135
үзінділерін жаттау, соған талдау жасау тапсырылады. (Көкше көріністері, Құлагер
сипатын жаттау.)
Үй тапсырмасын беру оқылып жатқан тақырыптың ауыр, жеңілдігіне де
байланысты. Мұғалім оған кететін уақытты мөлшерлейді, сондай-ақ басқа пәндердін
тапсырмасын да ескеріп отырғаны жөн. Мысалы, математикада бақылау болатын, орыс
әдебиетінен жазба жұмыстары алынатын күндерге орындалуы күрделі,
уакыт көп кететін
тапсырмалар беруден бас тартқан жөн. Не сондай тапсырмаларды міндетті түрде
сол мерзімде беру керек болса, мұғалімдермен сөйлесіп, бақылау жұмыстарын басқа күнге
ауыстыру жөнінде келіскен жөн.
Үй тапсырмасын түсіндіріп беру, үлгі, көмек көрсету оның жемісті орындалуына үлкен
әсер етеді. Әсіресе, қабілеті «орташадан төмен» оқушыға мұғалім үнемі көмек көрсетіп,
«көмек-нұсқау» беріп отыруы керек. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясын оқу, әсіресе,
кейіпкерлер іс-әрекетін талдау - аса күрделі. Мәселен, кейіпкерлер іс-әрекетін талдауда
міндетті түрде көркем туындыға жүгіну керек. Ал «Абай жолындай» төрт томдық эпопея
ішінен Абайдың не Құнанбайдың іс-әрекетіне мысалдар келтіру сондай күрделі шаруа
екені айтпай-ақ, түсінікті, осы мәселеден тіпті барлық оқушыларға да көмек керек.
Достарыңызбен бөлісу: