің ұлпасын үлесшелерге бөледі. Ұлпаның жасушалық элементтері саны жағынан коп мамандырылған безді жасушалар — пинеалоциттер (пинеоциттер) және аздау келген глиалді жасушалар (глиоциттер). Ересек және әсіресе карт адамдардың томпақ денелерінде кұмды денелер (милы құм) кездеседі.Томпақ дененің эндокринді рөлі: оның жасушалары жыныстық жетілуге дейін гипофиз әсерін тежейтін зат бөледі және зат алмасудың көбін реттеуге катысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет