11
Денені ұстай білу әр адамда,
қаңқасының құрылысын, бұлшық еттердің құрылысына, жүйке
жүйесінің жай күйіне, ішкі мүшелердің орналасу ерекшеліктеріне байланысты. Денені ұстай білуге
жаттығулар ықпал етеді. Денені дұрыс ұстай білсе ішкі мүшелердің солардың ішінде өкпе мен
жүректің жұмысына қолайлы жағдай туады. Денені дұрыс ұстай білудің
топтастырудың көптеген
түрлері бар. Соның ішіндегі ең қарапйымы Штрацтың классификациясы бойынша 2 түрге бөледі:
жаман және жақсы сымбат (денені ұстай білу). Броунның топтастыруы бойынша 4 түрге бөледі: өте
жақсы, жақсы, орташа және нашар. 1-ші өте жақсы – сымбатты адам еркін тұрғанда көкірегі алға
шығыңқы, құрсақ ішке тартылған, аяқтары түзу, екі тізе бір-біріне жанасып тік тұрады. 2-ші түрі екі
тізе бір-біріне жанасады, бірақ көкірек пен құрсақ маңдай жазықтықта бір деңгейде болады. 3-ші –
көкірекке қарағанда құрсақ алға шыққан, тізе бір-бірінен, алшақ жанаспайды. 4-ші – екі иығы алға
кетіп, арқасы бүкірейіп шығып тұрады, аяғы бір-бірінен алшақ, қисайып тұрады.
Дені сау адамдарда көп жағдайда 2-ші сирек жағдайда 3-ші түрі кездеседі. 4-ші түрі бұлшық
еттердің құрысуы әлсірегенде дене жаттығуларымен айналыспайтын адамдарда көбірек ұшырасады.
Жақсы сымбатты сақтауды омыртқаларды жазатын бұлшық еттердің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: