Көзжас сүйегі, os lacrimale, көз шарасының медиальды қабырғасының алдыңғы қапталында орналасқан жұп сүйектерден тұрады. Сыртқы пішіні төрт қырлы болып келген. Бұлсүйектіңтөрт қыры және екі бетіажыратылады. Қырлары:
1) Жоғарғы қыры: маңдай сүйектің көз бөлігі мен маңдай-көзжастық жіктер, sutura frontolacrimalis, арқылы шектеседі.
2) Артқы қыры: тор сүйектіңлабиринтінің көз шарасына қараған табақшасы мен торсүйектік көзжас жігі, sutura ethmoidolacrimalis, арқылы шектелген. 3) Төменгі қыры: жоғарғы жақ сүйегінің кез шарасына қараган беті мен көзжас-жоғарғы жақтық жік, sutura lacrimomaxillaris, арқылы шектеседі.
4) Алдыңғы қыры: жоғарғы жақ сүйегінің маңдайлық өсіндісі мен көзжас-жоғарғы жақтық жігі, sutura lacrimomaxillaris, арқылы шектеседі.
Тіласты сүйегі, os hyoideum, сыртқы пішіні таға тәрізденіп, мойын аумағына төменгі жақпен көмекейдің аралығында орналасқан. Арық адамдарды сипап қарағанда, айқын байқалатын дара сүйек.Топографиялық орналасуына қарай: денесінен үлкен кіші мүйізшелерінен тұрады. 1. Тіласты сүйегі денесі, corpus h yoideum 2. Үлкен мүйізшесі, соти majus 3. Кіші мүйізі, cornu minus.
Достарыңызбен бөлісу: |