65
тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлердің психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция,
суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты
мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден
басталмақ- «Қараш-Қараш оқиғасы» көлемі жағынан, көтерген проблемасы жағынан салмақты
болғандықтан, бағдарламада берілген санаулы сағаттардың ішінде оны талдау да күрделі
мәселе. Сондықтан мұғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде
меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын
ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды
көрсетіп, төмендегі үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: