166
6-сабақ
«Батыр балалар», В.Гюго - «Гаврош», Қ.Қайсенов -
«Жау тылындағы бала». Авторлар туралы түсінік.
Кітаптар бойынша мұғалім әңгімесі. Окушылар
хабарламасы, пікірлері. Соғыс туралы әндер тыңдау
(«Қасиетті соғыс», «Марсельеза» Э.Потье). Кітап
көрмесі. Балаларға арналған соғыс туралы кітаптар
әңгімелер (мұғалім калауы бойынша)
Ерлік сабағы
7-сабақ
«Қиял-ғажайыптар
елінде».
Фантастикалық
шығармалар негізінде өту. Жюль Верн шығармалары
«Сиқырлы арал», Д.Дефоның «Робинзон Крузосы»
бойынша. «Гулливердің саяхатынан» да бір-екі
саяхатын алуға болады. Безендірме суреттерден көрме
Саяхат сабағы
8-сабақ
«Ана тілің - арың бұл». С.Торайғыров, Ә.Тәжібаев,
Р.Ғамзатов
Викториналы
әдеби-монтаж
сабағы
8-9-сыныптардағы сабақтан тыс оқулар. Оқу бағдарламасында бұл сыныптарда
төңкерістен кейінгі әдебиет үлгілері ұсынылады. Бұл сыныптарда да сабақты түрлендіріп,
жандандырып отыру керек. Мұнда да сабақты өтіліп жатқан шығармалармен
байланыстыру, тақырып, жанр, проблемалық мәселелерге байланысты жүйелі түрде өткізу
басшылыққа алынады. Семинар сабақтары, пікірталас сабақтар, реферат қорғау
сабақтары сияқты сабақтың маңызды формалары негізге алынуы керек. Сондай-ақ бұл
жоғары сыныптарда шетел әдебиетінің озық үлгілерін оқыту, оқушылардың дүние-
танымын кеңейту, әлем, адамзат әдебиетінің асылдарын таныстыру мүмкіндігі мол.
Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер, дәстүр мен жанашылдық,
жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық талдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл
бөлінеді. Кабинетте, кітапханада жоғары сыныптар үшін «Әлем әдебиетінің асылдары»,
«Адамзаттың Айтматовы», «М.Әуезов әлемді аралап кетті» сияқты кітап көрмелерін
(көшпелі) жасап қоюға болады. Сондай-ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ
өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру
тиімді. Мысалы, «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбын (бір сабақ емес, бірнеше сабақ
болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.
Мынадай сұрақтар талқылауға ұсынылады:
1. Айтматов... «Адамзаттың Айтматовы» - осы бір атаудың мәні. Неге
қырғыз Айтматов адамзаттың Айтматовына айналды, көтерілді?
2. «Бетпе-бет» повесі. Повестің осылай аталу себебі? Көтерілген адамзаттық
проблемалар. Жазушы шеберлігі, қол жеткен табысы неде?
3. Әлемді дүр сілкіндірген «Жәмила». Жәмиланың әлемді таңқалдыру сыры неде?
4. «Ақ кеме». Жазушы көрегендігі, абыздығы неде?Повесть
неге осылай
аталған? Қандай әлемдік проблемалар көтерген?
5. Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгілері, ұлттық бояу.
6. Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім,гуманизм мәселелері.
7. «Жан пида» романы. Романның осылай аталу себебі?Қалай ойлайсыңдар,
Шыңғыс неге өз заманы, қоғамынан көш ілгері жүреді, көрегендік жасайды. Дала