Анатомия сұрақтары сүйектер туралы
8. Сүйек -дененің бір мүшесі ретінде,сүйек құрылысына қарай жіктеңіз.
Тірек- қимыл аппараты мүшелердің үш жүйесінен тұрады: сүйектер, сүйектер қосылыстары және бұлшықеттерден.
Тірек- қимыл аппараты статикалық және динамикалық қызметтер атқарады.
Барлық қозғалыс аппаратын активті (бұлшықеттер) және пассивті (қаңқа және оның қосылыстары) бөліктерге ажыратып қарастырады, бұл екі бөлік қызметі жағынан тығыз байланысты.
Сүйек-os (лат) –osteon (грекше). Osteologia – анатомияның бір бөлімі,адам қаңқасын тұтастай және жекелеген сүйектерді,сүйек ұлпасын зерттейтін ғылыми сала (жалпы және жеке бөлімі бар).
Сүйек – мүше ретінде өзіне тән пішіні, құрылысы және дамуы бар, белгілі бір қызмет атақаратын дененің бір бөлігі.
Сүйектің химиялық құрамы -50% су, 28,15% органикалық затттар, 21,85-% бейорганикалық заттан тұрады.
Сүйек тірек ретінде бұлшықет жүйесіне тәуелді және организм тіршілігінің әр кезеңінде өзгеріп отырады. Сүйектердің жоғарғы механикалық қасиеттері сүйек ұлпасының құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттарға тәуелді.
Ересек адамның сүйектеріндегі органикалық заттардың мөлшері құрамындағы заттардың жалпы санының 1/3 бөлігін құрайды, ал 2/3 бөлігі бейорганикалық заттар.
Сүйектердің дамуы, остеогенез
1.Эмбриондық дәнекер ұлпасынан (төбе сүйектері мен бет сүйектері),
2. Шеміршектің орнына (омыртқалар, аяқ пен қолдың сүйектері, бастың негізі және басқалары) түзіледі.
Сүйек – қатты, негізгі затта орналасқан клеткалардан тұратын әктенген дәнекер ұлпа. Өсуші организмнің сүйек ұлпасында клеткалардың 3 түрі болады: остеобласт, остеоцит және остеокласт.
Остеобласт (сүйек құрау клеткалары) – сүйек ұлпасын түзуші клеткалар, өсуші сүйек ұлпасының бетінде орналасады. Цитоплазмасында жақсы жетілген гранулалық (түйіршікті) эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, сонымен бірге РНК болады.
Остоецит – бөліну қабілетінен айырылған жоғары дәрежеде мамандалған көптеген өсінділермен өзара жалғасқан жұлдыз пішінді сүйек ұлпасының негізгі клеткалары. Остеоциттер сүйек қуыстарында орналасады. Остеоциттер сүйектің негізгі затын өңдеуге және оған қаннан заттарды жеткізуге қатысады. Сүйек құрылысының өзгеруі кезінде остеоциттер қайтадан ұлпаның бетіне өтуі және кері остеобластқа айналуы мүмкін.
Остеокласт – көп клеткалардың қосылуынан пайда болған мамандалған макрофактар. Негізгі қызметі әктенген шеміршік пен сүйекті бұзу, талқандап,сіңіру (остеопароз). Остеоклеткаларда көптеген вакуольдер, лизосомалар болады.
Сүйек аралық байланыс қаңқаның эмбрионалдық дамуына сәйкес (дәнекер тінді, шеміршекті және сүйекті) 3 түрге ажыратылады:
1.Егер дәнекер ұлпа, фиброзды тін арқылы қосылса- articulationes fibrosae syndesmosis (байлам- синдесмоз ) деп аталады;
2.Егер сүйектер арасындағы тін шеміршек болса - articulationes cartilagineae synchondrosis (шеміршек -синхондроз) деп аталады;
3.Егер сүйектер арасындағы дәнекер тін сүйекке ауысса –синостоз, synostosis деп аталады.
Синдесмоз- үздіксіз байланыс,оның түрлері:
- сүйек аралық жарғақ арқылы(memrana) қосылу,
фиброзды байлам(ligamenta) арқылы,
жіктер(sutura) арқылы (тісті,қабыршақты, тегіс) қосылу ажыратылады.
Синхондроз түрлері- гиалинді және талшықты; уақытша және тұрақты.
Diarthrosis (диартроз) немесе articulatio- үзілісті байланыс, синовиалды, қозғалмалы қосылу немесе буындасу.
Әрбір буында қосылатын сүйектердің буындық беткелері - facies articulares ,буын қапшығы - capsula articulares және буын қуысы -cavites articulares болады.
Буындардың жіктелуі мен сипаттамсы:
1.Буындық беткейлер саны бойынша (қарапайым және күрделі; кешенді және үйлесімді);
2.Буындық беттердің пішіні бойынша (бір білікті- цилиндр және шығыршықты буындар, екі білікті- эллипстәрізді, айдаршықты буын, ертоқым тәрізді буын; көп білікті буындар – шар тәрізді, жалпақ буындар);
3.Буынның қызметіне сай
9. Сүйектің химиялық және физикалық құрамын сипаттаңыз.
10. 1.Synarthrosis (синартроз) -үзіліссіз байланыс, буында қуыс болмайды;
2.Diarthrosis (диартроз) немесе articulatio- үзілісті байланыс, синовиалды, буын аралығында саңылау және буын қапшығы, беткелері бар;
3.Hemarthrosis –жартылай үздікті байланыс, симфизді symphisis.`
Синартроздар- дамуы ертелеу, өте берік, серпімді, қозғалыс ауқымы шектеулі, тұтас, дәнекер ұлпалардан тұрады. Сүйектің бірігуі мен буындары жайлы түсінік ,буын түрлерін жіктеңіз.
11. Тұлға қаңқасының құрылысын айтыңыз, латынша атау беріңіз.
12. Қол қаңқасы, оның қосылыстары, жас ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
13. Жамбас белдеуін құрайтын сүйектерді сипаттап, латынша атау беріңіз..
14. Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары, құрылысын айтыңыз.
15. Бас қаңқасының топографиясын айтыңыз.
16. Бет сүйектерін жіктеп,сипаттап, латынша атау беріңіз.