Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Лейкоциттер, қалыпты мөлшері, қызметі. Фагоцитоз және оның кезеңдері



бет95/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Лейкоциттер, қалыпты мөлшері, қызметі. Фагоцитоз және оның кезеңдері.
Лейкоцит - қанның ақ жасушасы. Эритроциттен айырмашылығы ядросы бар, эритроциттен үлкендеу, амеба тәрізді жалған аяқтар шығарып қимылға икемді келеді. Бір литр қанда 4,0—9,0 мың/л. Оның саны бір тәулік ішінде біршама өзгеріп отырады. Лейкоцит санының жоғарлауы лейкоцитоз ал азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді Физиологиялық лейкоцитоз сау адамдарда - тамақ ішкеннен кейін, бұлшықет жұмысыан кейін, эмоционалдық жағдайда (мысалы, емтихан), жүкті әйелдерде байқалады. Патология лық лейкоцитоз көбінесе қабынулар барысында. Әсіресе ақ қан ауруы кезінде лейкоцит санының көбейуы эритроциттерденде артып кетеді. Лейкоцитопениятаңертең аш қарынға байқалады.
Лейкоциттің ең басты қызметі қорғаныштық – яғни оның фагоцитоздық қызметі. Бұл И.И. Мечников зерттеулерінен белгілі. Фагоцитоз- грекше "рhagien"-обыру, жұту, қармалап алу "cytus"- жасуша. Басқаша айтқанда қармалап алатын жасуша қорытады. Фагоцитоз деп денеге келіп түскен бөгде заттарды, лейкоциттер жалған аяқтарымен қармалап алып ішіне енгізіп ферменттермен қорытуын айтамыз. Ол- үш сатыдан тұрады:
1.Миграция көшу сатысы;
2.Бөгде затты танып қармап алу сатысы;
3.Жұту және қорыту сатысы.
Бірінші- миграция (көшу) сатысы. Лейкоциттер амеба тәрізді жалған аяқтарын созып, капиляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады. Лейкоциттер бөтен заттарға қарай қимылдайды.
Екінші сатысы - бөгде затты танып қармау, жұту кезеңі. Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесінен опсонин деген зат бөліп шығарады да, бөгде заттарды денедегі жасушалардан ажыратады (таниды), осыдан кейін оларды лейкоцит мембранасына жабыстырады. Бетіне жабысқан бөгде затты лейкоцит аяқшаларымен айнала қармап қоршайды да, өз протоплазмасына қарай тартады.
Үшінші сатысы - жұту және қорыту. Лейкоциттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманың ферменттері арқылы қорытылады. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоциттік заттар вирусқа қарсы заттар интерферондар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет