Анатомия – 120 ом


Қалқанша безі. Қалқанша маңы безі құрылысы қызметі



бет125/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

94. Қалқанша безі. Қалқанша маңы безі құрылысы қызметі

Қалқанша без, glandula thyroidea, ішкі секрециялық бездердің ішіндегі ең ірі так без. Ол мойыннын алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында орналасқан. Бездің оң және сол үлестері,



lobus dexter et sinister, және қылтасы,

isthmusglandulae thyroidea, ажыратылады

Қалқанша бездің оң және сол үлестерін бір-бірімен жалғастыру-шы қылтасы, кеңірдектің II және III жартылай сақиналы шеміршегінің маңында орналасқан. Кейбір жағдайларда қалқанша без қылтасы кеңірдектін I шеміршегінің тұсында немесе жүзіктәрізді шеміршектің доғасында жатады. Кейде калканша без қылтасының мүлде болмауы жиі байқалады, мұндай жағдайда, калканша без үлестері дербес орналасады.

Қалканша бездің оң және сол үлестерінің жоғаргы полюстары көмейдің қалқанша шеміршегінің жоғаргы жиегінен кішкене төмен, ал төменгі полюстары кеңірдектің Ү-ҮІ шеміршектер деңгейіне жетеді. Қалқанша бездің артқы-бүйір беті жұткыншақтың көмей бөлігімен, өңештің бастапқы бөлігімен және жалпы ұйкы артериясының алдыңғы айналымымен жанасады.

Қалқанша без кылтасынан немесе бір үлесінен қалқанша шеміршегінің алдында орналасатын 30 % жағдайда кездесетін, пирамидалык үлес, lobus pyramidalis, тармакталады.Бұл үлестің ұшы тіласты сүйегінің денесіне жетеді.

Ересек адамдарда қалқанша бездін көлденең мөлшері 50-60 мм-ге жетеді. Қалқанша без қылтасының вертикалді мөлшері 5-15 мм-ге жуық, қалыңдығы 6-8 мм. Қалканшабездің максималді салмағы 30 жаста 25-30 г.50-55 жастан соң бездің мөлшері мен салмағы азаяды. Әйелдердің калқанша безінін

мөлшері мен салмағы ерлерге қарағанда үлкен.

Қалканша без қабырғасының құрылысы:Сыртқы, дәнекер тінді-фиброзды қабық(капсула), ол кеңірдек пен көмеймен бітіскен.

Соның әсерінен көмей кимылдағанда, қалқанша безде орнын ауыстырады. Бездің ішіне капсуладан дәнекер тінді қалқалар-шарбакшалар тармақталады, олар түйіншелерден құралған үлесшелерге бөледі. Түйіншелердің қабырғасы ішінен текше пішінді эпителиалді түйіншелік жасушалармен комкерілген, ал түйіншелердің ішінде қою сұйықтық-коллоид орналаскан. Коллоидтың кұрамында қалқанша без гормоны бар. Қалқанша бездің безшелік түйіншектік эпителийінің қызметі йодты жинау қабілетіне ие. Қалқанша без тінінде йодтың концентрациясы 300 есе көп, қан плазмасының қүрамына карағанда. Қалканша бездің қызметі нерв жүйесімен және гипофиздің алдыңғы үлесінің тиреотропты гормонымен қамтамасыз етіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет