Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Май алмасуы түрлері,тәуліктік қажеттілігі, қызметтері



бет51/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Май алмасуы түрлері,тәуліктік қажеттілігі, қызметтері.
Май және май тәрізді қосындылар липидтер деп аталады. Адам денесі үшін май - негізгі энергия көзі. Ересек адамда тәулігіне 70-100 г мал майы керек.
1 г май тотықса, 38,3 кДж энергия бөлінеді. Май жасуша протоплазмасының ядросы мен мембранасының құрамына кіреді (құрылыс материалы). Дененің кейбір жерлеріне жиналған май бірқатар мүшелерді (бүйрек, өкпе т.б.) ұрылу-соғылудан, бүкіл денені суық тиюден қорғайды. Майы қор болып жиналатын жануарлар (тюлень, кит .) суыққа шыдамды келеді. Майда еритін дәрумендер (А, Д, Е, К, ), тұздар майға ілесіп денеге тез сіңеді. Май -су қоры. Өркеш майын түйе су көзі ретінде пайдаланады. Көптеген ауру-сырқаулар, патологиялық үрдістер май алмасуының бұзылуынан болады.
Май денеге негізінен тағаммен бірге келіп түседі, аз мөлшерде бауырда көмірсу мен ақуызда түзілуі мүмкін. Май 12 елі ішекте еттің қатысуымен эмульсияға айналады да, липаза әсерінен ыдыраған кезде моноглицерид, май қышкылы мен глицеринге айналады. Май және басқа липидтердің ыдырау өнімдері негізінен лимфаға сіңеді. Лимфаға сіңген басы артық май өкпе тініндегі шөлде қор болып жиналады. Адам ұзақ уақыт майдың бір түрімен қоректенсе, осыдан қордаланған майдың құрамы өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам аспен бірге какос майын көбірек жесе, оның шелінде жиналған май, құрамы мен қасиеті жағынан какос жаңғағы майына ұқсайды.Май энергия қоры ретінде жасушада да сақталады.


Ағзадағы жылу алмасу. Адам денесінің температурасы.
Адам денесінің тұрақты температурасы изотермия деп атайды. Тұрақты температура ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтайды. Тіршілік бабында адам ауа райы қаншама құбылмалы болса да төтеп береді. Адам ағзасындағы дене темпертурасы тұрақты- 36-37° болады. Ол 70-80° аязға да, 50-60° ыстыққа да көндіге алады және өзгермейді. Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жүйке-қан жүйесі арқылы реттелуіне байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет