9.Жазба сөздің қозғалыс анализаторы ортанғы маңдай қатпарының артқы бөлімінде, орталық алдындағы қатпардың жанында орналасады.
109. Комиссуралді және ассоциативті талшықтар туралы түсінік. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы дәнекер, ішкі капсула: құрылысы, функционалді маңызы
Комиссуралді және ассоциативті талшықтар туралы түсінік. Сүйелді дене, күмбез,алдыңғы дәнекер, ішкі капсула: құрылысы, функционалді маңызы.
Сүйелді дене corpus collosum –кішкене жалпайған және ұзартылған пішінді,ұзындығы7-9см,ақ түсті құрылым.Ми сыңарларын ақ затпен байланыстырғаннан кейін ми сыңарларының жаңа бөлімдерінің дәнекері commissura neopalli болып саналады.Сүйелді дене бойлық жүлгеде терең орналасқан.Сүйелді дененің бөлімдерін ажыратамыз:
-төбе табақшасының lamina tecti үстілерінен салбырап тұрады.
Сүйелді дене жоғарғы бетінде сұр заттың жіңішке сұр жамылғысы indusium griseum corporis callosi ,олар бойлық бағытта жүріп,4 буылтық түзеді.Екі медиалды бойлық жолақ және латеральды бойлық жолақ ажыратылады.
Ми күмбезі-бойлық талшықтардан құралған өте иірімді тартпа.Топографисы:күмбез денесін corpus fornicis,күмбез аяқшаларын crusa fornicis,күмбез бағаналарын columnae fornicis ажыратамыз.
Күмбез денесі –ортаңғы бөлік пен сүйелді дене астында жатады,пішіні-үш жақты призма тәрізді.
-алдыңғы беті мөлдір қалқанына septum pelliucidum тұтасады