Ќанипа Бітібаева


талдау, шығарма-сырласу, шығарма-пікірлердің



Pdf көрінісі
бет26/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   182
талдау, шығарма-сырласу, шығарма-пікірлердің маңызы зор. Мысалы, М.Мағауиннің 
«Бір  атаның  балалары»  атты  еңбегін  оқып  болған  соң,  шағын  ғана  шығарма-толғаныс 
жаздыруға болады (талдауға дейін). «Маған Ертай мен Нартайдың қазасы қалай әсер етті?» 
немесе «Балалар қазасы. Ол туралы ойлансаң...» т.с.с. 
Оқушы  жазушы  шығармасын  тілге  тиек  ете  отырып,  талдауды  осыдан  бастауына 
болады.  Мүғалім  әр  баланың  сезіміне  бойлай  отырып,  сол  сезімдер  арқылы,  оқушының 
қабылдауы  арқылы  оларды  әдеби  талдауға  жұмылдырады,  талдау  белсенділігіне  ықпал 
жасайды.Осыдан  шығатын  қорытынды:  әдеби  талдауды  мұғалім  ең  алдымен  үйлесімді 
ұйымдастырғаны  жөн.  Жоғарыда  сөз  болған  «Күз»  өлеңіне  әдеби  талдауды  мынадай 
сұрақтармен жүргізуге болады: 
1. «Күз» суреттері неге өздерің айтып жатқандай, «түсі суық сұр бұлт», «дымқыл 
тұман...» «жапырағынан айырылған қурайлар» арқылы беріледі? 
2. Қалай ойлайсың, «Күзді» сипаттау үшін, кедей өміріне үшін суреттелінген? 
3. 
Өлең неге жабырқаңқы көңіл күймен, ақынның көңілсіз үнімен 
жазылған? Осы арқылы өлеңдегі ақын мақсатын, ойын ашып бере аласың ба? 
Кей жағдайларда оқушы әсері, сезім-күйін байқау сұрақтары мен талдау сұрақтары 
ұштастырылып  беріледі  (жоғарыда  екеуінің  бөлек  құрастырылған  үлгісі  берілді).  Бірақ 
мақсат  -  біреу.  Екі  сұрақ  бір-бірінен  туындап,  бір-бірін  толықтырып  отыр.  Оқытудың 
ілеспелі  (последовательность),  жүйелік  принциптері  әдеби  шығармаларды  оқу,  талдауда 
ерекше  орын  алады.  Мысал  ретінде  5-сыныптағы  Ә.Сәрсенбаевтың  «Алтын  күз»  өлеңін 
талдау,  сұрақ-тапсырмаларының  үлгісін  берейік  (оқушы  сезімін  байқау,  әрі  талдау 
мәселелері бірге қарастырылып отыр). 
1. 
Күзді 
сипаттайтын 
бейнелі  сөздер,  сөз  тіркестеріне 
назар  аударыңдар.  Абайдың  «Күз» 
өлеңіндегі  бейнелі  сөздері  мен  Әбу 
ақынның күзді суреттейтін сөздерін 
мына үлгіде теріп жазыңдар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет