Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет60/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

Сұрақтар мен тапсырмалар
(сыныпта, үй тапсырмасында қолданылады). 
5. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі неге қиял-ғажайып ертегісіне жатады? 
6. Ертегі арқылы халық нені айтпақ болған? 
7. Халық арманын қай жерден көруге болады? 
8. Өзіңе Кендебай ұнай ма? Әсіресе, қандай мінездері, іс-әрекеттері ұнайды? 
9. Кендебай арқылы халық нені армандаған, соны айтуға тырыс. 
10.Қалай ойлайсың, Керқұла ат болмаса, Кендебай Мерген батырды құтқара алар ма еді? 
10.Керқұла ат арқылы халық не айтпақшы болған? 
11.Екі ханға салыстырмалы мінездеме бер. Өзіңше қайсысы өте ұнамсыз, әділетсіз? 
12.Жетім  баланың  ертегідегі  орны  туралы  әңгімеле.  Қалай  ойлайсың,  егер  ол  бала 
Кендебайға кезікпесе, ертегі дәл қазіргідей қызықты болар ма еді? 
10. Ертегіні өзің ары қарай қалай жалғар едің? 
11. Кендебайға ұқсағыларың келе ме? Келсе, әсіресе, қай қасиетіне ұқсағың келеді? 
12. Ертегіден  ұйқасты  сөз  тіркестерін  тап.  Өзіңе  ұнаған  жаксы  сөз  болса,  дәптеріңе 
жазып ал. 
         5-сынып  оқулығында  бірнеше  ертегі  беріледі.  Оларды  оқып,  талдап  болған  соң, 
қорытынды сабақ ретінде салыстыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Мұндай жұмыс 
оқушылардың ертегілерді жанрлық жағынан бір-бірінен  ажырата  білулерін,  ортақ,  ұқсас 
мәселелерін,  үндестіктерін,  өзіндік  ерекшеліктерді  тереңірек  түсінуге  көмегін  тигізеді. 
Мұндай сабақты «Ертегіде қонақта» (сабақ үлгісін композициялық сабақ ретінде алуға болады) 
немесе  «Ертегі  кейіпкерлері  сыр  шертеді»  деген  тақырыптармен  өткізуге  болады.  Бірнеше 
ертегіден шағын көріністер көрсету (оқушылар өзі дайындайды), ертегіні ертекшіге бастату (оның 
рөлінде  де  оқушылар  болады),  ертегілер  бойынша  суреттер  салғызып  (қабілеттеріне  қарай), 
сабақта  оны  пайдалану  балалардың  әдебиетті  сүю,  халық  туындыларына  деген  құрметін, 
қызығушылығын арттырады. 
Халық  ертегілерімен  коса,  оқулықта  әдеби  ертегілерге  де  орын  берілген.  Әдеби 
ертегілерді оқытқанда, мына мәселелерге көңіл бөлу керек: 
- Әдеби ертегінің халық ертегісінен басты-басты айырмашылығы (авторының бар екені, 
кейде халық арасына тараған аңызға құрылатыны); 
5. Ұқсастық, үндестік жақтары; 
6. Көтеретін негізгі мәселелері; 
7. Көркем поэтикалық тілі; 
8. Ертегінің маңызы, тәрбиелік мәні. 
5-сыныпта  ақын  Ә.Тәжібаевтың  «Толағай»  ертегісі  берілген.  Ертегінің  оқиғасы 
қызықты,  оқуға  жеңіл  жазылған. Сол себептен де балаларға бағыт бере отырып, оны үйден 
оқуға тапсыруға болады. Балаларға ұсынылатын үлестірме-нұсқау көмектер: 
I бөлім  
 
- Ертегінің ел аузындағы аңызға жазылуы.  
І-шумақты қара:  
- Ертіс жағасындагы жұбайлар. Саржан  
«Бір әңгіме есімде  
мен Айсулу. Ұл туу.  
бар»...  


 
76 
- Жас бөбек Толағай. Оның сипаттары.  
ІІ-ІҮ шумақтар  
Жеті жасқа дейінгі өсуі, алыптар қатарына  
Ү-ҮІ-ҮII-ҮIII  
жетуі.  
шумақтарды оқы  
- Толағай аңда.  
ІХ-Х-ХІ шумақтар  
- Жем іздеген жолбарыс.  
XIII шумақ  
- Жолбарыстың Саржандарға  тап болуы.                 -
Саржанның Толағайды көмекке шақыруы  
ХІП-ХІҮ шумақтар 
 ХV-ХҮІ-ХҮII 
шумақтар 
 
 
- Толағайдың жолбарыспен шайқасы, оны  
ХҮІП-ХІХ-ХХ  
жеңуі  
шумақтар  
Пбөлім  
 
- Ел басына түскен қайғы.  
І-П шумақтар  
- Толағайдың да қайғыруы. Шешесімен  
ПІ-ІҮ-Ү шумақтар  
сырласуы.  
 
- Сапарға аттануы (Тарбағатайға).  
VI шумақ  
- Бір    шатқалды  көтеріп,    елге  бет бұруы.  
VII шумақ  
- Қиналу, сонда да тоқтамай, елге жетуі.  
VIII шумақ  
- Жаңбыр жауып, халықтың қуанышқа  
VIII шумақ  
кенелуі.  
 
- Сүрініп кету. Толағайдың мерт болуы.  
IX шумақ  
- Халық қайғысы, күңірену.  
X шумақ  
- Толағайдың тауға, аңызга айналуы,  
ХІ-ХІІ шумақтар  
халықтың ардақтауы  
 
Ертегі мазмұнына байланысты сыныпта қойылатын сұрақтар: 
1. Оқиға шамамен қашан, қай жерде болған? 
2. Толағай дүниеге қалай келді? 
3. 
Толағайдың өсіп-жетілуі, алып болып өсіп келе жатқаны қалай 
суреттелінген? 
4. Толағайдың алғашқы ерлігі туралы не айтасың? 
5. Жолбарыспен шайқасын толық мазмұндап бер. Ол неге жолбарысты «мысық» дейді? 
6. 
Толағай алыстағы Тарбағатай тауына не себепті аттанды? Анасынан не 
сұрап білді? 
7. 
Толағай 
қалай 
қаза 
тапты? 
Не 
үшін 
қаза 
тапты? 
Ертегіні  балалардың  қалай  түсінгенін  осындай  сұрақтармен  анықтап,  толықтырып, 
керекті жерінде мұғалім мәтінді пайдалана отырып, түсіндіріп, кей сұрақ-тапсырмаларды 
практикалық жұмыс арқылы, 
  ЯҒНИ 
оқулықпен жұмыс істей отырып орындап, ары қарай 
әдеби талдау жасауға көшу керек, онда да оқушыларды үнемі қатыстырып, ең  алдымен 
оларды тыңдап отырудың тиімділігі бар. 
Әдеби  талдау  сұрақтары  (оқушылардың  ойлау  белсенділігін  арттыру,  іздендіру 
мақсатындағы): 
1. Қалай ойлайсыңдар, Әбділдә аталарың осы ертегі арқылы не айтпақшы болған? 


 
77 
Ертегі негізінде кандай ой жатыр? 
2. Толағайға  мінездеме  бер.  Толағай  бейнесін  жасауда  ақын  қандай  бейнелі  сөздер, 
көркем тіл пайдаланған? 
3. Толағайдың  Кендебайға  ұксастыгы  бар  ма?  Қайсысы  өзіңе  көбірек  ұнайды?  Ұнау 
себебін түсіндір. 
4. Халық басына түскен ауыртпалық қайғы не себепті Толағайды да ойға түсіреді? 
5. Қалай  ойлайсыңдар,  ертегінің  қай  о қиғасы,  не  Толағайдың  қай  іс-әрекеттері 
шындыққа сәйкес? Қайсысы сәйкес емес, яғни ертегі аңызға сәйкес? 
6. Ақынның Толағайға деген сезімі, көңілі туралы не айтар едіңдер? 
7. Қалай ойлайсың, ақын Толағай тағдырын дұрыс шешкен бе? Өзің осы ертегіні қалай 
аяқтар едің? 
Ертегі құрылысы, тілі, көркемдік ерекшелігі көбіне  практикалық жұмыстар, яғни 
оқулықпен жұмыс арқылы  ашылады. 
Осы ертегіге қатысты мынадай практикалық жұмыстар орындатуға болады: 
1. 
Толағай және оның анасы Айсұлу портреттерінің жасалу жолдары. 
Ертегіден тауып оқу, теріп жазу (анасын сипаттайтын сөздерді). 
Бұл  жұмыстың  басты  мақсаты:  балаларда  теңеу,  эпитет  туралы  алғашқы  ұғым 
қалыптастыру. 
2. 
Толағай 
пішіні, 
өсіп, 
ер 
жетуі, 
батырлығы, 
алыптығын 
көрсетудегі ақын шеберлігі, көркем тәсілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет