11.Жамбас сүйектері. Жамбас тұтас. Жыныстық және жас шамалық
ерекшеліктері. Әйел жамбасының өлшемдері
Жамбас сүйектері – os coxae – мықын, шат, шонданай 3 сүйектен тұрады. Адам 14-16ға келгенде, бұлар – тұтас бір сүйекке айналады.Осы 3 сүйек қосылған жерде ұршық шұңқыры – fossa acetabuli құрайды. Ұршық шұңқыры – limbus acetabuli төменгі бөлігінде ұршық шұңқырының тілігімен – incisura acetabli шектеледі. Түбі – ұршық шұңқыры перефирияясында жарты ай тәрізді буын бетімен – facies lunata шектеседі.
Екі жақ жамбас сүйегі алдыннан бір-бірімен шат сүйегінің қасағасы – symphysis pubis арқылы қосылады. Ал, артында сегізкөз-жамбас буыны арқылы қосылады, буындасады.
Достарыңызбен бөлісу: |