146
сөздер бар?! «Қалың елім, қазағым» сияқты кысқа өлеңдегі «Ұстарасыз аузына түсті
мұртың», «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деген сөздер - Абай жасаған афористік,
шешендік сөздер. Ұстарасыз аузыңа мұрты түскен ел - ол нағыз бейшара, надан ел. Ол тура
мағынасында тұрған сөз емес, астарына көз салса, бүкіл қазақ халкының сорлы қалпы осы бір
ауыз сөзге сыйып жатыр. «Аз сөз - алтын» деген, міне, осы немесе «қиқым» сөзін алып
қарайык- «Қиқым» -еш нәрсеге жарамайтын, қиылып қалған ұсақ мата, тері қалдығы. Бір
«қиқым» сөзі ел басқарар бірде-бір тұлға жоқ, ал қазіргі ел басындағылар «қиқымдар» деген
мағынаны білдіреді. Литота сипатты осы бір сөздің бүкіл ел билеушілерінің масқара бейнесін
беріп тұрғанын оқушы түсіне білуі керек, оны мұғалім түсіндіре білуі керек. Көркем поэтикалық
тіл Абайда жатыр. Сондықтан әр өлеңін талдауда, әсіресе, оның көркем, бай тіліне, әсем
суреттемелеріне, шешендік сөздеріне, даналық корытындыларына, Абай өмірге алып
келген тамаша сөз тіркестеріне ерекше назар аудару керек. Мысалы, «Жас жүрек жайып
саусағын», «Көңілсіз құлақ ойға олақ», «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам
баласын», «Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар», т.б. Әдебиетке ынталы оқушыларды Абайдың
көркем, бай тіліне сусындату мақсатында төмендегідей зерттеу элементі бар
шығармашылық. жұмыс айналасына біріктіру аса тиімді.
1. «Өлең - сөздің патшасы» такырыбында әр сабақ сайын Абай өлендерінен ақыл-нақыл,
афористік сипаттағы сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін немесе Абайдың өзіне тән тіркестерді
жинақтау;
2.
Олардың өлеңдер негізіндегі проблемаларды ашудағы орны мен маңызын
анықтау;
3.
Өзіне ерекше ұнағандарын саралап, сол бойынша пікірталасын
ұйымдастыру. Ол
таласта әдемі, сұлу сөйлеуге талаптану (шешендік, афористік сөздерді
пайдалану
арқылы). Ақан сері Қорамсаұлы шығармашылығын өтуде де осындай іздендіру
жұмыстарын істеуге болады. «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман» деген сөздердің өн
бойы афористік оралымдарға толы.
«Аққудың астығы жоқ шайнағанмен,
Құр тілдің пайдасы жоқ сарнағанмен»
немесе:
«Жаманға жазатайым ісің түссе,
Жабысып қалады екен аспан жерге.
Жігіттің шешендігін дауда сына,
Мақтаған қыран құсты аңда сына,
Жігітті батырсынған жауда сына», -
деген тамаша сөз тіркестерін, ақыл-нақыл, шешендік мағынадағы сөздерді
назардан тыс қалдыруға болмайды. Шығарма жаздырғанда немесе ауызша сөйлеу тілдерде
осындай сөз маржандарын пайдалана білуге, оны орынды қолдануға баулу тіл дамытудың
басты әдістерінің бірінен саналады. Мәнерлеп оқу, ойын көркемдеп айта білу, әдемі етіп
мазмүндау - ауызша тіл дамытудың басты-басты белгілері, түрлері.
Әдебиет сабағының басым көп уакыты оқушылардың да, мұғалімдердің де ауызекі
сөйлеу тіліне кетеді. Оқыған әңгімелерін не басқа көркем туындыларын мәнерлеп оқу,
мазмұндау - әдебиетті оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері. Тәжірибеде көркем
туындыларды мәнерлеп оқи алатын балалардың барлығы мазмұндау кезінде немесе
баяндама жасауда, әдеби конференцияда, пікірталастарда өз ойларын мәнерлеп жеткізе
147
алады деу шындыққа сай келмес еді. Сондықтан ауызекі сөйлеуде тіл мәдениетін,
көркемдеп сөйлеу дағдыларын жетілдірудің тиімді әдіс-дәстүрлері қандай?
1. Жауаптарының, баяндама немесе жиындарда сөйлейтін сөздерінің жоспарын
жасатып, сол бойынша жүйелі,мазмұнды сөйлеуге дагдыландыру.
2. Көркем мәтінді өзіне жуық мазмүндату:
а)
Әсіресе, мәтіннің ішіндегі көркем суреттер, портреттер,т.б. ойлы монолог, әсерлі
диалогтер, мақал-мәтел, даналық
сөздерді кұрғақ мазмұндамай, негізін сақтап, мазмұндау.
ә)
Мәтін ішіндегі көркем, бейнелі, образды сөздерді,
яғни эпитет, теңеу, метафораларды
сақтап сөйлеу.
б)
Дәйексөз алу, мысалдар келтіру, оны мәнерлеп, нақтылап айта білу,
жатқа айта білу.
в)
Дауыс екпініне, ырғағына, мақамына назар аудару.Айғайлап сөйлемеу, бет-
аузын кисаңдатпау, әр
сөзді анық,айқын, қоңыр дауыспен айта білу, керекті жерінде сөз
мағынасына қарай бет құбылысын тиімді пайдалану.
Сөйлеп тұрғанда,
өзін тыңдаушылардың
көңіл-күйіне назар аудару, нақтылы, мәнерлі сөйлей отырып, олардың ынтасын өзіне
бұру жайын ойластыру.
Сөйлеу мәдениетінің бір жолы - айтайын деген ойын жүйелі түрде жоспарлау, «тезис»
жасап алу екеніне көздерін жеткізіл, соған дағдыландыру. Тыңдаушылар назарын өзіне
тартудың басты жолдары: айтар пікірінің тереңдігі, мәнділігімен қатар, жоғарыда
айтып кеткендей, дауыс мәнерінде. Әсіресе, өлең сөздерін мысалға келтіргенде, керекті
жерінде дауыс ырғағын құбылтып отыру, өлең кұрылысы, мазмұнына қарай жігерлі, нәзік,
баяу оқи білу де ерекше маңызды. Бірак мәнерлеп оқу, мәнерлеп айту - тіл дамытудың
негізгі тәсілдері емес. Негізгі мәселе - мазмұнын білу, оны жеткізуде тиісті сөйлемдер мен
оралымды сөздер таба білу, ойын көркем айта білу. Мұғалім 5-7-сыныптар оқушыларының
көркем тілін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытуда жауаптарының жоспарын жасап
үйретулері керек. Ол жоспарды тиімді пайдалануға дағдыландыру -мұғалімнің басты
міндеттерінің бірі. Жоспар, нұскау немесе тезис кұрылысы мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Кіріспе сөз.
2. Негізгі ойлар. Ой мен кіріспе арасындағы байланыс.
3. Негізгі ойды баяндау.
4. Негізгі ойдың шарықтау шегі.
5. Ойды аяқтау.
6. Қорытынды пікір.
Осы мәселелерді нақты мысалдармен көрсетейік.
Достарыңызбен бөлісу: