115
оқулық қашан қайта жасалады деп отырмай, әдебиетті оқыту мәселесіне жаңаш а қарау
керек. Соның бірінде әдебиетті тарихи кезендермен байланыстыра берілетін
шолу тақырыптарының мазмұны, берілетін білім жүйесін қайта шолу, қайта саралау
әр мұғалімге үлкен жауапкершілік артады. Материалдар жинақтау, оларды оқулықтағы
материалдармен байланыстыру, толықтыру, тиімді әдіс-тәсілдерді сұрыптау, материалдың
күрделілігін
ескере отырып, оны оқушыға жеткізудің жеңіл, қонымды жолдарын дөп басып табу - тек
шеберлікті ғана емес, талмай іздену,терең білімді де қажет етеді.
Сабақ мазмұнын, онда берілетін білімді тәртіпке келтіре
отырып, енді оны балаға жеткізудің тиімді, қонымды деген
әдіс-тәсілдерінен іздену қажет.
.
Сонымен шолу тақырыптарын өтудің тиімді әдіс-тәсілдері, жолдары қайсы,
мұғалім ең алдымен қандай мәселелерді басшылыққа алу керек, неден бастау керек? Қай шолу
такырыбында болсын, қамтылатын материал ауқымы кең де, керісінше, оны өтуге
уакыт тапшы.Әдебиетті оқыту да шолу тақырыптарының маңызы сол ол бүкіл бір кезең
туралы окушыларға алдын ала хабар береді, жан-жакты түсінік жасайды.
Осы мол да маңызды материалдарды мүғалім саралап, ең негізгі, ең маңызды
мәселелердің, түйінін бөліп ала білу керек. Сабақ алдында «Бүгінгі сабақтың, ең маңызды
мәнді мәселелері», Нені міндетті түрде білу керек?» деген кесте-плакатты пайдалануға
болады.
Үлгі:
Достарыңызбен бөлісу: