Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Пепсин ферменті ақуызды амин қышқылдарына дейін ыдыратады. Липаза



бет38/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114
Пепсин ферменті ақуызды амин қышқылдарына дейін ыдыратады.
Липаза эмульсияланған майларды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.
Химозин бала асқазан сөліндегі сүт ірітетін фермент. Асқазан сөлінде көмірсуды ыдырататын фермент жоқ (амилиза).
Асқазан сөлінің құрамындағы тұз қышқылының маңызы .
* пепсиногенді пепсинге айналдырады,активті пепсин белоктарды ыдыратады .
* айналасын қышқылдандырып ,пепсиннің әсерін күшейтеді .
* белоктарды қопсытып жұмсартады.
* микробтарды жояды
* қарындағы астың он екі елі ішекке өтуін ақсартады


Жіңішке ішек. Бөлімдері, құрылыс ерекшеліктері.
Жіңішке ішек, іntеstіnum tenuе, асқазаннан кейінгі орналасқан ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі. Жіңішке ішекте тамақтағы барлық қоректік заттардың ішек сөлі, ұйқы безінің сөлі және бауырдан келетін өттің әсерінен соңғы ыдырауы жүріп, қорытылған қоректік заттар қан немесе лимфа капиллярларына өтеді.
Тірі адамда ішектің ұзындығы 2.2-4.5м-ге жуық, әйелдерге қарағанда еркектердікі ұзындау болады. Жіңішке ішек үш бөлімнен тұрады: он екі елі ішек, ащы ішек және мықын ішек. Ащы және мықын ішектердің шажырқайы болғандықтан, олар жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі деп қарастырылады.
Он екі елі ішек немесе ұлтабар, duodenum ұзындығы 17-21см, жуашық түрінде асқазанның қақпалық бөлігінен басталып, ащы ішекке өтеді. Ішек жоғарғы- pars superіor,, төмендеуші- pars descendens,, көлденең- pars horіzontalіs және өрлеуші бөліктерден- pars ascendens тұрады. Бұл бөліктері ұйқы безінің басын таға тәрізді орап жатады.
Ішектің төмендеуші бөлігінің медиалды қабырғасында ұлтабардың бойлық қатпары, plіca longіtudіnalіs duodenі, орналасады. Қатпардың төменгі жағында ұлтабардың үлкен емізікшесі, papіlla duodenі major, орналасады. Бұл емізікшеге жалпы өт түтігімен ұйқы безінің түтігі бірігіп ашылады. Үлкен емізікшеден 2-3 см жоғары ұйқы безінің қосымша түтігі ашылатын кіші емізікше, papіlla duodenі mіnor, орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет