Анатомия – 120 ом


Бас сүйегі төбесінің сүйектері: маңдай, құрылысы



бет37/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

16.Бас сүйегі төбесінің сүйектері: маңдай, құрылысы.

Маңдай сүйегі – os frontaleқабыршақтан, жұп көз және мұрын бөлігінен құралған.

Қабыршақ бөлімі – pars squamosa – маңдай үйектің ең үлкен бөлігі, маңдайлық жікпен – sutura metatopica қосылған 2 жартыдан тұрады. Сыртқы беті – facies externa дөңес, ал ми сауытына қараған беті – facies interna seu facies cerebralis ойыстау және бұдырланған. Қабыршақтың оң және сол бөлігінде маңдай томпағы – tuber frontale, ал олардан төменірек қас доғасы – arcus superciliaris орналасқан. Маңдай томпағы мен қас үсті доғасының аралығында кеңсірік үсті жазықтық – glabella орналасқан. Қабыршақтық бөліктің сыртқы беті көз ұялық бөліктен жұп көз ұяның жоғарғы жиегі- margo supraorbitallis бөлінген, оның ортасында тұрақсыз көзұяның жоғарғы тілігі – incisura supraorbitalis түзіледі. Ішке қарай маңдайлық тілік – incisura frontalis орналасады. Ішкі бетінде милық қатпарлардың іздері – артериялық жүлгелер – sulci arteriosi және оның арасында маңдай қырқасы – crista frontalis орналасады, ол жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгесіне – sulcus sinus sagittalis superioris өтеді. Қырқаның бастамасында соқыр тесігі – foramen caecum бар. Маңдай сүйектің төменгі бөлімдері латеральды бағытта сүйірленіп, бет сүйектік өсіндіге – processus zygomaticus өтеді. Бет сүйектік өсіндінің жоғарғы жағында самайлық сызық – linae temporalis айқын көрінеді.

Көз ұялық бөлігі – pars orbitalis – төртбұрыш пішінді сүйектік табақша, көз ұялық және милық беті бар. Көзұялық беті – facies orbitalies – көзұяға қарайды және тегіс болады. Оның алдыңғы-бүйір қапталында көз жасы безінің шұңқыры – fovea trochlearis орналасқан. Милық беті – facies cerebralis – бас сүйек қуысына қарайды. Ішінде іздер көрініп тұрады: милық батыңқылар – impressiones gyrorum, саусақ батыңқылары – impressions digitatae, милық көтеріңкілер – juga cerebralis көрінеді.

Мұрындық бөлігі – pars nasalis – көз ұялық тор сүйектіктік тіліктің алдында, қабыршақтық бөлік пен көз бөліктерінің түйіскен жерінде доға тәрізді иіліп орналасады. Оның алдында мұрындық қылқан – spina nasalis – орналасқан. Қылқанның ұшы үшкір, бүйр қабырғалары қысыңқылау және жалпақтау келген. Мұрындық қыры – margo nasalis – өсіндінің алдында және бүйір қапталында доға тәрізді иілген. Мұрындық қылқан мен торлы тілік жиегінің екі жағы арасында маңдай қойнауының апертурасы – aperture sinus frontalis орналасқан. Ол маңдай қойнауының – sinus frontalis –оң және сол жақ жартысына апарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет