33
4.
Өлеңді оқи отырып, кандай көңіл күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.
Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі. Талдауда
мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл
жұмыста мұғалімнің басшылық - «көсемдік» орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз
еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оның ұйымдастыруы, ойластыруы
арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі,
байланысады да, бір мақсатты көздейді. Ол қандай мақсат? Біріншіден, оқушының көркем
туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден,
көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер
туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.
Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның
ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін дамыту. Сондай-ақ ең басты мақсат - көркем
туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген
тақырыбы, образды жүйесін, т. б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға
баулу.
Талдау кезінде мұғалім оқушылардың сол көркем туынды туралы сезіміне, жүрек
лүпіліне, ойына біршама ене алады. Ол үшін қойылатын сұрақ, тапсырма мазмұны нақты,
әрі басты мақсатты ашатындай берілуі тиіс. ХІ сынып талдау арқылы оқушы қабылдауын,
пікірін ашудың бір жолы -жазбаша жұмыстар жүргізу. Соның ішінде
шығарма-
Достарыңызбен бөлісу: