1.Әлеуметтік лингвистика тілді дұрыстап сөйлеп, дұрыс
қолданушылармен емес, өз сөйлеулерінде қоғамда, тілдік ортада
қалыптасқан тілдік норманы бұзатын, қателесетін, бірнеше тілдік
стильдерді немесе бірнеше тілдің элементтерін араластыратын
нақтылы адамдарды нысана етеді. Тілді қолданудағы осындай
барлық ерекшеліктерді білу, оларды талдап түсіндіру, болу себеп-
терін анықтау тілді дамыту жұмыстары үшін маңызды мәселе бо-
лып табылады.
Зерттеу нысаны тілдің қоғамдағы қызмет етуі болып табыла-
тынын әлеуметтік лингвистика тілдің ішкі құрылымын жалпы
мәлімет ретінде қабылдағанымен оны арнайы қарастырмайды.
2.Интерференция – бұл жеке адамға тән құбылыс, алайда жап-
пай қостілділік жағдайында бір типтегі интерференциялық про-
цестер көптеген адамдардың сөйлеуінде ұшырасуы мүмкін, одан
тіл жүйесіне еніп, одан біртілділердің де сөйлеу дағдысына әсер
ете бастайды, сөйтіп тілдік өзгеріске алып келеді
Интеркаляция екінші тілдің бірінші тілде сөйлеуде ықпал ету заңдылықтарын зерттеумен байланысты.Интеркаляцияны зерттеудегі мақсат бір тілге басқа тілдің компоненттерінің ену ерекшелігін анықтау болып табылады. Мысалы, біз қазақ тілінде сөйлеп тұрып, орыс тіліндегі сөздерді араластырып қолдануымыз. Мыс: уже, типа, вроде т.б
4.«Тілдік қауымдастық» түсінігі арнаулы әдебиеттерде ішкі
топтық қарым-қатынас жасау мақсатында белгілі бір тілді
қолданатын адамдардың тұрақты тобы деп анықталып жүр
Тілдік орта – тілдің тірлік алаңы. Тілдің тірлігі оның қолдану ортасының бар екендігіне тікелей қатысты. Тілдік ортаның тұтынушылары: жазарман, оқырман, көрермен, тыңдарман, айтарман.
Ұқсастығы: екеуінің де жеке қолдану орталары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |