Анатомия – 120 ом


Мойын омыртқасы – vertebrae servicalis



бет3/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Мойын омыртқасы – vertebrae servicalis – саны 7. Олардың көлемі салмақ түсуге байланысты жіңішкеден жуандай береді. Мойын омыртқалары: негізгі (С3-С7) және жалған (С1-С2)болып бөлінеді.

Құрылысы: 1 омыртқада – атлант – atlant – денесі жоқ. Алдыңғы және артқы доғадан – arcus anterior, posterior құралған. Алдыңғы доғада төмпешігі – tuberculum anterior орналасқан. Артқы омыртқа тесігіне қараған беті ойыстау, 2-ші омыртқаның тіс тәрізді өсіндісі беттесетін – буындық шұңқыршасы – fovea dentis орналасқан. Артқыдоғаның сыртқы бетінде артқы төмпешік – tuberculum posterior болады. Бүйір бөліктері – massa lateralis бар. Сонымен қатар жоғарғы буындық беті – facies articularis superior бар. Төменгі буын өсіндісі жоғарғы буын өсіндісіне қарағанда сақталған. Омыртқаның қабырғалық және көлденең өсіндісі бірігіп – көлденең өсіндінің тесігін – foramen processus transversus құрайды.

ІІ мойын омыртқасы, біліктік омыртқа – axis. Ол бірінші омыртқамен қосылып, бастың бұрылуына мүмкіндік жасайды. Ерекшеліктері: денесінің жоғарғы жағында тіс- dens орналасқан. Алдыңғы және артқы буындық беттері – facies articularis anterior et posterior ажыратамыз. Соныменбірге жоғарғы және төменгі буын өсінділері – processus articularis superior et posterior бар. Арқа өсіндісі – processus spinosus – ұзындау және ұшы екіге айырылған.

VII мойын омыртқасы, шығыңқы омыртқа– vertebrae prominens. Басымызды алға қарай иге кезде тері қатпарынан шығып көрініп тұрады.Денесі – corpus vertebrae –басқа мойын омыртқаларының денесіне қарағанда үлкенірек. Арқа өсіндісінің - processus spinosus – ұшы айырылмаған. Көлденең өсіндісі – processus transversus –ұзындау, оның тесігі - foramen processus transversus өте тар, кейде бітісіп орналасады. Практикалық маңызы зақымдалған омыртқа деңгейін анықтау үшін керек.

Қалған омыртқалар құрылысы бір-біріне ұқсас болып келеді.

Басқа омыртқалардан ерекшеліктері: көлемі кіші, көлденең өсіндісінде тесік болады, денесі басқалардан кішкене және сопақша.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет