Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет65/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Ішкі құрылысы. Бүйректі кесіп көргенде бүйрек қойнауы мен паренхимасы көрінеді. Бүйрек қойнауында, sіnus renalіs, үлкен (calyces renales majores) және кіші (calyces renales mіnores) бүйрек тостағаншалары, бүйрек түбегі (pelvіs renalіs) орналасады. Бүйрек паренхимасы ішкі милы заттан және шеткері орналасқан қыртысты заттан түрады. Милы затының, medulla renalіs, 10-15 конус тәрізді бүйректік пирамидалардан, pyramіdes renales, тұрады. Бүйректің қыртысты заты, cortex renalіs, шеткері орналасып, бүйректің милы затына бүйрек бағандары, columnae renales, түрінде ене орналасады.
Бүйректік пирамиданың қыртысты затқа қараған – негізі және бүйрек қойнауына бағытталған, емізікше тәрізді – ұшы болады.
Бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі нефрон болып табылады.Олардың саны екі бүйректе 2 млн-ға жетеді.
Нефрон,nephron, морфофункционалды ерекшеліктеріне байланысты келесі бөлімдерден тұрады:1) бүйрек денешігі; 2) проксималды бөлігі; 3) Генле ілмегі; 4) дисталды бөлігі; 5) жинағыш түтікшелер.
Бүйректе тәулігіне 1.0-1.5л соңғы несеп түзіліп, несепағарға өтеді.



Несепағарлар, құрылысы мен қызметі.
Несепағар, мочеточник, ureter, - ұзындығы 30-35см, диаметрі 6-8мм болатын пішіні түтік тәрізді, бүйрек түбегін несеп қуығымен қосатын жұп мүше. Несепағар құрсақ бөлігі (pars abdomіnalіs), жамбас бөлігі (pars pelvіca) және ішкіқабырғалық бөліктерден (pars pelvіca) тұрады.
Несепағарда үш иілу және үш тарылу жерлері бар. Иілімдері: бел және жамбас аймақтары мен несеп қуығына құяр жерінде; тарылу жерлері: бүйрек түбегінің несепағарға өтер жері, құрсақтық бөліктің жамбастық бөлікке өтер жері мен несеп қуығына құяр алдында болады.
Несепағардың қабырғасы шырышты, бұлшықетті және дәнекер тінді қабықтардан тұрады. Шырышты қабығы өтпелі эпителиймен астарланған және терең бойлық қатпарлары болады. Бұлшықетті қабығының жоғарғы бөлігі сыртқы – бойлық, ішкі – дөңгелек; төменгі бөлігі сыртқы және ішкі бойлық, ортаңғы – дөңгелек тегіс бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бұлшықеттерінің жиырылуы нәтижесінде несеп бүйректен несеп қуығына жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет