Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет154/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   182
Әдіс- тәсілдер: (оқушы іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында). 
– Әңгімелеу, пікірлесу, шағын әдеби айтыс. 
– Гипотеза ұсыну, оны дәлелдеу, модель, жоба жасау. 
 Сабақ түрі: 
– Сабақ –гипотеза, іздендіру сабағы, диалог сабақтары, айтыс сабақтары. 
Жоба, модель қорғау сабағы. 
Оқыту түрлері: Ұжымдық оқыту элементтері. 
Ескерту: Тақырыпқа сай өзгеріп отырады. 
 
III  кезең. 
 Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі. Жаңа білім игеру, игерту. 
 Мақсат:  
– Оқушылардың  танымдық-түрлендіруші  іс-әрекеттерін,  эвристикалық  және 
шығармашылық ізденістерге жетелеу. 
– Оқушылардың  әр  түрлі  дайындық  деңгейі;  әр  түрлі  ынтасы,  қабілеті  білімді 
қабылдай  білу  дәрежесні  саралай  отыры,  (I-  II  кезеңде  байқаған)  берілетін  білімнің 
құрылымдық элементін, ең басты мәселелерін бөліп ала білу. Білім мазмұнына ерекше 
назар аудару. 
а)  Білім  мазмұнында  оларды  зерттеу,  іздендіру,  табу,  дәлелдеуге,  яғни  танымдық-
шығармашылыққа жетелейтін элементтердің болуын қамтамасыз ету. 
ә) Берілетін білімнің ғылыми сенімділігі мен ой тастайтын, өзіндік  болжам жасайтын 
түйіндерін  оқушылардың  өз  болжаулары,  тапқандарымен  байланыстыру  (алдын  ала 
берілген).  Оқушы  біліміне  сүйену  жаңа  білімде  оны  тірек  ету,  олардың  өзіндік  пікірін, 
бағаларын ескерту. 
–  Оқушылардың  өз  анализі,  синтезі,  бағалауын  жаңа  сабақта  жетілдіру,  байыту, 
ғылымиландыру, яғни алғашқы түсінігін байыту. 
– Жаңа  білімді  меңгеруге  дайындау,  ондағы  өзіндік  үлесін  арттыру,  бұрынғы 
дағды-іскерлігін жаңа білімге пайдалана білу іскерлігін ұйымдастыру. 
 Әдіс-тәсілдері, оқытудың түрлері, оқу формалары: 


 
180 
– Проблемалы баяндау, проблемалық ситуация тудыру. 
– Ұжымдық оқыту элементтері. 
– Даралап, саралап оқыту. 
– Ойлау жүйесіне әсер ету, жоба, модель құрастыру. 
– Болжам  (гипотеза),  оны  дәлелдеу,  зерттеу  әдісін  пайдаланып,  оқушылардың 
танымдық белсенділігін, өзін-өзі танытатын жұмыстарды ұйымдастыру. 
– Үй тапсырмасында стандарт деңгейіндегі тапсырмалар мен шығармашылыққа 
жетелейтін тапсырмалар беру (бірнеше тапсырма оқушы өзі таңдап алатындай) 
 
Тапсырмалардың  дамытушылық  дәрежесін  көтеру.  Оқушылардың  білім  деңгейін 
ескеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет