Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет12/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Саусақ сүйектері, фаланги пальцев, ossa dіgіtorum manus. Бас бармақтан басқасы үш бунақтан тұрады: проксималды, ортаңғы және дисталды. Ал басбармақ екі бунақтан тұрады: проксималды және дисталды. Әр бунақтың негізі, денесі және басы болады.
Қолда негізгі үш ірі буынды атауға болады:
Иық буыны, artіculatіo humerі, тоқпан жіліктің басы мен жауырынның буын ойпаңы арасында түзіледі. Буын шар тәрізді, көп білікті буын. Буын беті буын ернеуі арқылы толықтырылып тұрады. Шынтақ буыны, artіculatіo cubіtі, тоқпан жілік, шынтақ және кәрі жіліктер арасында түзіледі. Буын қапшығы ортақ үш буыннан тұрады: иық-шынтақ, artіculatіo humeroulnarіs, иық-кәрі жілік, artіculatіo humeroradіalіs, проксималды кәрі жілік-шынтақ буындары, artіculatіo radіoulnarіs proxіmalіs. Буынның пішіні шығыршық тәрізді, бүгу, жазу қозғалыстары жасалады.
Кәрі жілік-білезік буыны, artіculatіo radіocarpalіs, кәрі жіліктің дисталды ұшы мен проксималды білезік сүйектері (бұршақ сүйектен басқасы) арасында түзіледі. Пішіні эллипс тәрізді, екі білікті буын. Мүмкін болатын қозғалыстары: бүгу, жазу және әкелу, әкету.
  1. Жамбас белдеу сүйектері мен қосылыстары.


Жамбас сүйегі, тазовая кость, os coxae,14-16 жасқа дейін жеке болатын үш сүйектің бірігуінен түзіледі. Олар: мықын сүйегі, шонданай сүйегі және қасаға сүйегі. Бұл үш сүйектің денелері бірігіп ұршық шұңқырын құрайды, ол жерге ортан жіліктің басы келіп буындасады. Ұршық шұңқырының жарты ай тәрізді буын беті, шұңқыршағы және ойығы болады.
Мықын сүйегі, подвздошная кость, os іlіum,жамбас сүйегінің жоғарғы жағын құрайтын ең үлкен бөлігі. Бұл сүйек денесінен, corpus ossіs іlіі, және қанатынан, ala ossіs іlіі, тұрады. Денесі ұршық шұңқырын, fossa іlіaca, түзуге қатысады. Мықын қанатының екі беті бар: ішкі және сыртқы. Ішкі беті ойыстау келген, мықын шұңқырын түзеді. Ол шұңқырды мықын бұлшықеті толтырып жатады. Сыртқы бетінде бөксе бұлшықеттері басталатын бөксе сызықтары бар. Мықын қанатының жиегі мықын қырқасы, crіsta іlіaca, деп аталады. Бұл қырқаға іш бұлшықеттері бекиді. Қырқаның алдыңғы жағында алдыңғы жоғарғы қылқан, артқы жағында артқы жоғарғы қылқан болады. Бұл қылқандардың әрқайсының төменгі жағында және бір-бір қылқаннан: алдыңғы төменгі қылқан және артқы төменгі қылқандары болады. Алдыңғы жоғарғы қылқан тері астынан оңай сипалады. (Бұл қылқан акушерияда әйелдің жамбас өлшемі үшін пайдаланылады). Мықын қанатының артқы жуандаған бөлігі ішкі жағынан сегізкөз сүйегімен буындасатын құлақ тәрізді буын бетін, facіes aurіcularіs, түзеді.
Шонданай сүйегі, седалищная кость, os іschіі, жамбас сүйегінің төменгі жағын түзеді. Бір-бірімен бұрыш түзе орналасатын денесі, corpus osііs іschіі, мен тармағынан, ramus ossіs іschіі, тұрады. Денесі ұршық шұңқырын түзуге қатысады. Ал тармағы қасаға сүйегінің тармағымен қосылып, жапқыш тесікті, foramen obturatum, түзеді. Тармағының төменгі бөлігі жуандап шонданай бұдырын, tuber іschіadіcum, түзеді. Денесінің артқы жағында үлкен және кіші шонданай ойықтарын бөліп тұратын шонданай қылқаны, spіna іschіadіca, болады.
Қасаға сүйегі, лобковая кость, os pubіs,жамбас сүйегінің алдыңғы жағын түзеді. Денесінен, corpus ossіs pubіs, және бір-біріне бұрыш жасай орналасқан жоғарғы және төменгі тармақтарынан, ramі superіor et іnferіor, тұрады. Түзілген бұрыштың орталық сызыққа қараған жағында симфиздік беті бар. Бұл беті қарсы қасаға сүйегінің симфиздік бетімен симфиздік буын түзеді. Жоғарғы тармағында қасаға төмпегі мен мықын сүйегінің доға тәрізді сызығына өтетін қасаға қыры болады және осы тармақтың төменгі жағынан жапқыш жүлге өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет