105.Мидың дамуы , ми көпіршіктері, олардың туындылары қалдық қуыстар
Құрсақтық дамуда ең алдымен нерв түтігінің алдыңғы бөлімінен- ми дамиды. Дамудың 3-аптасында ми үш бөлікке бөлінеді. Алдыңғы- prosensephalon, артқы- mesensephalon, ортаңғы- rhombencephalon ми көnіршіктері түзіледі.
Дамудың 5-ші аптасында алдыңғы ми көпіршігі 2-ге бөлінеді, олардан соңғы – telencephalon және аралық- diencephalon ми дамиды. Артқы ми көпіршігі екіге бөлініп, сопақша ми- myelencephalon мен меншікті артқы- metencephalon дамиды. Осылай мидың 5-көпіршігі дамиды.
Бүйір қарыншалар (Ventriculi lateralis)- симметриялы. Алдыңғы ми көпіршігінің алдыңғы бөлігінің және соңғы мидың қуысының туындысы. Оның 4 бөлімі бар:
1) орталық бөлім(pars centralis) – төбе үлесінде;
Жоғарғы қабырғасы- сүйелді дене corpus callosum , түбі – құйрықты ядроның денесі, corpus nuclei caudati , көру төмпешігі thalamus және күмбез Fornix.
2) алдыңғы мүйіс (cornu anterius) - маңдай үлесінде;
Медиалды қабырғасы- мөлдір аралық septum pellucidum,
Латериальды қабырғасы – құйрықты ядроның басы caput nuclei caudati,
Алдыңғы, төменгі, жоғарғы қабырғалары: сүйелді дененің тізесі және аймағындағы мандайлық қысқыштар forceps frontalis.
3) Артқы мүйіс (cornu posterius)- шүйде үлесінде;
Жоғарғы және латериальді қабырғасы- сүйелді дененің буылтығы splenium corpus callosi аймағында орналасқан шүйделік қысқыштар- forceps occipitalis;
Басқа қабырғалары- ақ заттегі (шүйде үлесінденің кілемі – tapetum )
4) төменгі мүйіс (cornu inferius)- самайда.
Латериальды және медиальды аймағы- кілемнің самайлық бөлігімен жалғасқан ақ заттегі.
Медиальді қабырғасы – hippocamp- пен түзілген.
Достарыңызбен бөлісу: |