ЕСЕБІ 28.11.14
Сабақтың тақырыбы. Конус тақырыбына есептер шығару ..
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға конус және олардың элементтері туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын және конустың көлемін табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу;
Сабақтың типі:Есеп шығару практикалық сабағы.
Сабаққа барлығы 19 оқушы қатысты. Сабақтың мақсаты айтылды. Сабақта жеті модульді ықпалдастыра отырып,оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту. Оқушыларды 3 топқа бөлдім. Сабақты шаттық шенберін ұйымдастырудан бастадым. Топ басшыларына бағалау критерииі жазылған бағалау парағын бердім, критери бойынша бірін бірі бағалайды .Үй тапсырмасы тексерілді.
Тақтадан слайд арқылы қайталау жүргізілді.
1. «Кім білгір?» (Үй тапсырмасын тексеру, яғни үйге берілген есеп тақтаға шығарылады. Сұрақ – жауап арқылы)
3 топқа денгейлік тапсырмалар берілді, есептер беріліп шығарылды. Оқушылар сабақ арасында сергіту сәтіне ребустар шешті Оқулықпен жұмыс , топтық жұмыстар жеке оқушымен жұмыстар жүргізілді. Тақтаға есептер шығарылды. Сабақты қорыту үшін тест тапсырмасын алдым. Оны оқушылар жақсы деңгейде орындады, топ басшылары тексерді бірін бірі бағалады. Сабақты бекіту мақсатында «Ойланайық, кім ойшыл» сөзжұмбақтар шешті.
Сабақ сонында бағалау критериі бойынша оқушылар бағаланды .
Үй тапсырмасы берілді.
Математика пән мұғалімі Қабланбекова Айгул
Достарыңызбен бөлісу: |