Қаныбекова Қ Орындаған: Әнуарбек А. Тобы: ЗҚТ 111



бет5/6
Дата05.05.2023
өлшемі44,67 Kb.
#90453
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әлеуметтану

Қорытынды
Американ әлеуметтанушысы Л.Козер қақтығыстардың себебін әлеуметтік теңсіздіктен, мәңгі психологиялық қанағаттанбаудан көрді. Мұның бәрі түрлі тектегі қақтығыстар арқылы шешілді. Козердің айтуынша, қақатығыс-бұл құндылық үшін күрес немесе статустардың шексіз саны, билік және ресурсқа кінә тағу. Бұл күресте оппоненттердің мақсаты-бейтараптандыру, шығын келтіру немесе қарсыласты жою. Л.Козердің өз ойы бойынша қоғам жағдайына жақсы әсер беретін, дамуына ықпал ететін мынадай негізгі міндеттерді көрсетеді: топтардың біліміді болуы, топтардың шекара белгілеуі мен оны сақтауы; топтар ішіндегі және топтар арасындағы қатынастардың салыстырмалы тұрақтылығын сақтауы; индивидтерді, топтарды әлеуметтендіру. Сонымен, Л.Козер қоғам типіне байланысты әлеуметтік қақтығыстар классификациясын жасады. Жабық қоғамдарда қақтығыстар әлеуметтік байланыстарды бұзуы, оны дұшпандық топтарға бөлуі, төңкеріске әкелуі мүмкін. Ашық қоғамда қысымды жұмсартуға қақтығысқа мүмкіндік беріледі. Бұл қоғам дамуына он ықпал етуі мүмкін. К.Маркс іліміне сәйкес қақтығыстар негізін меншік үшін күрес құрайды. Ол экономикалық мақсаттардың қайшы келуі негізінде пайда болатын күрестің екі түрін айырып көрсетеді. Алғашқысы материалды әл-ауқатты болу принципін өзгерту үшін болатын күрес. Ол әлеуметтік тәртіптердің негізін қайта қарауды талап етеді, бұл мәселе төңкеріс арқылы шешілуі мүмкін. Екіншісі-крийтерилердің өзгерісі үшін болатын күрес, олардың бөлінісі бұрынғы жүйе шеңберінде жұреді. Қарама-қарсы күрестердің бұл типі қоғамдық қатынастар реформалар көмегімен шешілуі мүмкін.Американ әлеуметтанушысы П.Сорокин қақтығыс адамның басты қажеттіліктерінен, яғни, тамаққа киімге, өзін-өзі сақтауға, шығармашылыққа деген қажеттілігінен айыру деп есептейді. Алайда қажеттіліктер ғана емес, сондай-ақ оны қанағаттандыру құралдары, соған сәйкес қызмет түрлері, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүмкіндіктерін пайдалану да маңызды.Сонымен, әлеуметтік қақтығыс-бұл қоғамдық өмірдің құрамды бөлігі. Оның негізі әлеуметтік теңсіздікте, меншік үшін күресте, билікте, басты қажеттіліктерді қанағаттандыруда. Әлеуметтік даму, өзгеріс қақтығыс арқылы, оның шешілуі арқылы жұргізіледі. Қақтығыстарды реттеуге және оны қажетті салаға бағыттауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет