МАҒжан поэзиясы және ел мүддесі



жүктеу 105.99 Kb.

Дата02.01.2017
өлшемі105.99 Kb.

УДК 82-1 

 

Қ.С. Мәмбетов



1

, Ж. Танауова

2

, М.Қ. Мәмбетова



Қ.А.Ясауи ат. Халықаралық Қазақ-Түрік университеті  

Түркология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.,  

Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері 

Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. 

Түркістан, Алматы, Қазақстан 

e-mail: 

turkologi@mail.ru

mmanshuk@mail.ru



 

 

МАҒЖАН ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ЕЛ МҮДДЕСІ 

 

Мақалада  қазақ  поэзиясында  ғана  емес  бүкіл  Түркі  әлемінде  поэзия  жанрында 

айрықша  із  қалдырған  өзіндік  үлкен  өнер,  өрнек  тудырған,  терең  сырға,  ұшқыр  қиялға 

толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабайұлының 

шығармышылығы ел мүддесіне қатыстылығы тұрғысынан сөз етіледі. Мағажан Жұмабаев 

поэзиясының  күш-қуаттылығының  сыры  елін-жерін  шексіз  сүйген  өрлігінен,  ерлігінен 

екендігін  өлеңдерінің  өн  бойынан  көрініп  тұратындығы  оның  шығармалары  арқылы 

талданаду. 

Түрікшілдік,  исламшылдық  ағымдары  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланысты,  бірі  – 

түрік  халықтарының,  екіншісі  –  бүкіл  мұсылмандардың  басын  біріктіруге,  сол  арқылы 

империалистік озбырлыққа қарсы тұруға тырысады. Одан шапқыншылық сипат іздеу шындыққа 

жанаспайды.

  Қаншама  қара  күйе  жағылып,  әділетсіздіктер  болса  да,  ұлы  Мағжанның 

жүрегінен  шыққан  отты  жыр  жолдарын  өшіре  алмады.  Оның  бар  мақсат-мұраты  – 

халқының қамы, қапас бұғаудан босанса, өнер-білім алса, өркениетті, мәдениетті елдердің 

қатарына  қосылса,  сөйтіп  халқының  жігер-қайратын  шыңдайтын,  ішін  жаңалайтын, 

өзіндік өрнек мәнерімен халқына өлең-жырларын арнады. Мақала ақын шығармаларының 

осындай қырларын ашуға тырысады.  



Кілт сөздер: поэзия, қазақ поэзиясы, түркі әлемі, ақын, шығармашылық, жыр. 

 

MAGZHAN’S POETRY AND STATE INTERESTS  

 

In  the  article  Magzhan  Jumabayuly  considered  as  one  of  the  great  poet  in  not  only 

Kazakh poetry, but entire Turkic world exclusive left its mark on the genre of poetry in her art, 

which  led  to  expression  of  deep  secrecies,  breakthrough  full  of  fantasy  world  which  had  been 

devised by his poems and discussed his creativity. There were analyzed the courage,   the secret 

of  the  infinite  capacity  of  the  power-kissed  M.  Zhumabayev’s  poetry  in  different  parts  of  the 

country along which were shown throughout the consists of poems. Turkic and Islamic flows are 

closely  related  to  each  other,  one  is  about  the  Turkish  people,  the  second  is  for  uniting  all 

Muslims,  thereby  trying  to  resist  the  imperialist  violence.  And    searching  invasion  from  the 

property  is  far  from  the  truth.  Even  there  where  a  lot  of  black  viciously  injustice,  it  could  not 

stop the ways of the great fire of poetry from the heart of Magzhan. He has a great mission such 

as  taking  care  of  the  people,  slum  able  to  break  free  of  the  yoke,  take  education  and  art,  to  be 

connected  to  a  number  of  countries  which  have  civilization,  culture,  in  this  way  he  wanted  to 

develop the efforts of the people inside rejuvenating by his self-expression style poems dedicated 

to the people. The article tries to open the same aspects of the poems of the poet. 

Keywords: poetry, Kazakh poetry, Turkic world, poet, art. 

 

МАҒЖАН ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ЕЛ МҮДДЕСІ 

 

 

ХХ ғасырда Түркі әлемінде поэзия жанрында айрықша із қалдырған өзіндік үлкен 

өнер,  өрнек  тудырған,  терең  сырға,  ұшқыр  қиялға  толы  өлең  дүниесін  кейінгіге  аманат 

етіп қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабайұлы. 



Мағжанның  өлеңдерін  оқи  отырып,  бойыңа  күш-қуат,  қайрат,  жігер  алғандай 

боласың, әсем сезімге бөленесің. Ол Мағжанның өлеңінің құдіреті деп есептейміз. 

Мағжан ақынның «Өлең» атты туындысында: 

Тарықса жаным, 

Ауырса тәнім, 

«Сүйеуім бар!» демейтін [4, 38]. 

«Тарықса  жаның»,  «ауырса  тәнің»  «сүйеу  болатын»  ұлы  Мағжанның  өлеңін  оқы, 

өзі  көп  айтатын  тылсым  буғандай  әсерге  енесің,  таңғаларлық  күй  кешесің,  ойлар  мен 

толғамдардың  терең  тұңғиығына  сүңгіп,  ауырған  тәніңе,  тарыққан  жаныңа  ем  табасың. 

Ақынның құдіретті шеберлігіне бас иесің. 

Көрнекті  қалам  қайраткерлері  Ж.Аймауытов  пен  М.Әуезов  1918  жылдарда  былай 

деп  жазған  екен:  «Сезімге  әсер  берерлік  суретті  өлеңдер  көбінесе  Мағжан,  Міржақып, 

кейде  Сұлтанмахмұт  әм  Ахмет  Мәметовтікі.  Бұлардың  өлеңінде  өзгеше  бір  сарын  бар, 

жүрегінің  сезімін  суреттейтін  нәрсемен  жалғастырып  әкететін  артықша  бір  маңыз  бар. 

Бұлар  сыршыл  (лирик)  ақындар»  [7],  –  дейді..  Мағжан  Жұмабайұлының  «Сезімге  әсер 

беретін»,  «өзгеше  бір  сарын»,  «артықша  сезімнің»  ақыны  деп  жоғары  дәріптеген 

Ж.Аймауытов пен М.Әуезов. 

Филология ғылымдарының докторы М.Базарбаев:  «Мүмкін ақын туындыларының 

уақыт  сынына  төтеп  берерлік  тіл  құнарлығы  мен  ой  тереңдігін,  сөз  қолдану  шеберлігін, 

жалпы  көркемдігін  басты  ерекшелігі  деп  айтармыз.  Өйткені  оның  нағыз  өзіндік  бет-

бағдары  мен  айырым  қырлары  осы  маңайдан  табылмақ.  Тәңірдей  талантының,  дарын 

табиғатының  көрінісі,  осы  бұлақтай  мөлдір  поэзиясынан  көрінеді.  Ол  поэзияға  басыңды 

иіп,  тәнті  боласың.  Түп  асылы  Мағжан  Жұмабаевтың  ақындық  ерекшелігін  дәл  тауып 

бағалап,  көпшілікке  жеткізу  оңай  іс  емес,  әрі  ол  бір  күннің  ісі  болмас.  Ой-қиял 

ұшқырлығы,  молдығы,  сөз  кестесінің  әрқилы,  сан  айшықты  болып  келуі  –  мүлде  жайы 

бөлек  дүниелер.  Әңгіменің  түп  түйініне  келсек,  М.Жұмабаев  Абай  тәжірибесін  бойына 

сіңірген де өзімен қатар өмір сүрген Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин, Ілияс 

Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Сәбит Мұқанов творчестволарына мүлде ұқсамайтын, 

соны тың жол салған» [4, 14-15], – дейді. 

М.Жұмабайұлы  ұлы  Абайды  ұлы  тұтқан,  пір  тұтқан,  «хакім»  деп  қадірлеген. 

Абайдың  ұлылығын  мойындаған.  1912  жылы  Қазан  қаласында  «Шолпан»  атты  тұңғыш 

жинағына  «Атақты ақын, сөзі  алтын Хәкім Абайға» өлеңінде:  «Шын хакім, сөзің асыл  – 

баға жетес», «бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетес», дей келіп, өлеңнің ең соңғы қатарында 

«жүйріктің айтқан сөзі көпке кетер», деген өлең жолдары. шындығында. бүгінгі таңда ұлы 

Абайдың «баға жетпес асыл сөзі» Түркі әлеміне танылып, асыл мұрамызға айналды. 

Алдыңғы  толқын  Жүсіпбек  Аймауытов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов 

сықылды Мағжан Жұмабайұлына да жағылмаған қара күйе, айтылмаған лас сөздер қалған 

жоқ. 


М.Жұмабайұлы талай әділетсіз сындарды естиді. 

Қаншама қара күйе жағылып, әділетсіздіктер болса да, ұлы Мағжанның жүрегінен 

шыққан отты жыр жолдарын өшіре алмады. Оның бар мақсат-мұраты – халқының қамы, 

қапас  бұғаудан  босанса,  өнер-білім  алса,  өркениетті,  мәдениетті  елдердің  қатарына 

қосылса,  сөйтіп  халқының  жігер-қайратын  шыңдайтын,  ішін  жаңалайтын,  өзіндік  өрнек 

мәнерімен халқына өлең-жырларын арнады. 

1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан Міржақып Дулатұлының «Оян, 

қазақ!» атты өлеңдерінің тұңғыш жинағы жеке-жеке басылып шыққан болатын. Жас ақын 

Міржақып Дулатов қараңғы қазағын оятуға арнаған өлеңінде: 

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, 

Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 

Қазағым, енді жату жарамас-ты [8]. 


Бүгінгі таңға дейін өлеңнің өзіндік құндылығы жойылмаған, ғажайып айтылған, бір 

ауыз  өлеңге  халықтың  сол  кездегі  жай-күйін  түгел  жеткізген  мағынасы  өте  жоғары, 

идеясы өте терең өлең. 

«1912–1915  жылдары  Мағжан  Жұмабаев  «Қазақ»  газетінің  редакторы,  тюрколог, 

қоғам қайраткері көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және шығыс мәдениетімен де, 

батыс  мәдениетімен  де  жан-жақты  терең  қаруланған,  аса  дарын  иесі  Міржақып  (Мир-

Якуб) Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір қырына көтерілді. Мағжанға 

европалық  білім  алуға,  орыс  тілін  үйреніп,  мәдениетімен  қанығуға  олар  көп  септігін 

тигізген» [9], – деп жазады М.Базарбаев. 

Міржақып  Дулатұлы  –  жазушы,  ойшыл,  асқан  дарын  иесі,  қоғам  қайраткері    өте 

білімді азамат. М.Дулатұлының М.Жұмабайұлына ықпалы жан-жақты болған. Сөзіміздің 

айғағы  ретінде  С.Мұқановтың  «Мағжанның  ақындығын  қозғауға  екінші  себеп  – 

Міржақып болу керек» [10], – деген жорамалы дәлел болады. 

Ұлы,  дарынды  талант  иесі  М.Жұмабайұлы  М.Дулатовтың  «Оян,  қазақ!»  өлеңінің 

негізінде  «жатыр»,  «Шын  арлы»,  «Сорлы  қазақ»,  «Өнер  –  білім  қайтсе  табылар?, 

«Қазағым»,  «Қарағым», т.б. өлеңдерін қалың қазағын ұйқыдан ояту үшін білім-ғылымға, 

өнерге шақыру мақсатында жазған өлеңдері. 

М.Жұмабайұлын оқу-өнерден кемшін қалған қазақ елінің жай-күйі қапаландырады, 

толғандырады, кейде тіпті ашындырады. Ақын «жатыр» өлеңінде: 

Ойламай біздің қазақ текке жатыр, 

Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр. 

Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң, 

Қазекең таң қаларлық кепте жатыр [4, 34]. 

Ақындық  қайрат,  өжеттілікте  осындай  ащы  шындықтан  бастау  алып,  асып-тасып 

жатқандай.  Ақын  өлеңнің  бастапқы  шумағында:  «Басқа  жұрт  аспан-көкке  асып  жатыр», 

«кілтін өнер-білім ашып жатыр»,  «бірі  –  ай,  бірі  –  жұлдыз,  бірі  –  күн  боп»,  «жалтырап 

көктен  нұрын  шашып  жатыр»  деп  ақын  ұйқыда  жатқан  халқын  өнер-білім  алуға 

шақырады.  Ақынның  бұл  өлеңінде  қазақтың  мешеу  қалған  қараңғылығын  сын  садағына 

алып,  болашақте  «өнер-білім  алуға»,  «күнбе-күн  алға  қарай  баруға»  шақырады,  үндейді. 

Ақын «Сорлы қазақ» өлеңінде: 

Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді

Қылыш алып, «надандық» саған кезенді. 

Шетке лақтыр, тымақтай алып, тұра кеп, 

Ертеңді-кеш басыңа мініп езгенді! 

 

Кітап әпер, оқысын балаң, қолына, 



Малды аяма оқу-білім жолына

Өнер алып басқалармен қатар бол, 

Жер жүзі бір адамзаттың ұлына [4, 41]. 

Мағжан  қазақ  халқын  надандықтан  арылатын  кез  келді,  «білімге  жүгір»,  «кітап 

әпер», «оқысын балаң қолына», «малды аяма оқу-білім жолына» деп қазақтың қараңғылық 

жолынан құтылудың жолын меңзейді. 

М.Жұмабайұлының «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңінде: 

Ер жігіт өнер табар ерте қуса, 

Ерініп,  шаршамастан,  белін  буса  [4,  41]  –  дей  келіп,  «ізденсе,  қадірлесе, 

жайланбаса»,  «қақ  жарар  қара  қылды  тура  бөліп»,  «жамандық  –  аты  өшкірге  жақын 

жүрмей»,  «өзінен  басқа  жанды  кем  көрмесе»,  «көзі  ашық  адамдарға  жақын  жүрсе», 

«наданды  қас  деп  білсе»,  «өнер-білім  –  қарны  ашқа  ас  деп  білсе»,  деп  кейінгі  ұрпағына 

өнер-білімге  жақын  бол,  тура  жолға  түс,  оқыған  азаматтардан  үлгі-өнеге  ал  деп, 

жамандықтан жиренуге шақырады. 

М.Жұмабайұлының  ақындық  қасиеті  Қазан  төңкерісінен  көп  бұрын  қалыптасқан, 

жаңа кезеңде көп нәрселерге байсалды жауап іздейтін адам тіршгілігінің,  өмірінің мәнін 



ұққысы  келетін,  таланты  жетсе,  оның  құпиясын  ашуға  ұмтылатын,  сара  сезімнің  ақыны 

болып  келетін.  М.Жұмабайұлы    таланты  мен  жан  жүрегімен  жазған  өлеңдеріне  баға 

берген  естелігінде  башқұртстанның  белгілі  қарт  жазушысы  Сайфи  Құдаш:  «Қазақтың 

талантты жас ақыны Мағжан Жұмабайұлы «Ғалия» медресесінде «Садақ» атты қолжазба 

журнал  шығара  бастады,  өзінің  медреседегі    оқу  кезінде  шығарған  өлеңдерін  соның 

бетінде жариялап тұрды. 

1912  жылы  Қазанда  оның  тұңғыш  өлеңдер  жинағы  да  шықты.  Сөйтіп  қазақтың 

поэзия  әлемінде  өзіндік  беті  бар,  ерекше  ақын  дүниеге  келді.  Абайдың  классикалық 

дәстүрін алға алып барушылардың ең ірісінен саналмақ» [11]. 

Мағжанның  қазақ  поэзиясы  мен  жалпы  түрік  әлемінің  поэзия  жанрында  алатын 

орны  ерекше.  Мағжанға  табиғат  берген  мінез  дөп  келіп,  өлең  қайсарлығы,  жаралыс 

қайсарлығымен  тең  келіп  тұр.  Оның  әсіресе  романтикалық  асқақ  шабытпен  жазылған 

«Мен кіммін?» деген өлең шумақтарынан біраз жайды аңғарамыз: 

Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын

Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын. 

Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк, 

Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын. 

 

Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, 



Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. 

Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, 

Көз қырымен күліп қана қарармын. 

  

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,  



Надан адам өлім жоғын білмейді. 

Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би, 

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? [4, 97]. 

Ақын «өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би» немесе өлеңнің ең басты тармақтарында 

«арыстанмын, айбатыма кім шыдар?», «жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?»  деген осы 

өлең  жолдары  ақынның  асып-тасуын  емес,  «көкте  –  Күнмін,  көпке  нұрым  шашамын» 

демекші  халқына  нұрын  шашқан,  шуақты,  адамгершілігі  асқақ,  жайдың  жасынындай 

өткірліктің  белгісі.  Мағжан  жарамсақтықты  білмейтін,  өсек-аяңға  ермейтін  ащы 

шындықтың айнасы болған. Оны өз білген, сезген, түсінген, ол сөздердің қадірменді иесі 

бар  екенін  де  білген.  Ол  –  парасат  қайнары,  мейірбан  жүректі,  туған  елі,  Түркі  әлемі 

болатын. 

Мағжан  Жұмабайұлы  өзінің  өмір  сүрген  ортасында  болып  жатқан  оқиғалардан 

алыс кетеген, көзімен көргенін, құлағымен естігенін, қолымен ұстағанын ақ қағаз бетіне 

айқын, ашық, боямасыз, сол қалпында түсіріп отырған. Оның жазған өлеңдерінің бәрі де 

заман дәуіріне орай жазылғандықтан, рухы асқақтап тұрады. 

Мағжан  Жұмабайұлы    бар  өмірін,  өнерін,  өлеңін,  білгенін  сол  туған  халқына 

арнаған ұлы ақын. Оның «Жан сөзі» деген өлеңінде: 

Өмір –теңіз, жоқ оның түбі, шеті, 

Сылқ-сылқ күлген сиқырлы толқын беті. 

Осы өмірге кіргелі көп күн болды, 

Енді бір ай – толады жиырма жеті [4, 163]. 

Мағжан  Жұмабайұлы  өлең  шумақтарында  жиырма  жеті  жылдың  өмірін  заман 

тұрғысымен  салыстыра  суреттеген.  Өзінің  тегін,  жерін,  өмрдегі  азаматтық  орнын 

ардақтаған,  өлең  сөзді  асыл  маржандай  терген:  «қазақ  елім,  бір  ауыз  сөзім  саған: 

болғайсың,  сыншы  болсаң,  әділ  сыншы,  кінәні  жүрекке  қой,  қойма  маған!»  деген  өлең 

жолдарында ақын сұлу жырмен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса өне бойы қапаста, 

қайғы  мен  қасіретте  өмір  кешіп,  ақырында  мүлт  кеткен,  өзі  айтқандай,  соры  арылмаған 

халқының  зарлы  перзенті.  Ақынның  «мен  өлмеймін,  менікі  де  өлмейді»  деген  терең 



философиялық  ойлары,  бүгінгі  таңда  шындыққа  айналып  отыр.  Мағжанның  астарлы  да 

жүйелі, мазмұнды, шынайы өмірге құрылған өлең-жырлары ешуақытта өлмейтіні ақиқат. 

Мағжанның  көзден  таса  болған  асыл  сөздері,  өзінің  асқақтаған  рухы  тәуелсіздігіміздің 

аспанында қалықтап жүр. 

Ұлы  Абайдың  өлеңдер  жинағы  1909  жылы,  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Қырық 

мысалы», Міржақып Дулатұлының  «Оян, қазағы!» жарық көрсе, 1912 жылы Мағжанның 

«Шолпан»  атты  өлеңдер  жинағы  жарық  көрді.  Ғалымжан  Ибрагимовтың  өзі  1911  жылы 

шыққан  «Қазақ  қызы»  романының  бірінші  бетіне  16  жасар  Мағжанның  «Алға»  деген 

өлеңінің бір шумағын эпиграф етіп келтірген: 

Кең дала көресің ғой мынау жатқан, 

Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан. 

Асқар тау, балдан тәтті сулары бар, 

Әне сол анам еді мені тапқан [4, 87]. 

Мағжан Жұмабайұлы тек қазақ халқының ұлы ақыны ғана емес, Түркі әлемінің де 

қайраткер ақыны. Мағжанның аты жалпы алаш жұртына  «Айқап», «Қазақ» басылымдары 

арқылы  тарала  бастайды.  1916  жылы  Мағжан  Омбының  мұғалімдер  даярлайтын 

семинариясын  ойдағыдай  бітіріп,  туған  өлкесіне  оралады.  Қазақ  даласында  «Алаш» 

партиясын  құруға  қатысып,  Ақмола  губерниялық  «Бостандық  туы»  газетінде  жұмыс 

істейді. 

Мағжан Жұмабайұлының бұл кезеңде басынан драмалық азапты күндер өткен еді. 

Уақытша өкіметі кезінде және одан соң біресе Колчак әскері, біресе Совдеп билік құрып 

тұрған  кезде  «Алашорда»,  «Үш  жүз»  партияларының  айтысы  кезінде  Мағжан  «Алаш» 

партиясының мүшесі ретінде біраз уақыт түрмеге жабылды. Сол тұста өзінің «Сағындым» 

өлеңін жазған болатын: 

Абақтыда айды, күнді жаңылдым, 

Сарғайдым ғой сар даламды сағындым. 

«Қарашығым, құлыным!» - деп зарлаған, 

Алыстағы сорлы анамды сағындым [4, 143]. 

Мағжан  тар  қапас  абақтыда  жатып  «ағайынды,  туған  елді  сағындым»,  «жан 

достарды сағындым»  деп мұңын, зарын еліне жеткізеді. 

Өршіл  ақын  «маған  атақ  ұлтым  үшін  өлгенім»,  «мен  өлсем  де,  алаш  өлмес, 

көркейер» деп болашақтан көп үміт күтеді. 

Не көрсем де алаш үшін көргенім,  

Маған артық ұлтым үшін өлгенім.  

Мен өлсем де алаш өлмес, көркейер,  

Істей берсін қолдарына келгенін… 

 

Қалың елім, қалың қара ағашым,  



Қайраты мол, айбынды ер алашым!  

Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,  

Ақымақтар байқамаған шамасын! [4, 144]. 

Мағжан  басынан  қаншама  қиын  тауқыметті  өткізіп,  әйелі  Зейнеп  пен  ұлынан 

айрылды. Бұл тұста Мағжанның әйгілі өлеңінде «Мені де, өлім, әлдиле», «Қажыдым енді, 

күш бітті», «Көңілсіз, салқын, күн бұлтты», «Жел бұйығып тербелген», «Балқиды жаным 

бұл күйге», «Мені де, өлім, әлдиле!», «Әлдиле, өлім, әлдиле!» - дейді. 

Жиырмасыншы 

жылдары  Мағжан  Жұмабайұлы  Ташкентте  «Шолпан»,  «Сана», 

«Ақжол»  газеттерінде  қызмет  атқарып,  туындыларын  бастырып  шығарды.  Осы  тұста 

«Батыр Баян» поэмасы жазылып, жарыққа шығады. 

 1923–1927 жылдары Мағжан Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында 

оқиды. Мағжан орыс және Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, танысады. 

Мағжан  Жұмабайұлын  байшыл,  ескішіл,  керітартпа,  уайымшыл  ақын  деп  сын 

мақалалар  көбейе  бастайды.  1923  жылы  Ташкент  жұртшылығы  алдында  Ж.Аймауытов 


Мағжан  ақындығын  талдап,  терең  түсіндіретін  баяндама  жасап,  оны  «Лениншіл  жас» 

журналына  бастырып  шығарса  да,  сыңаржақ  сыншылар  тобы  ақынның  соңынан 

қалмайды. Қайта Ж.Аймауытовтың өзін қоса сынайды. Мағжан Жұмабайұлының  ескішіл, 

жат өлеңдері орынсыз мақталды деп, оған кінә қояды. Сол тұстағы пендешілікке салынған 

кейбір  ақын-жазушыларымыздың  іс-әрекеттері  адамгершілікке,  адамдық  қасиетке  лайық 

емес іс-әрекеттер болатын. «Бірақ 90 жылдары Әбділда Тәжібаевтың өзін-өзі сынға алып, 

«Мағжанның  алдында  кешірілмес  күнә  жасадық»  деп,  1989  жылғы  Мағжан  жинағына 

мүлде жаңа көзқараспен мақала жазуын ақын алдындағы адамдығы деп қарауымыз керек» 

[4, 17], – дейді ғалым М.Базарбаев. 

 1929  жылы  Мағжан  «Алқа»  атты  жасырын  ұйым  құрғаны  үшін  деген 

айыптаулармен  он  жылға  сотталады.  Шын  мәнісінде  бұл  Сибревком  жанындағы  Қазақ 

АССР  өкілінің  келісімімен  құрылған,  көпшілік  қауымға  белгілі,  отырықшылыққа 

айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді.  

Мағжан  Жұмабайұлының  жала  жабылып,  аққа  күйе  жағылып,  бұрмалаушылыққа 

салынып  түрмеге  қамалды.  1936  жылы  М.Горький  мен  Е.Тишкованың  араласуымен  аз 

ғана  уақыт  бостандық  алғанымен,  1937  жылы  Мағжан  Жұмабайұлы    қайта  қамалып, 

тарихи деректерде 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзілді деп жазылған. 

Мағжан  Жұмабайұлы  Түркі  әлемінде  өзіндік  орны  бар,  ұлы  ақын.  Ол  туралы 

башқұрт  халқының  аса  үлкен,  қадірмен  жазушысы  Сайфи  Құдаш  тебірене  баяндайды. 

Сайфи  Құдаш  ғасырдың  бас  кезінде  Солтүстік  Қазақстанда  Мағжанмен  бірге  қызметте 

болған  онымен  жете  таныс  адам.  Сайфидің  1969  жылы  Қазақстан  басшыларына  

Мағжанды  ақтау,  шығармаларын  жариялау  керектігі  жайында  толғана  жазған  хатында: 

«М.Жұмабаевты  мен  өзіндік  ерекше,табиғат  болмысы  бөлек,  өлеңнің  асқан  шебері 

санағанмын және солай санаймын да: бұл орайда ол Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі 

дамытушы  деуге  болады.  Сонымен  бірге  оның  өмірі,  ақындық  еңбегі  және  трагедиялық 

тағдыры бір-бірімен тұтас, бұлақ суының бір тамшысындай. М.Жұмабаев творчествосына 

бір  жақты  баға  беру,  яғни  оны  революционер-күрескер  дәрежесіне  көтеру,  немесе 

керісінше,  Совет  өкіметі  мен  қазақ  халқының  қас  жауы  етіп  сипаттау  –  біздің 

тарихымыздың тұрпайы да анайы, орны толмас олқылығы, екінші жағынан біздің мәдени 

мұраға деген көзқарастың жауапсыздығы, барып тұрған дөрекі, нигилизмнің өзі. Мұндай 

теріс  түсінік  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі    тарихи  жағдайды  толығымен 

бағаламаудан  туары  анық,  немес  Пролеткульт  пен  РАПП  белсенділерінің  тұрпайы 

социологизм туын ұстаушы ғана болып қалуы деуге болады» [13]. Түркі әлемінің көрнекті 

жазушысы  Сайфи  Құдаш  Мағжан  Жұмабайұлына  өте  әділ  бағасын  берген.  Мағжан 

табиғаты,  болмысы  бөлек  ақын.  Абайдың  жолын  дамытушы,  ұлы  ақын  деп  жоғары 

бағалаған. 

Мағжан  қазақтың  бас  ақыны  Абайдың  ақындығынан  нәр  алып  өсті.  Мағжан 

Жұмабайұлының ақын болып қалыптасуы – алдында ұлы Абайдың болуы. Қаршадайынан 

ұлы  ақын  поэзиясының  мөлдір  бұлағынан  сусындаған  Мағжан    әрі  ұстаздары,  әрі 

әріптестері  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов,  өз  қатарластары  Ж.Аймауытов, 

М.Әуезов секілді ол Абай данышпандығын бірден жазбай таныды. А.Байтұрсынов: «Абай 

сөздері  дүнияда  қалғаны  –  қазаққа  зор  бақ»,  –  десе,  Ә.Бөкейханов:  «Абайды  асқан 

поэтикалық  қуаттың  иесі,  қазақ  халқының  мақтанышы»  атаған.  М.Дулатов:  «...Абайдың 

жағалуы, қазақтың жоғалуы, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей» – дейді. 

Мағжан  Жұмабайұлы    данышпан,  хакім  Абайдың  тәжірибесін  бойына  сіңіре 

отырып, өзгеге ұқсамайтын жаңа, тың жол салған ақын. 

Мағжан бар ғұмырын өмірден іздеумен өткен ұлы суреткен. Оның өмірінде бірде 

толғаныс,  бірде  өкіну,  қайғы-қасірет,  күйініш,  бірде  романтикалық  махаббат,  өршілдік, 

сүйініш, арман, қиял, үміт, мақсат орын басады. 

Мағжанның  өзге  ақындарға  ұқсамайтын  шеберлігі    дархан  даланы,  асқар  тауды, 

жазғы таңды, көлді, шөлді, жер, ай, күн, түн, қысқы кеш, егінді, шөпті айтсын – барлығын 

өзінің  ішкі  сезім  түйсігімен  жырлап,  әлемді  бірге  толғандырады,  иландырады,  асқақ 



сезімге,  әсерге бөлендіреді. Сөйтіп, таңғаларлық  күй кешіп, тылсым буғандай әсерленіп, 

ойлардың терең тұңғиығына батып, әсем суреттер әлеміне еніп, алуан бояудың сырларына 

қанығып, ақынның құдіретті шеберлігін танып, мойындайсың. 

Мағжанның  «Көкшетау»,  «Жазғы  түнде»,  «Қысқы  жол»,  «Қайық»,  «Орман», 

«Алдамшы  өмір»,  «Ой»,  «Жел»,  «Жазғы  жолда»,  «Толқын»,  «Көктем»,  «Алға»  т.б. 

өлеңдері сөзіміздің дәлелі болары хақ. 

Мысалы, Мағжанның «Жазғы жолда» өлеңінде: 

Созылып ұйықтап бел жатыр, 

Төсін керіп көл жатыр, 

Тыныш тәтті түс көріп, 

Суға-айнаға қаранып, 

Салқынша леппен таранып, 

Қамыс та тұр тербеліп [4, 157]. 

Ақын адам мен табиғат арасындағы ажырамас байланысты шебер суреттеген. Бұл 

ақынның суреткерлігін, поэзияның құдіреттілігін көрсетеді. 

М.Жұмабайұлының дарынды талант иесі екенін ерте білген Сайфи Құдаш:  «Қиын 

да  азапты  жолының  барлық  кезеңінде  М.Жұмабаев  үнемі  жұмыс  үстінде  болды...  Көп 

ұзамай  Москваның  орталық  басылымдарынының  бірінде  редакторлық  қызмет  атқарды. 

Кейін Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыды...» [11]. 

Ұлы  Абай  Шығыстың  ұлы  ақындарынан  үлгі-өнеге  алса,  Мағжан  да  Шығыстың 

ұлы  шайыр-ақындарынан  сусындап  нәр  алған.  Мағжанның  «Пайғамбар»,  «Күншығыс», 

«Көктемде»,  «Тұранның  бір  бағында»,  «Түркістан»,  «Ақсақ  Темір  сөзі»,  «Тәңірі», 

«Мағарри сөздер», «Ескендірдің мүйізі», «Бостандық» т.б. өлеңдері арқылы Шығысты  пір 

тұтады. Мысалы, Мағжан «Пайғамбар» өлеңі ешкімге ұқсамайтын, өзіндік сарын, өзіндік 

ой-тұжырымдар  мен  асқақ  сезімдерге  құрылған.  «Күнбатыста  қараңғылық  қаптаған», 

«Күні батып жаңа таңы атпаған» десе Күншығыста: 

Ерте күнде жоқ бар еді, түн туған, 

Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған. 

Отты Күннің сәулесінен от алатын, 

Отты көзді, отты жанды Гун туған. 

 

Ерте күнде Күннен Гун туған, 



Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам. 

Жүзімді де, қысық қара көзімді, 

Туа сала жалынменен мен жуғам. 

 

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар



Мен – Күн үлы, көзімде Күн нұры бар. 

Мен келемін, мен келемін, мен келем, 

Күннен туған, Гүннен туған пайғамбар [4, 69-79]. 

Мағжанның  бұл  өлеңінің  құдіреті  неде  деген  ой  кімді  болса  да  мазалайтыны 

ақиқат.  Себебі  ХХ  ғасырдың  басында  Совет  өкіметінің  кезінде  бірде-бір  ақын  бұндай 

тақырыпта өлең жазбаған. Ақын «Күнбатыста қараңғылық қаптаған», «Тәңірісін табанына 

тастаған» деп сол дәуірдегі қылышынан қан тамған Совет дәуірін сынап отыр.  

Түркі  әлемінің  дарынды,  талантты  дарабозы  Мағжан  Жұмабайұлынан  басқа  ақын 

сол дәуірде бұндай тақырыпты жырлай алмас еді. Мағжан арғы ата-бабалар дәуірін «Ерте 

күнде  Күннен  Гун  туған»,  «Отты  Гуннен  от  боп  ойнап  мен  туғам»  деген  өлең  жолдары 

арқылы  түріктік  рухты  еш  тайсалмай  көтеріп,  «Күншығыстан  таң  келеді  енді  көр»  деп 

болашақта  түркінің  таңы  атып,  бостандыққа  жететініне  өзінің  отты  өлеңдері  арқылы 

халқын сендіреді. 


Ия,  бүгінгі  таңдағы  Түркі  әлемі  «Күнбатыстағы  қараңғылықтан  құтылып», 

«күншығыстың  таңы  атты»,  түркі  халықтары  тәуелсіздігіне  қол  жеткізді.  Мағжан 

ақынның «Күншығыс» өлеңінде: 

Әй, сен, кесел Күнбатыс 

Бұл жатуың қай жатыс, 

Жоғал жылдам жолымнан! 

Болмаса, қорықсаң өлімнен, 

Үмітің болса өмірден, 

Ұста менің қолымнан! [4, 29] 

деген  өлең  жолдары  арқылы  Мағжан  болашақты  тереңнен  болжайтын,  ұлы,  дарынды, 

өзгеге ұқсамайтын дара ақын екенін танытады. Себебі, «Әй, сен, кесел Күнбатыс», «Жоғал 

жылдам  жолымнан»,  деген  өлең  жолдары  арқылы  келмеске  кеткен  кеңес  дәуірін 

суреттесе,  «Үмітің  болса  өмірден»,  «Ұста  менің  қолымнан»  деп  бүгінгі  таңда  Кеңес 

өкіметі  ыдыраған  соң тең  құқықта   өмір  сүріп,  Түркі халықтары,  Қазақстан  көрші  Ресей 

мемлекетімен мәңгілік достық қарым-қатынас орнатып, Елбасының көреген саясаткерлігі 

арқасында  үш  ел  Қазақстан,  Ресей,  Беларуссия  Еуразиялық  Экономикалық  одақ  құрып, 

Мағжанның «қолымнан ұста» деген арманы орындалып отыр. 

Мағжанның  өлеңдері  мен  поэмалары  түркі  халықтарына  ортақ  құнды  дүниелер. 

Жалпы  Мағжан  Жұмабайұлының  қай  туындыларына  зер  салып  қарасақ,  Жүсіпбек 

Аймауытов  айтқандай:  «егжей-тегжейін,  ноқатын,  тәститін  қалдырмай  қарап  шықпай 

ақынның ақындығын топшылай салуға болмайды» 

Мағжан  Жұмабайұлының  өшпес  өлеңдері  түркі  халықтары  тарихындағы  Ұлы 

тұлғалардың еңбектерін қамтыған «Асыл мұра» түрік антологиясына (Астана: Сарыарқа, 

2012,  –568  б.)  енуі,  Мағжанның  түрік  халықтарының  ұлы  ақындарының  бірі  екендігін 

дәйектей түседі. 

Әдебиеттер 

1 Zhumabaev М. Shygarmalar. 3 tomdyk. 1-t. – Аlmaty, Bilim, 1995. –188-б. 

2  Ybraev  Sh.  Namyk  Кеmal  Зейбек  және  Түркі  әлемі.  –Түркістан,  Тұран  баспасы, 

2004 ж. 20-б. 

3  Елеукенов  Ш.  Мағжан.  Өмірі  мен  шығармагерлігі.  Оқу  құралы.  –Астана, 

«Астана-полиграфия», 2008. –197-б. 

4 Абай журналы, 1918 жыл, 5-сан, Абайдан соңғы ақындар. Екеу. 

5 Дулатов М. Шығармалары: Өлеңдер, қара сөздер, көсемсөз. ҚазССР Ғылым акад. 

Әуезов  атынд.  Әдебиет  және  өнер  институты.Құраст.:  М.Әбсематов,  Г.Думанова. 

Алғысөзін жазған Ж.Ысмағұлов. –Алматы: «Жазушы», 1991. –19-б. 

6  Жұмабаев  М.  Таңдамалы  (өлеңдер,  поэмалар,  зерттеулер,  аудармалар).  Алматы, 

Ғылым, 1992, –7-б. 

7  Мұқанов  С.  «ХХ  ғасырдың  қазақ  әдебиеті».  І  бөлім,/ұлтшылдық,  байшылдық 

дәуірі. «Қазақстан» баспасы, 1932 жыл, 209-б. 

8 Сайфи Құдаш. По следам юности. «Советский писатель». Москва, 1974, стр. 463. 

9 «Дружба народов» журналы, 1988. № 12, 164-б. 



 

 

 



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал