Ќанипа Бітібаева


Ілияс  Салыстырмалы талдау



Pdf көрінісі
бет123/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   182
Ілияс 
Салыстырмалы талдау 
Қамыс  құлақ,  қоян 
жақ, салқы төсті 
 
Жер  соғарлы,  сіңірлі, 
аяғы 
 
Шапса, жүйрік, мінсе, 
берік, жуан, жуас. 
 
Шынтағы  қабырғадан 
тұрса аулақ 
 
қамыс құлақ,  қуарған 
жас, түлкі төс 
 
жер соғарлы, аяғы тік 
 
шапса  жел,  мінсе 
жайсаң, тұрса, селсоқ 
«Құс 
топшы» 
қос 
шынтағы қалқыңқырақ 
Абай мен Ілияста  аттың 
көп  сыны  ұқсас.  Оның  түп 
негізі  -  жүйрік  ат  сипатының 
өзінде 
жатыр. 
Ақындар 
жүйрікке  тән  қасиеттерді 
дөп 
басып, 
суреттей 
білген.Халық  тілін,  яғни 
үндестікті  пайдалануда  бар 
тілден «қамыс құлақ», «түлкі 
төс»,  «қоян  жақ»,  т.с.с. 
тамаша  образды,  эпитетті, 
бейнелеу сөздерін жасаған  
Е  с  к  е  р  т  у:  бұл  үлгіні  оқушылар  өздері  толтырады.  Осындай  жұмыстардың 
оқушы  үшін  маңызы  неде?  Біріншіден,  жүйрік  аттың  өзіне  тән  қасиеттері  туралы 
хабардар болса, екіншіден, ақындардың карапайым, күнделікті сөйлеуде, қолданыста бар 
тілден  бейнелі,  көркем,  айшықты  поэтикалық  тіл  жасағандарына  көздері  жетеді. 
Оқушыларға  «қамыс  құлақ»,  «шоқпардай  кекілі  бар»  деген  сөз  тіркестерін  басқа 
сөздермен  ауыстыруға  болмайтынын,  қамыс  пен  кұлақтың  жеке-жеке  қарағанда  бір-
біріне ешқандай қатысы жоқ екендігін, бірақ ақындардың оны тіркестіріп, эпитет жасап, 
әрі жүйрік аттың бір сынын бейнелеп тұрғанын түсіндіру керек. 
  Оқушылардың  көркем  тілін  дамытуда,  тіл  байлығын  жетілдіруде  сөздік 
жұмыстары,  сондай-ақ  сөз  тіркестері,  мақал-мәтелдермен  жұмыстың  маңызы  зор.  Тіл 
ұстарту  деген  -  ең  алдымен  сөзбен  жұмыс,  тіл  байлығы  деген  -  ең  алдымен  оқушынын 
сөздік  қорының  молдығы,  екіншіден,  сол  мол  қорды  орынды,  тиімді,  әрі  көркем  етіп 
пайдалана  білуі.  Оқушылардың  сөздік  қорын  дамытуда  әр  түрлі  сөздіктермен 
жұмыстың  пайдасы  ерекше  зор.  Түсіндірме  сөздіктер,  әсіресе,  көркем  шығармаларды 
окуда, соның ішінде тарихи тақырыпта жазылған шығармаларды оқуда оқушыға бірден-
бір  көмек  болып  табылады.  Сондай-ақ  фразеологиялық сөздіктер, термин сөздер сөздігі 
де ауадай қажет, 5-8-сыныптар оқушыларымен әр сабақ сайын сөздік жұмысы жүріп отыруы 
керек. Көркем шығарманы әдеби талдау алдында, мәтінмен жұмыс кезінде, міндетті түрде 
создік  жұмысы  жүргізіледі.  Сабақтан  тыс  уақыттарда  да  оқыған  көркем  шығармалары 


 
144 
бойынша  түсінбеген  сөздерін  белгілеп  келуі  тапсырылып,  сол  бойынша  сыныптан  тыс 
оқуларда,  қосымша  сабактарда  әр  түрлі  жұмыстар  атқарылуы  тиіс.  Мысалы,  5-
сынып  әдебиетінің  алғашқы  беттері  «Керқұла  атты  Кендебай»  ертегісімен  басталады. 
Оқулықтың аяғында «дат» деген сөзге түсінік берілген. Ауыл  баласы  емес,  қала  баласына 
«Керқұла» деген сөздің өзі түсініксіз болуы ғажап емес. 
Сондықтан  ертегіге  кіріспес  бұрын,  мұғалім  «Керқұла  ат»  деп  қандай  атты  айтуға 
болады,  ол  қандай  түс  екенін  түсіндіру  керек.  Сондай-ақ  «арыстай  еркек  кұлында» 
«арыстай»  сөзінің мағынасы  да  түсінікті  қажет  ет еді.  Мұғалім тіпті кейбір сөздердің 
қолданылу  орны,  маңызына  дейін  бұл  сыныптарда  назар  аударғаны  жөн.  Мысалы, 
Кендебайға кезіккен жетім бала әкесі туралы «ұзак  жортуылдан келгенде, алты күн 
катарынан  ұйықтайтын»  дейді.  Қазіргі  балалар  «жортуыл»  деген  сөздің  мағынасын  өз 
мәнінде ұға ма? Ұзаса бір сапар, бір жолдан келді, жолаушылап келді деп ұғады. Ал 
«жортуыл»  дегеннің  ұғымы  кеңірек  қой. Батырлардың  жауға  аттануы,  содан  оралуы, 
маңызды  бір  шаруамен  елінен  кетіп,  сапарда  болуы  «жортуыл»  деп  аталса  керек.  Бұл 
жерде «ұзақ жолдан  келген» деп, «жортуылды» «жолмен» ауыстыру мүмкін емес. Себебі, 
баланың  әкесі  жай  кезбе,  қыдырымпаз  емес,  ол  -  батыр.  Батыр  болғанда,  елін,  жерін 
қорғаған батыр. Сол үшін жортуылда жүретін батыр. Мінекей, осындай сөздер, ұғымдар 
оқушылар  оқитын  туындыларда  аз  емес.  Мұғалім  сабаққа  дайындалу  барысында  ең 
алдымен сондайларға назар аударып, оқушы түсінігіне ауыр болады-ау деген сөздерді 
бөліп алып, сол бойынша жұмыс жүргізуі керек. 
Бұл  мәселе,  біріншіден,  оқушының  сөздік  қорын  дамытады, синоним сөздердің 
тілдегі  мүмкіндігін  ашады,  оған  көздерін  жеткізеді,  сөздерді  өз  орнына  лайықты 
пайдалана білуге үйретеді. Сонымен бірге көркем мәтінді өз мәнінде жете түсінуге жетелейді, 
жағдай  туғызады.  Сөздік  жұмысы  тек  төменгі  сыныптарда  ғана  емес,  барлық 
сыныптарда  жүйелі  жүріп  отыруы  керек.  Ізденгіш  мұғалім  оны  қызықты,  тиімді  түрде, 
оқушылардың  белсенділігін  арттыра  отырып,  жүргізеді.  Мысалы,  төменгі  5 -7-
сыныптарда  әр  балаға  «Сөздік  қоржынын»  жасатуға  болады.  Қоржынды  алфавит  бойынша 
қалташаларға  бөліп  (А,  Ө,  Б-ны  бір  қалташа  етуге  болады,  т.  с.  с.),  суретке  арналған 
беттерден  карточкалар  жасап,  өздері  үйренген  сөздерді  жазып,  қоржынға 
орналастырып, сақтап отыру тиімді  болмақ. Оның пайдасы мынау: барлық сөздің оқушы 
есінде қалуы мүмкін емес қой, керегінде қарап отырады, қайталау жұмысында пайдаланады. 
Сақтауға  қолайлы,  әрі  пайдалануға  тиімді  болу  үшін.  Мұндай  қоржындар  кабинетте 
тұрады  (әрине,  оқушының  өз  қалауы  бойынша);  мақал-мәтелдер,  афористік  сөздер, 
шешендікке  құрылған  даналық  ақыл-накылдарды  да  осындай  қоржындарға  жинақтаудың 
маңызы  ерекше.  Оларды  «Жиреншенің  дорбасы»  немесе  «Қарашаның  сандығы»  деп  те 
атауға болады. 
Мұғалім  арнайы бір  уақыттарда  қоржындағы  сөздер  бойынша жарыс  сабағын, не 
«жәрмеңке  сабақ»  өткізіп,  сөздердің  дорба  түбінде  жатып  қалмауын  ойластырып 
отырғаны  жөн.  «Жәрмеңке  сабақта»  қоржындағы  асыл  сөздер сатылады. Сатып  алушы 
оны  білімімен ғана  алады. Олар  сөздерге сөйлем  құрайды,  мағынасын түсіндіреді, ол  қай 
шығармалардан алынған, соны айтып береді, т.с.с. Мүндай жұмыстарды 5-7-сыныптарда 
жүргізген дұрыс. 
Оқушылардың  тілін  байыту,  көркем  сөйлеуін  қалыптастыруда  халық  даналығы  - 
халық  мақал-мәтелдерін  меңгертудің,  сондай-ақ  тұракты  сөз  тіркестерінің  маңызы 
ерекше  7-сыныпта  Ы.Алтынсариннің  «Таза  бұлақ»  әңгіме-аңызы  беріледі.  Әңгіме  «Әй, 
жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген бұлақ басындағы жазуға үш жолаушы үш түрлі 
пікір  айтады.  Бұлақ  басындағы  бұл  сөздер  -  мақал-мәтел  емес,  бірақ  даналық  ойларға, 
ақыл-кеңеске жетелейтін сөздер. Үш жолаушының сөзінде де ақыл-нақыл, даналық пікір 
жатыр. Оны оқушыларға жаттатып, рөлге бөлгізіл,  мәнерлеп оқыту керек. Осы үш ггікірдің 
қайсысы дұрыс, өзіне қайсысы ұнайды, соның айналасында пікірталас ұйымдас-тыру да тиімді 
Сондай-ақ осы сөздер негізіңде, соның үлгісінде  «Әй,  жолаушы,  болсаң,  осы  бұлақтай  бол!» 
деген  ақылдың  айналасында  өз  пікірлеріне  де  жол  ашу  керек.  Сөйлемдердің  оралымды, 


 
145 
шешендікке құрьілуын, ұйқасты, мәнді болып келуін талап ету дұрыс. Осындай жұмыстар 
оқушыларды тек көркем сөйлеуге, не көркем тілін дамытуға баулып қоймайды, ойлай білуге, 
даналықты  түсіне  білуге,  дүниетанымын  кеңейтуте  де  үлкен  әсер  етеді.  5-7-сыныптар 
оқушыларына осы мақал-мәтел, даналык, шешендік сөздерге арнап сыныптан тыс оқулар, 
тіл дамыту жұмыстарын жүргізіп отыру 
керек. 
Жаңалықтың жылы бір лебі - халықтық тәрбие мен тағылымның өрістей бастауы. Ал 
сол тағылым да, білім де, тіл байлығы да шешендік сөздерде, жыраулар тілінде. «Шешендік 
сөздер,  көсемдік  сөздер»  айдарымен  сыныптан  тыс  оқулар,  үйірме  жұмыстарын  жүргізу 
тиімді. Сырымнан, Қазыбек биден, т.б. қасиетті ата-бабалардан қалған шешендік, даналық 
сөз, акыл-накылдармен оқушыларды үнемі  таныстырып отыру керек,  Кабинеттің  бір 
бұрышына  «Шешендік  сөздер,  көсемдік  сөздер»  айдарымен  стенд  коюға  болады.  Әрине, 
мұндай  даналық  сөздерді  балалардың  жас  ерекшелігіне  қарай  сұрыптап,  пайдаланған 
жөн.  Сабақ  процесінде  жоғары  сыныптарда  да  көркем  туындылардан  мақал-мәтелдер, 
даналық сөздер, шешендік оралымдарды  тапқызып, оларды жазушының пайдалану тәсілі, 
әрі маңызына талдау жасатудың маңызы зор. Мысалы, осы мақсатта 10-сыныпта Спандияр 
Көбеевтің «Қалың мал» романы бойынша мынадай зерттеу әдісіне негізделген тапсырмалар 
орындатуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
Үлгі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет