Ж.Ә. Әбелдаев



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата15.12.2023
өлшемі365,13 Kb.
#139546
  1   2   3   4   5   6   7   8


ISSN 1563-0226, eISSN 2617-1864 Шығыстану сериясы. №4 (99) 2021 https://bulletin-orientalism.kaznu.kz
© 2021 Al-Farabi Kazakh National University 
113
ҒТАМР 17.09.91 https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.12
Ж.Ә. Әбелдаев
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
е-mail: Zheka75akim@gmail.com
ТҮРІК ҚАЛАМГЕРІ Х.Н. АТСЫЗДЫҢ «КӨКБӨРІЛЕРДІҢ ӨЛІМІ» 
РОМАНЫНДАҒЫ ТҮРКІ БІРЕГЕЙЛІГІ
Белгілі түрік қаламгері Хүсейін Нихаль Атсыз тарихи романдарды ХХ ғасырдың орта шенінде 
жаза бастады. Оның «Көкбөрілер» тарихи дилогиясы тарихтың терең қатпарларын нұрландырып, 
түрік социумының сана-сезіміне айтарлықтай ықпал етті. Түркілер құрған ұлы мемлекеттердің 
тұрақтылыққа ұмтылысы мен оның құдірет-күші тарихи деректер арқылы дәлелденіп, жоғары 
көркем стильмен беріледі. Х.Н. Атсыздың «Көкбөрілер» тарихи дилогиясының бірінші кітабы – 
«Көкбөрілердің өлімі» деп аталады. Романда суреттелген тарихи шындықтың сюжеттік желісі 
– Түркі қағанатының құрылуы, оның іштей жіктеліп екіге бөлінуі және осы мемлекеттің қытай 
династияларына қарсы кескілескен шайқас жүргізуі болып табылады. Қытай әскеріне қарсы 
айқастар шынайы және боямасыз суреттеледі. Аяусыз қырғында сәттілік біресе түркілер жағында 
болса, енді бірде олардың жауы қытайларға ауысып отырады. Автор күші жағынан басым 
қарсыласының табандылығы мен зұлымдығына қарамастан көне түркілердің ерлігін көркем 
түрде бейнелеп, олардың тек жер үшін ғана емес, сонымен қатар өздерінің түркілік бірегейлігін 
сақтап қалу жолындағы ұмтылысын да суреттейді. 
Мақалада Хүсейін Нихаль Атсыздың «Көкбөрілердің өлімі» тарихи романындағы түркі 
бірегейлігі танымы мәселесінің нақты мәні қарастырылады.
Түйін сөздер: 
Хүсейін Нихаль Атсыз, тарихи роман, түркілік бірегейлік, түрік әдебиеті, 
ультрапантүркизм, «Көкбөрілердің өлімі» романы.
Zh.A. Abeldaev
Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
е-mail: Zheka75akim@gmail.com


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет