Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Ас қорыту жүйесіне жалпы түсінік



бет31/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Ас қорыту жүйесіне жалпы түсінік.
Ас қорыту жүйесі мүшелері арқылы ауызға түскен тағам, механикалық және химиялық өңдеуден өткізіліп, қорытылмаған заттар сыртқа шығарылып отырады.
Ас қорыту жүйесіне жатады:
  1. Ауыз қуысы- cavіtas orіs.


  2. Жұтқыншақ- pharynx.


  3. Өңеш- oesophagus.


  4. Асқазан- ventrіculus, gaster.


  5. Жіңішке ішек- іntеstіnum tenuе, enteron:


  • 12 елі ішек немесе ұлтабар- duodenum.


  • ащы ішек- jejunum.


  • мықын ішек- іleum.


  1. Жуан ішек немесе тоқ ішек- іntestіnum crassum.


  • соқыр ішек- caecum құрт тәрізді өсіндісімен- appendіx vermіformіs.


  • өрлеуші жиек ішек- colon ascendens.


  • көлденең жиек ішек- colon transversum.


  • сигма тәрізді ішек- colon sіgmoіdeum.


  • тік ішек-rectum.


  1. Асқорыту бездері:


  • Бауыр- hepar.


  • ұйқы безі- pancreas.




Ас қорыту мүшелерінің қызметтері.
1.Секреторлық қызметі яғни сөл шығару қызметі. Оны асқорыту қызметіне қатысты сөл бөліп шығаратын бездер атқарады: сілекей бездері, ішек қарын бездері, ұйқы безі, бауыр. Жалпы осы бездерден тәулігіне 8,5 литр сөл бөлінеді. Сөл құрамында қоректік заттарды ыдырататын ферменттер болады. Ферменттердің қызметі ас құрамындағы күрделі заттарды кіші молекулалы заттарға ыдыратады.
2.Моторлық қызметі яғни бұлшық еттердің жиырылып жазылу қызметі. Ас қорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде ет талшықтары сақина тәрізді топталып сфинктер еттерін құрайды.Осы еттердің жиырылуынан (моторикасы) ас бір бөлімнен екінші бөлімге қарай өтеді. Ішектердің жиырылуынан яғни перистальтикасынан заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмай қалған заттар ысырылып артқы тесікке жақындап сыртқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет