19. Самай сүйегі, құрылысы
Самай сүйек, os temporale, ми сауытының негізі мен қақпағының бүйір қабырғасын құрауға қатысушы, құрылысы күрделі жұп сүйек.Бүл сүйектің құрылысының күрделі болу себебі: терең қабатында есту, тепе-теңдік органдардың және ішкі ұйқы артерияның, бет ми нервінің және дабыл-жұтқыншақ атты өзекшелер орналасқандықтан.
Самай сүйегі, топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты: қабыршақтық дабыл және тастақты немесе пирамида тәрізді бөліктерге бөлінеді.
I. Самай сүйектің қабыршақтық бөлігі, pars sguamosa, сыртқы пішіні жалпақ, сагитальды жазықтықтың бойында орналасқан табақша. Қабыршақтық бөліктің сыртқы және ішкі ми сауытына қараған беті ажыратылады.
а) Қабыршақтық бөліктің сыртқы беті тегістеу және дөңестеу келген. Бұл бетінің артқы қапталында: вертикаль бағытта орналасқан орталық самайлық артерияныңжүлгесі, sulcus arteriae temporalis media, төменірек өзара бірбірімен жалғасып, сагиталь жазықтықтың бойында, доға тәрізді иілген төменгі самайлық сызықша, lineae temporalisinfenior, орналасқан.Сыртқы бетінің жоғарғы бөлігінің алдында сыртқы есту тесігі porus acusticus externus, алдында бетсүйектік доғаны, arcus zygomaticus, құраушы бетсүйектік өсінді, processus zygomaticus, орналасқан. Ол еміздік үсті қырқаның, crista supramastoidea, тікелей жалғасы болып саналады. Бетсүйектік өсінді, қабыршақтық бөліктің сыртқы бетінен басталып жалпақтау болып, одан әрі ұшы алға қарай өтіп, сүйірленіп орналасқан. Бұл өсіндінің ұзындау келген жоғарғы қыры және қысқалау келген төменгі қыры және сыртқы, ішкі беттері ажыратылады. Бетсүйектіктік өсіндінің тісшеленген ұшы тісшеленіп, бетсүйектің самай сүйектікөсіндісі мен самай — бетсүйектік жік, sutura temporozygomatcia, арқылы бірігіп, бетсүйектік доғаны, arcus zygomaticus, құрайды. Бетсүйектік өсіндінің басталар жерінің төменгі бетінде көлденең багытта, сыртқы пішіні сопақша төменгі жақтық шұңқыр, fossa mandibularis, айқын орналасқан. Бұл ойыстың тас-қабыршақтық саңылауға, fissura petrosquamosa, дейінгі алдыңғы бөлігі, самай төменгі жақ буынының буын бетін құрауға қатысады. Төменгі жақтық ойыстың алдында буындық төмпешік, tuberculum articulare, орналасқан. Сонымен қатар, самайсүйектің қабырш ақтық бөліктің сыртқы беті самай атты ойыстың ішкі қабырғасын құрауға қатысады.
б) Қабыршақтық бөліктің ми сауытына караран беті, facies cerebralis, ойыстау және бұдырлы келген. Бұлбетте: ми қатпарының саусақ іздеріне ұқсап орналасқан батыңқылары , impressiones digitatae, аралығындағы ми көтеріңкілері, ортаңғы ми қабықшасы артериясыныңжүлгесі, sulcus arteriosi, айқын байқалады.
Сонымен қатар, қабықшалы бөліктің екі жиегі немесе жиектері ажыратылады.
а) Алдыңғы-төменгі қыры немесе сына сүйегімен шектесетін жиегі, margosphenoidalis. Ол тісшеленіп сына сүйектің қабықшалы бөлігімен сына-қабықшалы жік, sutura sphenosquamosa, арқылы байланысқан.
ә) Жоғарғы-артқы жиегі немесе төбе сүйегімен шектесетін жиегі, margo parietalis, алдыңғы және төменгі жиегіне қарағанда ұзындау және жұқалау келген. Ол төбе сүйегі мен қабықшалы жік, sutura parietosphenoidalis, арқылы шекттелген.
Достарыңызбен бөлісу: |