Ќанипа Бітібаева


ӘДЕБИЕТТІ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет149/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   182
ӘДЕБИЕТТІ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Қазіргі таңда, жоғарыда айтылып өткендей, жаңа үлгідегі мектептер қанатын кең жаюда. 
Гуманитарлық  бағыттағы  лицей,  гимназия,  әдебиетті  тереңдетіп  оқытатын  мектеп, 
сыныптар нәтижелі жұмыс істеуде. Ізденімпаз, шығарма-шылықпен еңбек ететін ұстаздар 
әдебиетті тереңдетіп оқытудың айналасында тәжірибелер жинақтауда. Дегенмен, осы мәселе 
әлі де көп ойлануды, көп ізденуді талап етеді. 
Әдебиетті тереңдетіп оқытудың көкейкесті мәселелері ретінде мыналарға көңіл бөлген 
жөн: 
1. Оқылатын авторлар санына әрі олардың қадау-қадау шығармаларына кең жол ашу, 
көркем сөз иесінің әлемін тұтастай қарастыру. Мысалы: 
а)  М.Әуезов  шығармашылығын  тереңдетіп  оқытудьщ  барысында  (11-сынып) 
жазушының  бұрыннан  оқытылып  жүрген  туыңдыларымен  қатар  (роман-эпопеясы, 
драмалары, әңгімелері), оның ғажайып аудармалары, Абайтану ғылы-мына сіңірген еңбегі, 
әдебиетіміздің  белді-белді  тұлғалары  жайындағы  ғылыми  мақалалары,  «Әуезов  және 
қазақ  әдебиеті»,  «Әуезов  және  әлем  әдебиеті»,  «Әуезов  және  Шығыс  әдебиеті»  айналасында 
арнайы  сағаттар  бөлініп,  сөз  қозғау  бүкіл  Әуезов  әлемін  танытудың  алғашқы  қадамдары 
болар еді (әрине, бұл мәселелерді оқушыларға лайыктап, тұжырымды түрде берген жөн). 
Бұдан  шығатын  қорытынды:  окытылатын  автордың  көркем  туындыларымен 
қатар,  оның  әдебиет  әлеміне  сіңірген қомақты еңбектеріне назар аудару. Ол туралы жан-
жақты  мағлұмат  беру.  Әрине,  «Әуезов  және  қазақ  әдебиеті»  немесе  «Әуезов  және  әлем 
әдебиеті» деген тақырыптарды окушыларға соншама тереңдетіп беру максат емес, мақсат  - 
Әуезов  деген ұлы тұлға,  ұлы жазушыны тұтастай  қарастыру,  Әуезов  әлеміне  ұрпақтарын 
тәнті ету. 
ә)  Ұрпағына  қайтып  оралған  ақылман,  көсем  Ахмет  Байтұрсыновты  «Қырық 
мысалымен»  немесе  оған  қоса  кейбір  өлеңдерімен  ғана  карастыру  жөн  бе?  Ахметтің  тіл 
біліміне  сіңірген  еңбегі,  «Әдебиет  танытқышы»,  қазақ  қауымы  жайындағы  (оның 
коғамдык  бейнесін  ашатын)  өткір,  өз  заманын  былай  қойып,  қазір  де  маңызын 
жоймаған  мақалаларын,  бүкіл  Ахмет  әлемін  тұтастай  карастыру  -тереңдетіп оқытудың 
маңызды бір белгісі. 
б) 
Бұл жерде ескеретін ерекше бір мәселе бар. Тереңдете оқыту шығарманың саны 
немесе сол сыныпта оқытылатын авторлардың көптігімен жүзеге аспайды. Берілетін білім 
мазмұны, 
оның 
мөлшері 
мұнда 
да 
педагогика, 
психология 
ғылымдарының  талаптарына  сай  сынып,  балалар  қабілеті,  жас  ерекшелігіне  байланысты 


 
168 
болуы  керек.  Ұзын-сонар  дәлелдемелер  саны  оқушыны  кажытатынын,  әрі  есінде 
сақталмайтынын ескеру керек. Тереңдетіп окытуда да  нақты, түйінді дүниелерге назар 
аудару,  берілетін  білім  мөлшерін  де  нактылау  ең  басты  мәселелердің  бірі  екенін 
ұмытпаған жөн. 
в) 
Тереңдетіп  оқытуда  да,  мысалы,  жоғарыда  айтылғандай,  көркем  сөз  иесінің 
барлық  бітімін  тұтастай  қарастыра  отырып,  мұғалім  автордың  қай  туындыларын  шолу 
керек 
екенін 
ойластырғаны 
дұрыс. 
Мысалы, 
«М.Әуезов 
және 
Шығыс әдебиеті» деп қарастырсақ, бүл тақырыптың өзі - әдебиеттану ғылымындағы шетсіз, 
шексіз  бір  әлем.  Мұғалім  шолу  жасай  отырып,  ішінара  ең  негізгі  деген  қадау-қадау 
дүниелерге басты назарды аударып, тұжырымды етіп қана білім беруді ойластыруы керек. Ал 
енді Әуезовтің «Абайың»,қазақ прозасын «еуропалық проза дәрежесіне көтерген» алғашқы 
әңгімелерін оқыту - даусыз дүние. 
2. Тереңдетіп оқытудың келесі бір белгісі - көркем туындыны әдебиеттану ғылымы 
түрғысынан терең талдау. Терең талдауда мына мәселелерге ерекше көңіл бөлген жөн: көркем 
туынды  негізінде  жатқан  ой,  авторлық  көзкарасты,  яғни  көркем  туынды  негізінде  жаткан 
идеялық  проблематиканы,  сөз  айшықтарын,  тқжырымдап  айтқанда,  «сырты  күміс,  іші 
алтын» түр мен мазмұн бірлігін жанды бірлікте талдау, көркем сөз иесінің стилі, әдісіне 
барлау  жасау.  Мысалы,  осы  жұмысты  төменгі  сыныптардың  өзінде  қалай  жүргізуге 
болады,  баланың  көркем  туындыны  талдау  дағдыларын  қалай  қалыптастыру  керек, 
соның бір жолын мына бағандардан көруге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет