Анықталған және анықталмаған интеграл



бет2/8
Дата11.09.2022
өлшемі160,22 Kb.
#38815
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аны тал ан ж не аны талма ан интеграл

Функцияны интегралдау

  1. Анықталмаған интеграл

    1. Функцияның алғашқы бейнесі және анықталмаған интеграл

Есеп қарастырайық. f(x) функциясы берілсін: туындысы f(x) функциясына тең болатын F(x) функциясын табу керек, яғни F/(x)=f(x).
1-анықтама. Егер х[а,в] аралығында F/(x)=f(x) теңдігі орындалса, онда осы аралықта F(x) функциясы f(x) функциясы үшін алғашқы бей+несі деп аталады.
Мысал f(x)=х2 функциясының алғашқы бейнесін табу керек. Алғашқы бейненің анықтамасы бойынша F(x)= функциясы алғашқы бейне болады, себебі =х2.
Бұл функцияның алғашқы бейнесі бір мәнді болмайды, себебі F(x)=+1, F(x)=-7 немесе жалпы F(x)=+C (мұндағы С-ерікті тұрақты) функциясы да С-ның кез келген мәнінде f(x)=х2 функциясының алғашқы бейнесі болады, яғни ()/=x2.
Қорыта айтқанда, егер берілген f(x) функциясының алғашқы бейнесі F(x) болса, онда бұдан басқа алғашқы бейненің түрі F(x)+С болады. Бұл келесі теоремадан шығды.
Теорема. Егер f(x)функциясының алғашқы бейнелері бар болса, онда олардың айырымы тұрақты шамаға тең.
2-анықтама. Егер F(x) функциясы берілген f(x) функциясының алғашқы бейнесі болса, онда F(x)+С өрнегі f(x) фунциясының анықталмаған интегралы деп аталады және ∫f(x)dxсимволымен белгіленеді, яғни анықтама бойынша ∫f(x)dx =F(x)+С, мұндағы f(x)- интеграл астындағы функция, f(x)dx – интеграл астындағы өрнек, ∫- интеграл әдісі.
Берілген функцияның алғашқы бе+йнесін табу интегралдау амалы деп аталады.
Геометриялық тұрғыдан анықталмаған интеграл жазықтықта бір-бірінен айырымы тұрақты шама болатындай қисықтар жиынын көрсетеді. Бқл қисықтарды интегралдық қисықтар деп атайды.
Мысалы, f/(x)=2x және f(2)=5болса, онда , f/(x) функциясын табыңыз.
Шешуі: f/(x)==2x . Бұдан dy=2x*dx
∫dy=∫2x*dx , онда y=x2+C болады. y=f(x)=x2+C онда C=1 шығады. Ендеше f(x)=x2+1 болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет