Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет152/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   182
   Е  с  к  е  р  т  у:  осы  үлгіні,  көмекті  басшылыққа  ала  отырып,  оқушылар  ары  қарай 
ізденеді. 
Мына үлгіні басшылыққа алып, Әбіш пен Дәрмен,  Шұбарлардың ой-өрісі, өмір, қоғам 
жайындағы, өз орталары туралы көзқарастарын бағдарлаңдар. 
 
1. Өмірдегі мақсаттары  
2. 
Жалпы 
кедейлер 
туралы 
көзкарастары  
3.  Өнер,  білім,  болашақ  туралы 
ойлары  
4. Абайға деген көңілдері  
Әбіш  
Дәрмен  
Шұбар  
САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ 
Сабақ  түрлері  өтілетін  тақырып  ерекшелігі,  сынып  оқушыларының  құрамы,  жас 
ерекшелігі,  білім  дәрежесі,  сондай-ақ  сабақ  мақсатына  байланысты.  Таптаурын  болған  сабақ 
түрлері,  ең  алдымен,  оқушының  ынтасы,  пәнге  деген  қызығушылығын  төмендетеді.  Ойлау 
белсенділігін тежейді, танымын сұйылтады. Бір сарындылық окушының тек сол пән емес, жалпы 


 
172 
білімге, оқуға  деген көзқарасын өзгертеді. Оқушылардың таным  белсенділігін арттырудың бір 
жолын  әдіскер-ғалымдар,  тәжірибелі,  ізденгіш  ұстаздар  «сабақты  түрлендіріп  беру»  деп 
дәлелдейді. Еліміздегі түбірлі өзгеріс, жаңалық  сәулесі  мектеп,  оқушы,  ұстаздар  арасына  да 
кеңінен  енуде.  Ең  басты,  маңызды  мәселе  -  ұстаздар  қауымына  шығармашылық  жолдың 
ашылуы.  Міне,  осыған  байланысты,  қазір  сабақтың  көптеген  тиімді  түрлері  тәжірибеге 
кеңінен енуде. Әр сабақты мүмкіндігіне қарай түрлендіре жүргізу бүгінгі сабақ, бүгінгі оқытудың 
да басты белгілері. 
Қазір тәжірибеде дәстүрлі сабақтармен қоса, мынадай сабақ түрлері жиі пайдаланылуда: 
       1. 
Дәріс сабақ. 
2. Семинар сабақ (семинар сабақтың өзінің бірнеше түрі бар). 
3.  Пәнаралық байланыста окытуға негізделген (қос) үштік сабақтары. 
4.  Конференция сабағы. 
5.  Сот сабақтары (не билер тартысы сабағы). 
6.  Жәрмеңке сабағы. 
7.  Пресс-конференция сабағы (баспасөз сабағы). 
8.  Концерт сабағы. 
9.  Пікірталас сабағы. 
10.  Айтыс сабақтары. 
11.  Композициялық сабақ. 
12.  Әдеби монтаж сабағы. 
13.  Көзқарас сабағы (урок «Взгляд») 
14.  Брифинг сабақтары. 
15.  Ерлік сабағы. 
16.  Іздендіру сабағы (урок «Поиск»). 
17.  Кездесу сабақтары. 
18.  Практикалық сабақтар. 
19.  «Ұлылар мінбесі» сабағы. 
20.  Емтихан, есеп-сынақ сабақтары. 
21.  Реферат қорғау сабақтары. 
22.  Пікір қорғау сабақтары. 
23.  Көкпар сабағы. 
24.  Жарыс сабағы. 
25.  Ойын сабақтары (әдеби ойындар). 
    Е с к е р т у: Бұл сабақтардың көпшілігі тәжірибеге соңғы кезде тереңірек еніп, 
нәтиже  беріп  жүр.  Бұлардың  барлығын  міндетті  сабақ  түрлері  деуден  аулақпыз.  Ең 
бастысы  -  ұстаздардың  сабақты  түрлендіріп  өткізуде  біршама  алға  басуы,  ізденісін 
көрсету үшін, беріліп отыр. 
Ал енді осы сабақ түрлері қай жағдайда тиімді, қай кезде нәтижелі, оны қай уақыттарда 
пайдалану керек? Мына кесте сол мәселелерге тоқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет