109
Осындай кестелермен бірге, суреткердің жүріп өткен жолдары,
шығармаларының
жазылып,
басылған,
әрі тараған жерлері, шет
елдерде аударылып,
жарық көруі,
өмірінін басты
кезеңдері өткен мекендер, т.с.с. маңызды мәселелерді қашыған карта жасап, пайдалануға да
мұғалім ерекше ден қойғаны жөн. Ақын-жазушылардың ата тегі, шыққан руы, ұшкан ұясы,
ұрпағы жайында да мәліметтер беріп отырудың маңызы бар. Мысалы, Абайға байланысты мә-
ліметтерді көрнекі етіп жазып, сабаққа пайдалануға болады.
Казірде «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген даналык сөз қайта жаңғырып жатыр.
Мүмкіндігіне орай, осылай ақын–жазушылардың ата тегіне, ұрпағына назар аударудың
ешқандай зияны жоқ. Сондай–ақ олардың бәрін жаттатқызу да міндетті нәрсе болмауы
керек. Сабаққа дайындық кезінде оқу жабдықтарының бірі ретінде жазушы өмірбаянының
негізгі кезеңін сипаттайтын фотосуреттер, шығармашылығына байланысты алынған
иллюстрациялардан көрмелер, альбомдар, хаттарынан, естеліктерден, шығармаларының
үлгілерінен көрмелер, өтіліп отырған ақын жазушы туралы өлең-жырлар,
даусы жазылған
күй-табақтар, фильмдер, синхрондык кестелер, т.с.с. материалдар жинақталады.
Жалпы әдебиет кабинеттерінде де ақын-жазушыға арналып жасалған алмалы-салмалы
стенд болуға тиіс. Онда тұжырымды түрде сол суреткерге байланысты мәліметтер, оқушылар
міндетті түрде білуге тиісті түйінді мәселелер көрсетілуі керек. Ш.Уалихановқа байланысты
мынадай стенд жасауға болады:
Ата тегі (Абылай хан ұрпақтары, оның қазақ тарихындағы Шоқан өмір сүрген кезеңнің
саяси ахуалы. Орыс, қазақ мәдени қатынастары. Омбы кадет корпусы. Орыс достары,
ұстаздары, гуманистік көзқарасының қалыптаса бастауы.
Достарыңызбен бөлісу: