78
С.Торайғыровтың «Қазақ кітаптары жайында» атты мақаласын, М.Дулатовтың
мақалаларын, эпистолярлық жанрдың бір түрі - естелік-мақалаларды, хаттарды ұсынуға
болады. Ғылыми мақалалардан Ш.Уәлиханов еңбектері бағдарламада көрсетілген.
Ал әдеби-
сын мақалаларды, әсіресе, М.Әуезовті (оның Абайтану ғылымының негізін салушы екенін)
Абай шығармаларын оқытқанда, қосымша материал ретінде ұсынып, оқытуға болады.
Сабақтың ғылымилығын арттыруда, білімді тереңдетіп беруде, әсіресе, сын-зерттеу
еңбектерінің орны ерекше. Хаттардың да маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр
шертеді, оқырман қауымға беймәлім мәселелерге назар аудартады, суреткердің жеке
өмірлері, қоғамдық іс-әрекеттері, көркем туындыларын қалай жазғаны, оған не
итермелегені, т.б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Мысалы, Алтынсариннің орыс
зиялыларына жазған хаттарынан оның білім беру, ағарту саласындағы ауыр өмірін, сол
жолдағы кедергілер, қуаныш-ренішін; Шоқанның орыс достарына жазған хаттарынан
оның дала тағыларымен күресі, патшалық самодержавие шенеуніктерінен көрген
әділетсіздігі, тіпті қала берсе,демократтық, ағартушылық, гуманистік бетбейнесі
туралы біле түсеміз.
Достарыңызбен бөлісу: