Оқшаулау-салу жұмыстары
1.Оқшаулау-салу жұмыстарына түсінік
2.Оқшаулау-салу жұмыстарының технологиясы
Монтаждау-пісіру жұмыстарының аяқталуғаннан кейін құбыр желісінің бетін тоттан, қабыршақтан және ластанулардан тазалайды. Егер құбыр желісінің беті қорғау жақпамен майланса, ол қабатта тазартылады.
Трассадағы құбыр желісінің тазаланған бетінің сапасы (немесе базалардағы секциялар және жекелеген құбырлар) белгілі бір дәрежеде құбыр жолына жағылатын коррозияға қарсы қорғаныш оқшаулау ұзақтығына әсер етеді.
Тазаланған бетте коррозияның белсенді ошақтары және қабатталатын бөлшектер, әсіресе дымқыл тот қалмауы тиіс. Бұл құбырдың бетімен оқшаулау қабатының ілінісуін жақсартады, оған ылғал өтіп, жабынды бұза алатын (топырақ электролиті) оқшаулау және құбыр арасындағы түзілулерге қуыстардың пайда болуына кедергі келтіреді.
Көбіне беттің талап етілетін тазалығы және тазалау тәсілі қолданылатын оқшаулау түрімен анықталады — битумдық, пластмасса, шыны эмаль және т.б. Құбыр желілерінің сыртқы бетін оқшаулауды жасар алдында тазалау әр түрлі тәсілдермен орындалады, олардың маңыздыларының бірі — механикалық, эрозиялық, құм ағынды немесе бытыратқыш (бытыра ағынды), термиялық, химиялық және ультрадыбыстық тазалаулар.
Барлық тәсілдерден барынша және жаппай таралғаны құрылысмонтаждау жұмыстарының өндірісі процесінде трассада арнайы өзі жүретін тазалау машиналары орындайтын құбыр жолдарын тазалаудың механикалық тәсілі.
Жер асты және жер үсті құбыр желілерінің оқшаулау жабындары екі типке бөлінеді: қалыпты және күшейтілген. Қалыпты типті жабындар, келесі ерекшеліктерді қоспағанда барлық жағдайларда қолданылады:
− барлық құбыр желілерінің диаметрі 1000 мм және одан артық;
− кез келген құбыр жолдары 50- параллелге оңтүстікке қарай;
− барлық тұзды топырақтарда және жерлерде;
− лайлы топырақтарда; жерасты өткелдерінде, соның ішінде өзен алқаптары; − темір және автомобиль жолдары арқылы өтулерде;
− сорғылық және компрессорлық станциялардың аумақтарында;
− 40°С артық тасымалданатын өнім температурасы бар құбыр желілерінің учаскелерінде;
− 1000 м және одан аз қашықтықтағы су қоймалары, көлдер, каналдар, өзендер бойымен төселетін сұйытылған газ құбыр жолдары, мұнай құбыр жолдары, мұнай жолдары учаскелеріне.
Осы жағдайларда алдымен күшейтілген типті оқшаулау тағайындалады. Қазіргі уақытта магистралды құбыр жолдары үшін негізінен полимерлік және битумдық материалдардан жабындарды қолданады.
Жабындардың қорғаныш орамалары ретінде қалыңдығы кемінде 0,5 мм полимер қабаттарды қолданады.
Жабын типі айдалатын өнімнің температурасы және құбырларының диаметріне байланысты. Шартты диаметрде Dy=800 мм және есептік температурада 40°С дейін айдалатын өнімді битумды негізде де, сондай-ақ полимерлік материалдардан да қолдануға болады. Бұнда Dy>800 мм және 40°С артық температурада битумдық мастикаларды қолдануды жобалау ұйымы негіздеуі тиіс.
Егер айдалатын өнімнің температурасы 70°С асса, онда әдеттегі полимерлік материалдардан жабындарды қолдануға болмайды, себебі осындай температурада олар тез бұзылады. Осындай жағдайларда тасты бұрышты пек, силикат эмальдар негізінде жабындарды қолдануға болады. Оқшаулау-салу жұмыстарының технологиясы
Құбыр құрылысында оқшаулау-салу жұмыстарының екі негізгі сұлбасын қолданады: біріктірілген және жеке.
Біріктірілген сұлбада (2.17-сурет) құбырлар бетін оқшаулау және орға оларды салу біруақытта жүзеге асырады, бөлекте (2.16- сурет) –бір-бірінен тәуелсіз.
Оқшаулау-салу жұмыстарының біріктірілген сұлбасы (2.17-сурет). Оқшаулау-салу жұмыстарын жобалық профильде орды қазу және үздіксіз жікке құбырды пісіргеннен кейін өткізеді. Құбыр жолына тазалау (ТМ) және оқшаулау (ОМ) машинасы кигізіледі, ТМ және ОМ-мен белгілі бір тізбекпен және бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан құбыр төсегіштермен көтереді және оны орға түсіреді.
Ерекше назарды талап ететін шарттар, мыналар болып табылады: өтпелі учаскенің осындай нысанын жұмыс процесінде сақтау, онда құбырлардағы кернеу құбырлар материалының серпімді өзгерулерін ғана қамтамасыз ететін мәндерден аспайды;
ордың түбіне құбырлардың жанасу сәтіндегі оқшаулау оны зақымдаусыз топырақтың реактивті қысымын қабылдау үшін жеткілікті механикалық беріктікке ие болуы тиіс;
құбыр жолын көтеру, ауыстыру және түсіру, крандардың жүк көтергіштігі және саны, сондай-ақ оларды орналастыру олардың сызықтарының бойлық тұрақтылығы және крандардың жалпы тұрақтылығын жоғалту мүмкіндігін жоюы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |