Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет104/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Төмендеуші жолдар ми қыртысы жұлынның мотонейронадарымен байланысады. Олар қаңқа бұлшықеттеріне бағытталған импульстарды өткізеді. Соның арқасында қаңқа бұлшық еттердің тонусы сақталады және қимылды іс әрекеттер орындалады.


Бас миы, бөлімдері.
Сопақша ми. Құрлысы мен қызметі.
Сопақша ми, myelencephalon, (medulla oblongata), жұлынның жалғасы болып саналады. Екеуінің шекарасы үлкен шүйде тесігінің төменгі жиегіне сәйкес келеді. Сопақша мидың қуысы мидың төртінші қарыншасының түбін түзеді.
Сыртқы құрылысы. Сопақша мида жұлынның сыртқы бетінде орналасқан саңылау мен жүлгелер толық жалғасады. Алдыңғы ортаңғы саңылаудың екі жағында дөңестеніп пирамидалар, pyramides, орналасады. Пирамидалар арқылы негізгі пирамидалық жолдар өтеді, олар алдыңғы ортаңғы саңылаудың төменгі бөлімінде қарама-қарсы жаққа өтіп, пирамидалар айқасын, decussatio pyramidium, түзеді. Алдыңғы және артқы бүйір жүлгелердің арасында олива, olivae, (зәйтун) орналасады, ал артқы ортаңғы жүлгенің екі жағында сына тәрізді және нәзік жіпшелер жұлыннан жалғасады.
Алдыңғы бүйір жүлгеден ХІІ жұп бассүйек жүйкесінің түбірлері шығады. Артқы бүйір жүлгеден ІХ,Х,ХІ жұп бассүйек жүйкелерінің түбірлері шығады.
Ішкі құрылысы. Сопақша ми сұр затының вентралды бөлігінде төменгі, медиалды және артқы зәйтүн ядролары орналасады. Пирамидалардың артқы жағында арасында жүйке жасушалары орналасқан жүйке талшықтарының айқасуынан түзілген торлы құрылым орналасады. Сонымен қатар сопақша мида ІХ, Х, ХІ, ХІІ-ші жұп бассүйек жүйкелерінің ядролары жатады. Сопақша мида өмірге маңызды тыныс алу және қан айналым орталықтары орналасатындықтан, оның зақымдалуы бірден өлімге әкеледі.
Жұлынның жалғасы болып, сұр және ақ заттардан тұрады. Ақ зат өткізгіштік қызмет атқарса, сұр зат рефлекстік қызмет атқарады. Сопақша ми рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Сұр зат жоғарыда айтылғандай нейрондардан тұрады,рефлекстік қызмет атқарады.Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің /8-9-10-11-12/ ядролары шығады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет