Анатомия – 120 ом



бет21/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Мықын сүйегі – os ilium – жамбас сүйектерінің ішіндегі ең үлкені, оның жуан бөлігі – денесі – corpus ilium, ал жалпақтанып жайылған бөлігі – қанаты – ala ossis iliaca деп аталады. Осы екеуі бір-бірінен ішкі бетінде доға тәрізді сызықпен – linea arcuate бөлінген. Қанатының жоғарғы жағы кеңейіп мықын сүйегінің қырқaсы – crista iliaca шығады, латынның S әрпіне ұқсас және бұл жерге бұлшықеттер бекиді. Осы қырқаның ішкі бетінде қырқаның ішкі еріні – labium interna, ал сыртқы бетінде қырқаның сыртқы еріні – labium externa, екеуінің арасында қырқаның аралық сызығы linea intermedia өтеді. Артқы қапталында артқы жоғарғы қылқаны – spina iliaca posterior superior, төменірек артқы төменгі қылқаны - spina iliaca posterior inferior бар, осылардан бұлшықеттер бастау алады.

Мықын сүйектің қанатының ішкі бетінің алдыңғы бөлігі ойыстау, мықын сүйегінің шұңқырын – fossa iliaca құрайды. Осы ойыстың төменгі бөлігі мықын сүйегінің денесінен доға тәрізді сызықшамeн –linea arcuata шектеседі. Артқы жағында сегізкөз сүйегіне қараған сегізкөз-жамбас беті – facies sacropelvina, төменірек құлақ қалқанына ұқсайтын буын беті - facies auricularis бар. Құлақ қалқаны буын бетінің жоғарғы бөлігінде мықын сүйегінің бұдыры – tuberositas iliaca байқалады. Мықын сүйегінің қанатының сыртқы бетінде, бөкселік бетінде –facies glutea, бөкселік бұлшықеттер бекитін бұдырлы бөкселік сызықтары бар. Олар: төменгі бөкселік сызық – linea glutea inferior, алдыңғы бөкселік сызық - linea glutea anterior, артқы бөкселік сызық - linea glutea posterior. Мықын сүйегі меншат сүйектерінің шекарасында мықын-шат төмпешігі – eminentia iliopubica бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет