Анатомия – 120 ом


Бауыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы. Бауыр-12 ішек жалғамасының құрамы



бет173/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

142.Бауыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы. Бауыр-12 ішек жалғамасының құрамы.

Бауыр, латынша һераг, адам организміндегі үлкен көлемді, жұмсақ, қызғылт түсті безді мүше. Нераг, оң қабырға астында орналасқан. Бауырда дөңестеу келген facies diaphragmatica, төмен және артқа қарап орналасқан facies visceralis; сүйір margo inferior; доғалау келген margo posterior ажыратылады. Бауырдың facies d ia ­ phragmatica дөңестеу келген, жоғарыға және алға қарап, көкеттің ойыс төменгі бетімен беттесіп орналаскан. Бауырдың көкеттік беті lig.falciformehepatis арқылы үлкендеу келген оң үлеске, lobus hepatis dexter, кіші сол үлеске lobus hepatis sinister, бөлінеді. Бауырдың висцералді беті, facies visceralis, алға және төмен карап орналасқан. Висцералді беті жалпақ пішінді, сырттан қарағанда “Н” ұқсаған үш салалары бар. Көлденең саласының бойында бауырға кіріп шығатын анатомиялық құрылымдары бар бауыр қақпасы, porta hepatis, және сагиталді орналасқан оң және сол екі саласы бар. Бауыр қақпасы, porta hepatis, аркылы бауырға: меншікті бауыр артериясы, нерв, қақпа венасы кіреді, кері бағытта лимфа тамырлары мен өт жолы шығады. Сол бойлық саланың алдыңғы қапталында ligamentum teres hepatis орналасқан. Бұл байлам кіндік венаның, v. umblicalis, қалдығы болып есептеледі. Сол саланың артқы жағында lig. venosum, орналасқан.

Lig. venosum жас нәресте туылғаннан кейін бітісіп байламға айналған, төменгі куыс вена мен кіндік венаның аралық қоспа венасы болып саналады. Бауырдың оң бойлық саласы, өтқуық щұнкыры, fossa vesicaefellae, мен төменгі қуыс венаның, fossa cava inferior, батыңқысы болып саналады. Бауырдың сол бойлық саласы, бауырдын төменгі бетіндегі он үлесі, lobus hepatis dexter, мен сол үлесінің, lobus hepatis sinister, шекаралық сызығы болып саналады. Бауырдын томенгі бетіндегі үш сала аркылы бауырдын он үлесі: шаршы үлеске, lobus quadratus, құйрыкты үлеске, lobus caudatus, және меншікті оң жақ үлеске бөлінеді. Бауырдың алдыңғы және арткы жиектері ажыратылады. Бауырдың алдыңғы жиегі, margo anterior, сүйір, алға және төмен қарап орналасқан. Алдыңғы немесе төменгі жиегінің оң жақ бөлігінде өтқуықтың тілігі, incisura vesicalis, орналаскан, бұл жиектін сол болігінде тереңдеу орналасқан бауырдың жұмыр байламынын тілігі, incisura ligamenti teretis орналасқан. Бауырдың артқы жиегі доғалау келген. Бұл жерде, томенгі қуыс вена мен омыртқа бағанасының батынкылары айқын байқалады. Бауырдың жоғарғы бетінде жүрек батынқысы, impressio cardiaca орналаскан, висцералді бетінің сол үлесінің төменгі бетінде: өңештік батыңқы, impressio esophagea; бауырдың шаршы үлесінің томенгі бетінде он екі елі ішектің батыңқысы, impressio duodenalis, орналаскан. Бауырдың оң үлесінің томенгі бетінде оң бүйректің батыңқысы, impressio renalis, және бүйрекүстілік бездің батыңкысы, impressio suprarenalis; жиек ішектік батынқы, impressio colica, орналасқан.

Бауырдың фиксациясы келесі факторларға тікелей байланысты:

ішастармен жауып орналаспаған жеріндегі бауырдын дәнекер тінді кабықшасына;

-бауыр веналарына, vv. Hepaticae

-құрсак куысының кысымына;

-бауырдын тәждік байламына, ligamentum coronarium hepatis; бауырдын он жэне сол үшбұрышты байламдарына, ligamenta triangularia, жэне орақтәрізді байламдарға.

Бауырдың функциясы:

1. Асқорыту безі ретінде өтті түзетін жалғыз ағза және өт шығарушы түтіктер арқылы өтті он екі елі ішекке өткізеді;

2. Ас қорыту жолдарынан сіңірілген улы заттарды қақпа веналық жүйе арқылы бейтараптандырады

3. Ас қорыту жолдарынан сіңірілген генетикалық бөгде заттардан босатады.

4. Бауыр барлық зат алмасуға қатынасады:

5. Эмбриогенезде бауыр қан жасаушы ағза ретінде өте маңызды қызмет атқарады. Бауыр-он екі елі ішек байламы lig. hepatoduodenale.

Ол қақпа венасы (v. portаe) –жалғаманың толық артқы бөлімінде жатады;

-жалпы өт түтігі (ductus choledochus) – алдыңғы оңжақта орналасқан.

Бауыр -он екі елі ішек байламының (lig. hepatoduodenale) құрамынабауырдың жалпы түтігі мен өтқуық түтігі де кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет