53
6. «Қоршауда»: Абайды ақтап, ұлық төреге келуі.
7. «Кек жолында»: а) Тәкежандардан Базаралының өш алуына назар
аудар.
ә) Иса, Байсүгір сияқты есіктегі ке-дей адамдардың ауыр
тұрмысы тағдырына тоқтал.
8.
«Қақтығыста»: а) Кедейлердің орыс кедейлерімен
достасуына ерекше көңіл бөл.
ә) Романның 3-4-кітаптары бойьнша затон кедейлеріне және
жаңа қалыптасып келе жатқан жұмысшылар бейнесіне назар аудар
(Әбді, Сейіл, Сейіт).
9.
«Құз-қияда»: 4-кітап. Затон жұмысшыларьның Мәкен
мен Дәрменді, Оразбай мен Дайырларды арашалауы.
10.
«Шайқаста»: а) Сақ-Тоғалақ кедейлерінің Оразбай
аулын шабуы («... Елмісің, жоқ ел қорымысың...» 693-697-беттер).
ә) Кедейлер мен Абай достығы. Абай жолы - халық жолы. Абайдың халықпен
достығына ерекше көңіл бөл.
Мұндай карточкалардың тағы бір тиімділігі сол, оқушы кейіпкерлер туралы сөз
қозғағанда, 4-томды аударып-төңкеріп жатпайды, уақытын кетірмейді, жұмысы
күрделенбейді, берілген жерлерді тауып, ой жүгіртіп, саралап, пікір жинақтауға жағдай
туғызылады. Карточкада көр-сетілмеген мысалдар алғысы келсе де, толықтырғысы келсе
де, ез еркінде. Өте күрделі, көлемді шығармаларды оқытуда осындай дидактикалық
материалдардың көмегі ұшан-теңіз.
Романдарды, эпопеялық шығармаларды оқыту барысында кейіпкерлерді талдау
жұмысына ерекше көңіл бөлу керек. Мысалы, осы «Абай жолы» эпопеясында феодалдық
қоғамның қатал сақшысы, ірі тұлғасы ретінде Құнанбай бейнесі беріледі. Бірақ сол
қоғамның өкілі тек Құнанбай ма, Оразбайлар, Әзімбайлар жауыздығы одан да асып түсіп,
халықты қан қақсатып жатады, әрі Құнанбай эпопеяның 1,2-кітаптарында ғана көрінеді.
Міне, осы себептен де үстемдер, феодалдар бейнесін тек Құнанбайды талкылаумен шектелу
жетімсіз болған болар еді. Кейіпкерлерді шығармадағы орны, маңызы, іс-әрекеті,
мінездері бойынша белгілі бір
проблемалар айналасында топтап, жинақтап өту өте дұрыс.
Мысалы, Оразбайға, Әзімбайға, Дайырға, Тәкежадарға жеке-жеке тоқтап, талдау жасауды
уақыт көтермейді (бағдарламадағы сағаттар саны). Мұхтар феодалдық қоғамның барлық
мінез-құлқын Құнанбай бейнесіне жинақтаған, сол себептен де авторлық
проблематиканы негізге ала, Құнанбай бейнесін сөз ете отырып, оның айналасына
ізбасарларын топтай, жинақтай отырып, талдау жүргізудің тиімділігі зор. Мысалы, «Абай,
феодалдық қоғам және Құнанбайлар...» деп.
Сондай-ақ эпопеяда қаншама әйелдер бейнесі берілген, әрі барлығының өзіндік орны
бар, барлығының негізінде өзіндік проблема бар. Міне, осы әйелдер бейнесін өзінің
негізінде жатқан
проблема айналасына топтап, жинақтай өту керек.
1. Абай
аналары
-
Зере,
Ұлжан
(«Қарашығым,
қоңыр
қозым...»).
2. Абай сүйген арулар - Тоғжан, Әйгерім («Жарқ етпес
қара көңілім...»).
3.
Абай заманының шерменделері - Керімбала, Үмітей
(«Жолыңа жаным кұрбан»).
4. Абайдың сырласы - Салтанат, ер мінезді Нұрғаным
(«...Қапастағы еркелер...»).
5. Махаббат, бостандық аңсаушылар - Мәкен, Мағрипа
(«Сертім сол, сенсіз өмір маған жоқ!»).
6.
Абай жақындары, күңдестік бұғауындағылар - Айғыз,
Ділдә («Күндестің аты да күндесте»).
7.
Абай аулының адуын бәйбішелері - Қаражан, Мәніке
54
(«Кедейін сендей жарылқаған бәйбіше көрсем, көзім шықсын»).
8. Байлар есігіндегі күңдер - Иіс, Баян, Есбикелер
(«... Босағада шіріп кеттің-ау!..).
Осылай топтаған әйелдер бейнесін «Абай, феодалдық қоғам және әйелдер, оны
көрсетудегі жазушының идеялық-эстетикалық мұраты» проблемасының айналасында
(жоғарыдағыдай топтай өтуді басшылыққа ала отырып) талдау тиімді болмақ. Бұлай
топтаудың (жазып, іліп қою дұрыс) ең маңыздысы, тіпті барлығын талдауға уақыт жетпегеннің
өзінде, оқушылар эпопеяда қаншама әйелдер бейнесі бар, олардың негізінде қандай
проблемалар көтерілген, міне, осыларды көз алдарына елестетіп, оқиғаларын еске түсіріп,
өзіндік ой-толғамға да ерік берер еді.
Мысалы, эпопеядағы кедейлер бейнесін оқытуды тек Дәркембаймен шектеуге бола ма?
Оларды былай топтауға болады:
- Кедей-жатақтар, олардың көсемі - Дәркембай, Дәндібайлар.
- Базарлы - Балағаз бейнелері.
- Малшы, жалшы, бай малайлары: Иса, Байтұяқ, т.б.
- Қала кедейлері: Сейіт, Сейіл, Әбен. Осындай топтау жас-
тар бейнесін оқытуда да пайдаланылады.
Оларды былай
топтауға болады:
- Абайдың прогресшіл, ақындык мектебінің шәкірттері
- Дәрмен, Мағауия («Жаңа дәуірдің жаңа жыршысы»).
- Абайдың сүйікті ұлы - Әбіш бейнесі («Бакытым – осы балам...»).
-
Шұбарлар әлемі («Шіріген жұмыртқа»).
Эпикалық шығармаларды талдаудың тиімді бір жолы – образды талдау. Ал образды
талдау топтаумен ғана шектелмейді, ең бастысы, кейіпкерлер характерін, іс-әрекетін
ашатын жұмыс түрлерімен жүзеге асырылады. Ол жұмыс түрлеріне не жатады?
-
Проблемалық сұрақтар, тапсырмалар.
- Танымдық іздендіруші, зерттеу әдісіне негізделген тапсырмалар (топтық,
жалпы
сыныптық, даралық).
- Шығармашылық дарынын, қабілетін дамытатын жұмыстар (инсценировка,
иллюстрация, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, жазба жұмыстарының түрлері, т.с.с.).
- Мәтінмен, кітаппен жұмыс түрлері (практикалық тапсырмалар).
- Ғылыми еңбектермен жұмыс.
Мысалы, осы жастар бейнесін оқыту барысында мәтінмен мынандай жұмыстар жүргізуге
болады:
Салыстырмалы жұмыс: Әбіш, Дәрмен бейнелеріне.
Әбіш пен Дәрмен туралы
Достарыңызбен бөлісу: