Мұрын сүйегі, os nasalis, жұп сүйектердің қатарына жатады. Бұл сүйектің медиальды қырлары өзара бір-бірімен беттесіп, мұрынның сүйектік қырын құрайды. Мұрын сүйегінің сыртқы пішіні жалпақ, төрт қырлы, ұзындығы еніне қарағанда ұзындау келген. Жоғарғы қыры енсіз және қалыңдау келген. Ол маңдай сүйегінің мұрын бөлігі мен жоғарғы жақ сүйегінің маңдайлық өсіндісінің алдыңғы қырымен өзара байланысқан.Алдыңғы немесе сыртқы беті тегістеу және қантамырлар мен нервтер арқылы тесіктелген.Артқы беті немесе мұрын қуысына қараған беті ойыстау келген. Мұнда алдыңғы торлы нервтердің саласы, sulcus ethmoidalis anterior, айқын орналасқан. Мұрын сүйектері бір-бірімен аралық жік, sutura internasalis, арқылы байланысқан. Сонымен қатар, мұрын сүйегінің ішкі беті тор сүйектің перпендикулярлы табақшасымен бетгесіп, мұрын сүйегінің сүйектік, аралық қабырғасын құрауға қатысады.