Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет55/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   182
МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ 
       Мысал  -  аллегориялық  жанр.  Айтылатын  ой  ашық  берілмейді.    Астармен, 
меңзеумен  беріледі.  Жануарлар  әлемі,  құс,  өсімдік,  тағы  басқа  мысалдар  бас  кейіпкер 
ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы 
мысал жанрында, әдебиеттегі оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудыың бастауыш 
буынында  беріледі.  Ең  алдымен,  мысал  жанры,  оның  өзіндік  ерекшелігі  туралы  әдеби-
теориялық  ұғымнан  мағлұмат,  түсінік  берген  жөн.  Яғни  мысалда  ойдың  ашық,  айқын 
берілмейтіні,  жорамал,  меңзеу  астарлы  түрде  берілетіні,  кекесін,  мысқыл,  әжуа,  юмор, 
ащы  сатира оның  негізі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларга әңгімелеу, баяндау  әдісімен 
жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы 
ұғымдарды  оқушылардың  өзіне  аңдатып,  түйіндетіп  отыру  керек.  Алдымен,  әдеби-
теориялық  ұғым  беру,  оқушыларды    оқығалы  отырған  көркем  шығарма  ерекшелігін 
аңдауларына,  ары  қарай  оны  талдау  белсенділіктерін  арттыруға  жетелейді.  Оқығалы 
отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ (мұғалім 
мысал жанры туралы кіріспе түсінікті сол тапсырманы беру алдында айтуы керек). Мұғалім 
ол  үшін  оқушыларға  мынадай  үлестірме-көмек  нұсқау  таратып,  өз  беттерімен  оқу,  түсіну, 
талдау  жасауға  жетелейді.  Мысалы,  5-сыныптағы  И.Крыловтың  «Есек  пен  бұлбұл» 
мысалын алайық (Абай аудармасы). 

Есек пен бұлбұл туралы не білесіңдер? Есек қандай 
хайуан, бұлбұл қандай кұс? 
(Өздеріңе арнап көгілдір экраннан беріліп жүрген әр түрлі хабарларды, өздерің оқыған 
ертегілерді еске түсіріңдер). 

Есектің өтінші, яғни бұлбұлға ән салып бер деуіне көңіл 
қой. 
7. Бұлбұл әнінің «мың түрлі күйге салған» құдіреті 
сипатталатын шумақтарды тап. Адам, жан-жануар, табиғат- 
тың сол кездегі қалпын көңіліңе тоқы. 
8. Есектің бұлбұл әніне берген бағасы, сыны айтылатын шумақты тауып, назар аудар. 
9. «Әтештен үйрену керек» деген ақылға қосыласың ба? 
Қосылмасаң, себебін дәлелдеуге тырыс. 
4. Ең соңғы шумақтың мазмұнына ой жүгірт: 
а) Қалай ойлайсың, неге ақын «Мұндай сыншыдан құдайым бізді сақтасын» деп, 
қорытындылайды. 
ә) Өзің осы қорытындыға келісесің бе?  
б) Қорытындыға автордың  көңіл күйі туралы не айтар едін? 
-  Осы мысалда есек, бұлбұл, әтештер арқылы ақын не айтпақшы болған деп 


 
71 
ойлайсың? 
-  Өзің сабақта осылардың қайсысының сөзін мәнерлеп оқып едің? 
Мысалдарды  талдауды  ең  тиімді  әдісі  - рөлге  бөліп  оқу, инсценировка-көрініс  жасау. 
Көрнекіліктің де маңызы зор. Сурет бойынша немесе басқалай ойластырып, қарапайым ғана 
қатты қағаздан макеттер жасап (оған бұлбұл, есек, әтеш мүсіні), мысал оқу барысында оқиға 
көз алдында өтіп жатқандай көрініс берілсе, оқушылардың ынтасы,  қызығушылығы 
артар еді. 
Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мысал жанры туралы тағы да қайталап, өздері үйден 
танысып келген «Есек пен бұлбұлды» жазған орыс жазушысы И.Крылов, оны аударған Абай 
аталары туралы шағын әңгіме, дерек береді. Мысал алдын ала оқуға тапсырылғаны себепті, 
мынадай сұрақтармен оқушыларды пікірлесу, әңгімелесуге шақыруға болады. 
- Балалар, «мысал» деген не, кім айтып береді? 
- Өздерің оқыған мысалдың мазмұнын, болған оқиғасын қайсың әңгімелер едің? 
- Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер? Олар арқылы ақын нені, кімдерді сөз етпек 
болған. Мысал жанрына тән «Есек пен бұлбұлда» қандай астарлы ой бар деп ойлайсың? 
- Өзің кімді құптайсың, ақын кімді құптайды деп 
ойлайсың? Ойыңды мысалдан үзінді ала отырып, дәлелдеуге тырыс. 
Осы  мазмұнда  әңгімелесу  оқушылардың  мысалды  қай  дәрежеде  оқып,  меңгергенін 
білдіреді, әрі өз пікірлерін айта білу, өз беттерімен көркем  мәтінді талдау, сөйлей білу, тілін 
дамытуга  игі  ықпалын  тигізеді.  Алдын  ала  осыңдай  шағын  пікірлесу  арқылы  балалардың 
қаншалыкты  өз  беттерімен  оқып,  меңгергенін  білгеннен  кейін,  мысалды  мұғалім 
мәнерлеп  оқып  (мүғалім  оқып  тұрғанда,  макеттерден  көрініс  берілсе),  оқушыларды  рөлге 
бөлгізіп оқытып, мәтінмен жұмыс істету керек. Түсініксіз сөздерге түсіндірме жасау да аса 
қажетті мәселелердің бірі. Мәтінмен жұмыстан соң  мұғалім  өзі  сұрақ  қойып,  әрі  жауап 
бере отырып, әрі оқушылар пікірін толықтырып, мысалға талдау жасайды. 
1. Балалар, «Есек пен бұлбұл» мысалы арқылы ақынендей мәселелер көтерген? 
Мысалдың негізінде қандай астарлы ой айтылған? Ең алдымен кімдерді тыңдағың келеді? 
2. Неге осы мысалда бас кейіпкерлер етіп есек, бұлбұл әтеш алынған? 
3. Олар арқылы қандай адамдар, нелер айтылмақ болған? 
4. Мысалдағы негізгі ойды беру үшін, ақын қандай әдіс-тәсіл пайдаланған? 
- «Есек пен бұлбұлда» мысал жанрына тән әжуә, 
мысқыл, ащы сын, сатира, келемеж бар ма? 
Сабақты  қызықты  етіп  өткізу  үшін,  жоғары  сыныптың  қабілетті  окқшыларымен 
мысалды инсценировкалап, талдау алдында көрініс беріп, әншілердің айтуындағы «Бұлбұл 
әнін»  де  пайдаланса,  артық  емес.  Мұндай  сабақтарды  әдеби-композициялык  сабақтар  деп 
атайды. 
Жалпы,  қай  әдеби  жанрда  жазылған  шығармаларды  талдамасын,  мүғалім  сабақ 
өткелі  отырған  тақырып  ерекшелігі,  сынып  ерекшелігіне  назар  аударып,  сонан  соң  барып, 
пайдаланылатын  көрнекілік,  т.б.  оқу  жабдықтарын,  әдіс-тәсілдерді,  сабақ  түрлерін 
үйлестіре,  тиімді  дегендерін  сұрыптап  ала  білу  керек.  «Есек  пен  бұлбұл»  сияқты  барлық 
мысалдар  көлемі  жағынан  тұжырымды,  қысқа,  айтар  ойы  жағынан  қомақты,  салмақты 
болып келеді, әрі жоғарыда айтқанымыздай, айтылмақ ой жасырын жатады. Оқуға жеңіл, 
әрі қысқа осындай мысалдар тез оқылады, ал,  түп  негізіндегі  салмақты  мәселелерді  тез 
аңғару оңай емес. Мысалдың осы бір ерекшелігін ескере отырып, мұғалім оны сыныпта оқып, 
балаларға  оқытып,  практикалық  тапсырмалар  да  беруге  болады.  «Есек  пен  бұлбұлды» 
мынадай бөлімдерге бөлуге болады: 
I бөлім. «Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы» бұлбұлға кездесуі). 
IIбөлім. «...бір сайрап берсең».« (есектің өтініші). 
III бөлім. «Өнерге салды бұлбұл...« (Бұлбұл әні). 
IV бөлім.«... сен біраз әтеш әнін үйрен...« (есектің ақылы). 
V бөлім. Авторлық қорытынды: «... Құдайым бізді сақтасын...». 


 
72 
Осындай  жұмыстарды  алғашқы  сабақтарда  балалармен  бірге  орындап,  оларға 
басшылық  жасап,  келесі  мысалдарды  оқушылардың  тек  өздігінен,  жеке  дара,  мұғалім 
көмегінсіз  талдауына  ұсынуға  болады.  Ақын  стилі,  көркемдік  тәсілін  талдауға  да 
мысалдарды оқытуда ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін әр бөлімдегі (жоғарыда көрсетілген) 
ақын тәсіліне назар аударған жөн. 
 
Мысалы: 
I  бөлімде - авторлық баяндау, суреттеу
II бөлімде - диалог, сұрақ; 
IIIбөлімде - баяндау, суреттеу; 
IVбөлімде - диалог, ақыл; 
V бөлімде - авторлық қорытынды, шешім, ақыл-на- 
қылдардың орын алатынын дәлелдеу дұрыс болып саналады. 
Үйге тапсырма  балалардың  сабақты  қалай  меңгергеніне байланысты  беріледі.  Жалпы 
қабілеттеріне  әсер  ету,  білім  дағдыларын  жетілдіру  мақсатында  рөлге  бөліп,  жатқа 
мәнерлеп оқу, көрініс көрсету сияқты шығармашылық  сипаттағы тапсырмалар беру аса 
тиімді болып келеді. 
Әдебиет  сабағы  ақыл-өнегеге,  ғибратқа,  даналыққа,  имандылыққа,  адамгершілік 
үлгілерге толы болу керек десек, мысал туындыларынан осының берін кездестіруге болады. 
Сондықтан осы «Есек пен бұлбұл» арқылы әділдікті, өнерді, кішіпейілділікті үлгі ете отырып, 
әділетсіздік, тұрпайылық, топастықтан жирендіру жұмыстарын жүргізу керек. 
Мысал  жанрын  оқытуда  да  оқушылардың  таным  белсенділігін  арттыратын, 
әсіресе,  әдеби  тартысқа  жетелейтін,  іздендіру,  зерттеу  жұмыстарына  баулитын  әдіс-
тәсілдерді  пайдалану  тиімді  болмак.  5-сынып  бағдарламасы  бойынша  Асқар 
Тоқмағамбетовтың  «Бидай  мен  қаңбақ»  мысалын  оқытуда  осы  әдіс-тәсілдерді  қалай 
пайдалануға  болады,  соған  тоқталайық.  Екі  мысалды  салыстыру  аркылы  пікірлесу,  айтыс 
нышаны бар әңгімелесуге жұмылдыру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет