Анатомия – 120 ом


Жамбас ұршық буыны, articulation coxae



бет82/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Жамбас ұршық буыны, articulation coxae, шар тәрізді пішінді келетін, аяқтың еркін қозғалатын сүйек буындарына жататын және үш біліктен айнала қозғалатын буын түрі болып келеді. Ұршық буыны, articulatio coxae, жай буын түріне жатады. Ұршық буыны негізі буынның басынан, ортан жіліктің басынан, caputossis femoris, буын ойысы және де ұршық ойысынан, fossa acetabuli тұрады. Буын бетінің сыртқы формасына байланысты үш білікті, шар тәрізді немесе жаңғақ тәрізді буын түріне кіреді. Буындардың беттері сәйкес келгенімен, буын ойысы, буындық ерінмен, labrum acetabulare, және буын ойысының көлденең байламы, lig.transversum acetabuli арқылы жалғанған. Буындардың беттері гиалин арқылы жабылған. Буын қапшықтарының өзі, capsula articularis тығыз келген дәнекер тканмен қалыптасқан. Ол, жамбас сүйегінің буындық ерінінің сыртқы бетінен басталып, ортан жіліктің алдында ұршық аралық сызықшаның бойына барып бекісе, артында ортан жіліктің ұршық аралық қырқасына жетпей барып бекиді. Буын қапшығының алдыңғы және артқы қапталы бос орналасқан. Ұршық буынының байламдары буынның сыртқы және ішкі бетінде орналасқан байламдарға бөлінеді.

Буын қапшығының сыртқы бетінің байламдары:

1. Мықын-сан байламы, lig.iliofemorale. Ұршық буынының алдыңғы бетінде орналасып мықын суйегінің алдыңғы жоғарғы қылқанынан басталып, томен және латералды бағытта өтеді де, ортан жіліктің ұршық аралық сызықшасына бекиді. Қызметі: ұршық буынының жазылуын тежеп, денені тік ұстау.

2. Қасаға-сан байламы, lig.pubofemorale. Ол шат сүйегінің денесімен және оның жоғарғы бұтағынан басталып, томен және артқа қарай бағытталып ортан жіліктің ұршық аралық сызықшасына бекиді. Қызметі: жамбас буынының дұрыс қозғалуын реттеу.

3. Шонданай-сан байламы, lig.ischiofemorale, ол, шонданай денесінің алдыңғы бетінен басталып алға қарай бағытталады да буын қапшығымен бітісе жалғасып ортан жіліктің, үршық аралык қырқасына crista intertrochanterica, барып бекиді. Қызметі: ұршық буынының алға қарай қатты иілуін, қозғалуын т ежеу .

4. Дөңгелек аймақ, zona orbicularis. Бұл байлам, буын қапшығының ішкі бетінде, ілмектәрізденіп ортанжіліктің мойынын орап орналасқан. Ол мықын сүйегінің алдыңғы, төменгі қылқанынан басталып, ортан жіліктің мойнын орап өтіп, мықын сүйегінің алдыңғы томенгі қылқанына барып бекиді. Қызметі: ұршық буынына түсетін салмақты жеңілдету.

5. Ортан жілік басының жұмыр байламы lig.capitis femoris. Ол, буын қапшығында болып, сыртқы беті синовиальды қабықшамен көмкерілген. Ол ұршық ойығының көлденең байламынан, lig.transversum acetabuli, және оның тілігінен, басталып ортан жілік басының шұңқыршасына fovea capitis femoris барып бекиді. Буын бетінің сыртқы ерекшеліктеріне байланысты, үш білікті жаңғақ тәрізді буындарға жатады.Қызметі: ортан жілік басын, буын ойысында бір деңгейде ұстап, буын қапшығынатүсетін салмақты жеңілдету.

Қозғалысының бағыты: фронталді білік бойынша: бүгіледі, flexio, жазылады extensio.

Сагитальді білік бойынша: әкеледі, adductio, әкетеді abductio, вертикалды білік бойынша: ішке және сыртқа қарай бұрылады. Сонымен қатар аздап айналма бағытта circumductio, қозғалады.

50.Тізе буыны, құрылысы, байламдары, қозғалыс көлемі.(85.35%)

Буын дегеніміз- құрылысы күрделі, диартрозды байланысқа жататын қосылыс түрі. Буындардың негізгі функциясы: сүйектердің арасын байланыстыру.Буынның бірнеше түрлері болады: иық белдеу сүйектерінің буыны, жамбас астау буындары немесе аяқ пен қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің арасын байланыстыратын буын түрлері де кездеседі. Соның ішіндегі аяқтың еркін қозғалатын сүйек буындарына жамбастың ұршық буыны(articulation coxae), тізе буыны(articulation genus), тілерсек буыны(articulation talocruralis), аяқ басының сүйектерінің буындары жатады.

Тізе буыны, articulatio genus, күрделі буындарға кіретін буын түрі болып табылады. Буын басы: ортан жіліктің медиалды және латералды айдаршығынан тұрады. Буын басының сыртқы формасы эллипске ұқсас. Медиалды айдаршық латералды айдаршыққа қарағанда көлемді келген. Екі жақтық айдаршықтың аралығының алдыңғы бетінде тізелік тобықтық буын беті, facies patellaris, орналасқан. Вертикаль бағытта орналасқан сызықша арқылы буын беттері медиалды айдаршық пен латералды айдаршықтық буын беттеріне бөлінеді.

Буын ойысы: асықты жілік сүйегі айдаршығының буындық беттерінен тұрады. Буын беттері ойыстау келіп буын басының буындық бетіне сәйкес келмеген. Буын беттерінің бір біріне сәйкес келіп орналаспағандықтарынан, тізе буынының буын беттері медиалды және латералды менискілер, meniscus medialis et lateralis, арқылы толықтырылған. Менискілер фиброзды шеміршектік ткандардан тұрады. Сыртқы пішіні жартыай тәрізденіп келсе, көлденең кесіндісінде үшбұрыш тәрізді. Қалыңдау келген жиектері сыртқа қарап, буын қапшығымен тығыз байланысқан.

Медиалды менискі, meniscus medialis жұқалау және жарты ай тәрізді болса, латералды менискі, meniscus lateralis, медиалды менискіге қарағанда жалпақтау болып келген. Менискілердің алдыңғы беті менискі аралық көлденең байламы, lig. Jzansversum intercondylaris, арқылы байланысса, ұштары айдаршық аралық көтеріңкілер, eminentia intercondylaris, сіңіршелер арқылы байланысқан. Тізе буыны комплексті буынға жатады. Буын қапшығы ортан жіліктің және тізе тобығының буын беті жиегінің айналасына бекиді. Буын қапшығының артқы беті бостау және жұқалау, буын қуыстығы кең, синовиалды қабықшамен көмкеріліп қоймай, синовиалды қатпарлар түзеді. Синовиалды қатпарлардың аралығында май ткандары көптеп орналасқан. Май ткандары тізе тобығының төменгі бөлігінде буын беттерін үйлестіру үшін, май қатпарымен толықтырылған. Май қатпарлары буын қуысына қарай ығысып, қанат тәрізді май қатпарын, plica alares, құрайды. Тізе торының бүйір қапталынан басталып, буын қуысына қарай өтіп, ортанжілік пен асықты жіліктің және тізе тобығының аралығында орналасқан. Қызметі: тізе буынының буын беттерін жақындастыру.

Тізе буынының байламдары, топографиялық орналасуына қарай буынның сыртында және ішінде орналасқан байламдарға бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет