Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны


 Дәріс. Жалпы динамикалық морфология



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

6. Дәріс. Жалпы динамикалық морфология 
 
Дененің құрылысы қарапайым және күрделі болады. Қарапайым қозғалыстарға жекелеген 
сүйектер арасындағы қозғалыстар жатады.
Күрделі қозғалыстарға – бүкіл ағза аппараты қозғалатын қимыл-әрекеттер жатады. Дененің 
қозғалыстарын оқып-үйренгенде анатомиялық көрнекі құралдардан алынған мәліметтерді жете 
түсіну үшін тірі адамға да бақылау жасау қажет. 
Дененің қалпына анатомиялық талдау жүргізгенде төмендегідей ретпен қарастырады: 
1. Қозғалысқа қысқаша сипаттама беру; 
2. Қозғалысты механикалық көзқарас тұрғысынан түсіндіру; 
3. Қозғалыс аппаратының, бұлшық еттердің жұмысын сипаттау; 
4. Белгілі бір жаттығу кезінде тыныс ерекшеліктерін қарастыру. 
Дененің ауырлық орталығы деп – дененің барлық ауырлық күші түсетін нүктесін айтады. Адам 
денесінде тепе-теңдіктің 3 түрін анықтайды: 


10 
1. Тұрақты тепе-теңдік кезінде ауырлық орталығы әдетте тірек ауданынан төменде болады. 
Тұрақты теңдік кезінде тыныштық күйден шығарылған және өз бетінше қалдырылған дене 
өзінің бұрынғы қалпына келеді. 
2. Тұрақсыз тепе-теңдік кезінде – кезінде ауырлықтың орталығы тірек ауданынан жоғары 
болады. Сондықтан тыныштық күйден шығарылған дене бастапқы қалпына қайтып 
келмейді. 
3. Парықсыз тепе-теңдік кезінде денені қандай күйге, қандай қалыпқа келтірсеңіз де теңдік 
сақталады. Адам жатқан күйінде ғана парықсыз тепе-теңдікке жақындайды. 
Тепе – теңдіктің белгілі –бір түрі кезінде тұрақтылық дәрежесін анықтау үшін тұрақтылық 
бұрышын, яғни ауырлық орталығын анықтауда жүргізілген тік және ауырлық орталығының тірек 
ауданының шетімен қосатын тура сызық аралығындағы бұрышты пайдаланады. Дене бір қалыпта 
тұрған кездегі тұрақытылық дәрежесі ауырлық орталығының тік сызығы тірек ауданының орталығы 
арқылы өтсе ғана жүзеге асады. Тірек ауданы неғұрлым үлкен болса (аяқты бір-бірінен алшақ 
қойғанда) және ауырлық орталығы тірек ауданына неғұрлым жақын тұрса тұрақтылық бұрышы 
соғұрлым үлкен болады, ал тірек ауданы кіші болса (мысалы бір аяқтың ұшымен тұрған кездегідей 
болса) және ауырлық орталығы тірек ауданынан алшақ тұрса, онда дененің тепе-теңдік қозғалыстар 
жасау мүмкіндігі соғұрлым аз болады. Адам денесіндегі ауырлық орталығын Борелли ашқан. Ол 
(1679ж) “жануарлардың қозғалысы” дейтін кітабында – түзу тұрған адам денесінің ауырлық 
орталығы бөкселері мен қасағалардың арасында орналасқан деп жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет